Қандастар Ассамблея

«Қазақстан» атауын «Қазақ елі» деп өзгерту ұсынылды

28.03.2013 2675
Блогер, актер, тележүргізуші Диас Әзімжанов «Қазақстан» атауын «Қазақ елі» деп өзгертуді ұсынды. Бұл туралы tengrinews.kz мәлімдеп отыр.   Жақында танымал блогер OnlinePetition.Kz сайтында еліміздің атауын өзгерту туралы ұсыныс айтып, петиция жариялаған болатын.  «Еліміздің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасағым келеді. Яғни, «стан» деген жалғауды алып тастау  қажет деп есептеймін. Қазақ елі (Республикасы), Қазақ Ордасы деген әлде-қайда жағымды естіледі емес пе?!»,-деді блоггер желі қолданушыларына қаратып.    Идея авторы ел атауын өзгерту, біріншіден, мемлекеттің имиджін жақсартуға септігін тигізетінін алға тартты. Сондай-ақ, жаңа атау елімізге келуші туристердің санын өсіріп, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне қолайлы жағдай тудыратынын айтты.    «Бізді Пәкістан және Ауғанстанмен шатастырып жататынын өз көзіммен көріп, құлағыммен естідім. Кейбір шетелдік азаматтар еліміз бен жоғарыда аталған елдердің саяси ахуалында да айырмашылық жоқ деп есептейді. Әлем ареналарында қанша жетістіктерге қол жеткізіп, еліміз туралы қанша имидждік жарнамалар түсірілсе де, Пәкістан, Ауғанстан елдерімен атауларымыздың ұйқастығы Отанымыздың абыройын одан әрі асқақтата қоймас деп ойлаймын»,-деп түсіндірді Әзімжанов.    Сөз соңында блогер жоғарыда аталған елдерге және Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне көз-қарасының түзу екенін айтып, ағынан жарылды.    BAQ.KZ.  

Блогер, актер, тележүргізуші Диас Әзімжанов «Қазақстан» атауын «Қазақ елі» деп өзгертуді ұсынды. Бұл туралы tengrinews.kz мәлімдеп отыр.  

Жақында танымал блогер OnlinePetition.Kz сайтында еліміздің атауын өзгерту туралы ұсыныс айтып, петиция жариялаған болатын. 

«Еліміздің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасағым келеді. Яғни, «стан» деген жалғауды алып тастау  қажет деп есептеймін. Қазақ елі (Республикасы), Қазақ Ордасы деген әлде-қайда жағымды естіледі емес пе?!»,-деді блоггер желі қолданушыларына қаратып. 

 

Идея авторы ел атауын өзгерту, біріншіден, мемлекеттің имиджін жақсартуға септігін тигізетінін алға тартты. Сондай-ақ, жаңа атау елімізге келуші туристердің санын өсіріп, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне қолайлы жағдай тудыратынын айтты. 
 

«Бізді Пәкістан және Ауғанстанмен шатастырып жататынын өз көзіммен көріп, құлағыммен естідім. Кейбір шетелдік азаматтар еліміз бен жоғарыда аталған елдердің саяси ахуалында да айырмашылық жоқ деп есептейді. Әлем ареналарында қанша жетістіктерге қол жеткізіп, еліміз туралы қанша имидждік жарнамалар түсірілсе де, Пәкістан, Ауғанстан елдерімен атауларымыздың ұйқастығы Отанымыздың абыройын одан әрі асқақтата қоймас деп ойлаймын»,-деп түсіндірді Әзімжанов. 
 

Сөз соңында блогер жоғарыда аталған елдерге және Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне көз-қарасының түзу екенін айтып, ағынан жарылды. 
 

BAQ.KZ.

 

Ұқсас материалдар