Қандастар Ассамблея

Ақмешіт неге астана мәртебесіне лайықсыз болды?

28.03.2013 2984
  Орынбордан Ақмешітке көшу жөнінде мына қарар қабылданды. Бұнда былай деп жазылған: Үкімет қарары Қазақстан Республикасының астанасы Ақмешітте болу туралы Қазақстан орталығы қайда болуы Республикамыз құрылған күннен бері Үкімет шешуін күтіп келе жатқан мәселе еді. Уақытша қаланған Орынбор дәл астана болуға лайық есім еді. Бұл тек Қазақстанның солтүстік-күнбатыс жағының, онда да халқының бәрі орыс дерлік жағының орталығы болып келді. Іргелі халқы қазақ болған жерлерден Орынбор (жүздеген, мыңдаған шақырым) қиыр шетте жатты. Мұндай алыстық кей кезде жол бұзылу себепті (өзендер тасығанда, тағы сондай реттерде) Орынбор Қазақстанның іргелі тұрғын елдерінен бөлініп те қалып жүрді.                 Орта Азия жұрттары ұлт жігімен ажыраса бастаған кезден кейін, бұрынғы Түркістан Республикасынан шыққан қазақ елдері Қазақ Республикасына қосылып, тұтас бір мемлекет құрылғаннан кейін Орынбор астаналыққа бұрынғыдан да жарамсыз болып қалды.                 Орынборда отырып Қазақ Үкіметі еңбекші қазақ жұртының көпшілігі арасындағы кеңес жұмыстарына жақыннан басшылық етуі, Қазақстанның іргелі елдерін шаруашылық, мәдениет жолында ілгері бастыруға төтесінен жетекші болуы мүмкін болмай қалды.                 Осындай себептермен Қазақстан Республикасының Орталық Кеңес Комитеті президумы Қазақстан орталығын Орынбордан Сырдария губернесінің Ақмешіт қаласына көшіруді лайық көріп, 9 ақпанда қарар шығарды.                 Бұл қарарды іске асыру жағы Қазақстанның халық кемесерлері кеңесіне тапсырылды. КирЦИК ағасының орынбасары Байсалықұлы. КирЦИК хатшысы Исаұлы. Қызылорда (Ақмешіт) қазақ елінің бұрынғы астаналары Сығанақ пен Түркістан орналасқан аумақта болды. Қала Орынбор – Ташкент темір жолының бойында орналасқанына қарамастан, көлік жолдарының жеткіліксіздігі салдарынан астана мәртебесіне лайық болмай шықты. Сонымен, екі жыл Қызылорданы мекендеген орталықты қайта көшіру туралы қаулы қабылданды. Бұнда мынадай мазмұн қамтылған:   Жалпы Қазақстанның 6-кеңестер съезінің  ағасы – Ерназарұлы Елтай. Съез хатшысы – Аралбайұлы Бек-Айдар. Қазақстанның астанасын белгілеу тақырыбы Қазақстанның астанасын белгілеу туралы Нұрмақұлы Нығымет жолдастың хабарын тыңдағаннан кейін, жалпы Қазақстанның 6-кеңестер съезі қаулы қылады: Қазақстанның орталығын Қызылордадан Алматы қаласына көшіру тақырыбы Қазақстан орталық кеңес комитеті халық кемесерлері кеңесінің 1927 жылғы наурыздың 3-індегі қаулысы бекітілсін. Жалпы Қазақстанның 6-кеңестер съезінің ағасы – Ерназарұлы Елтай Съез хатшысы Аралбайұлы Бек-Айдар 1927 жылы 3 сәуірде Советтердің бүкілқазақстандық 6-съезі Қазақстан астанасын Алматыға ауыстыру туралы ҚАССР ОАК мен Халкомсовының қаулысы бекітілді. Бұл қаулы 1929 жылы ғана жүзеге асып, ел астанасы Алматыға көшірілді. Алматы қаласының республика астанасына айналуының зор маңызы бар. Өйткені ол тарихи, ғылыми, мәдени орталыққа айналды. Сонымен қатар, қаланың Орта Азия астаналарына және ірі қалаларына қатынайтын қолайлы көлік қатынасы да болды. Осының әсерінен қала күннен-күнге қуаттанып, өркениеттің орталығына, қазақтың рухани бесігіне айналды. Дереккөзі: «Түгел» баспасөз клубы

 

Орынбордан Ақмешітке көшу жөнінде мына қарар қабылданды. Бұнда былай деп жазылған:

Үкімет қарары

Қазақстан Республикасының астанасы Ақмешітте болу туралы

Қазақстан орталығы қайда болуы Республикамыз құрылған күннен бері Үкімет шешуін күтіп келе жатқан мәселе еді. Уақытша қаланған Орынбор дәл астана болуға лайық есім еді. Бұл тек Қазақстанның солтүстік-күнбатыс жағының, онда да халқының бәрі орыс дерлік жағының орталығы болып келді. Іргелі халқы қазақ болған жерлерден Орынбор (жүздеген, мыңдаған шақырым) қиыр шетте жатты. Мұндай алыстық кей кезде жол бұзылу себепті (өзендер тасығанда, тағы сондай реттерде) Орынбор Қазақстанның іргелі тұрғын елдерінен бөлініп те қалып жүрді.

                Орта Азия жұрттары ұлт жігімен ажыраса бастаған кезден кейін, бұрынғы Түркістан Республикасынан шыққан қазақ елдері Қазақ Республикасына қосылып, тұтас бір мемлекет құрылғаннан кейін Орынбор астаналыққа бұрынғыдан да жарамсыз болып қалды.

                Орынборда отырып Қазақ Үкіметі еңбекші қазақ жұртының көпшілігі арасындағы кеңес жұмыстарына жақыннан басшылық етуі, Қазақстанның іргелі елдерін шаруашылық, мәдениет жолында ілгері бастыруға төтесінен жетекші болуы мүмкін болмай қалды.

                Осындай себептермен Қазақстан Республикасының Орталық Кеңес Комитеті президумы Қазақстан орталығын Орынбордан Сырдария губернесінің Ақмешіт қаласына көшіруді лайық көріп, 9 ақпанда қарар шығарды.

                Бұл қарарды іске асыру жағы Қазақстанның халық кемесерлері кеңесіне тапсырылды.

КирЦИК ағасының орынбасары Байсалықұлы.
КирЦИК хатшысы Исаұлы
.

Қызылорда (Ақмешіт) қазақ елінің бұрынғы астаналары Сығанақ пен Түркістан орналасқан аумақта болды. Қала Орынбор – Ташкент темір жолының бойында орналасқанына қарамастан, көлік жолдарының жеткіліксіздігі салдарынан астана мәртебесіне лайық болмай шықты. Сонымен, екі жыл Қызылорданы мекендеген орталықты қайта көшіру туралы қаулы қабылданды.

Бұнда мынадай мазмұн қамтылған:

 

Жалпы Қазақстанның 6-кеңестер съезінің

 ағасы – Ерназарұлы Елтай.

Съез хатшысы – Аралбайұлы Бек-Айдар.

Қазақстанның астанасын белгілеу тақырыбы

Қазақстанның астанасын белгілеу туралы Нұрмақұлы Нығымет жолдастың хабарын тыңдағаннан кейін, жалпы Қазақстанның 6-кеңестер съезі қаулы қылады:

Қазақстанның орталығын Қызылордадан Алматы қаласына көшіру тақырыбы Қазақстан орталық кеңес комитеті халық кемесерлері кеңесінің 1927 жылғы наурыздың 3-індегі қаулысы бекітілсін.

Жалпы Қазақстанның 6-кеңестер съезінің
ағасы – Ерназарұлы Елтай
Съез хатшысы Аралбайұлы Бек-Айдар

1927 жылы 3 сәуірде Советтердің бүкілқазақстандық 6-съезі Қазақстан астанасын Алматыға ауыстыру туралы ҚАССР ОАК мен Халкомсовының қаулысы бекітілді. Бұл қаулы 1929 жылы ғана жүзеге асып, ел астанасы Алматыға көшірілді. Алматы қаласының республика астанасына айналуының зор маңызы бар. Өйткені ол тарихи, ғылыми, мәдени орталыққа айналды. Сонымен қатар, қаланың Орта Азия астаналарына және ірі қалаларына қатынайтын қолайлы көлік қатынасы да болды. Осының әсерінен қала күннен-күнге қуаттанып, өркениеттің орталығына, қазақтың рухани бесігіне айналды.

Дереккөзі: «Түгел» баспасөз клубы

Ұқсас материалдар