Қандастар Ассамблея

Халық сотының құрылуы

28.03.2013 3589
  Арал қаласының іргесі 1905 жылы Алтықұдық деп аталған кішкене қыстақ негізінде қаланған. Сыр-Дария губисполкомының 19.05.1927 жылғы № 24 қаулысы негізінде, Арал аудандық атқару комитетінің төрағасы Медетбаевтың 01.10.1927 жылғы № 142 санды бұйрығымен Арал теңізі қыстағына (поселек) Арал қаласы деген атау берілді. 1997 жылғы санақ бойынша тұрғындары 30,9 мың адам. Арал ауданының құрылуына байланысты 15 қаңтар 1938 жылы Арал аудандық халық соты өз жұмысын бастады. Арал аудандық атқару кешенінің мәжілісінде аудандық соттың бюджетін қарап бекітті. Сол уақытта ауданда бір-біріне тәуелсіз екі учаскелік халық соты қызмет атқарды және Ақтөбе облысы Арал аудандық халық соты деп аталды. Осы учаскелік соттарда бір судья қызмет атқарды. 1937 жылы Ақтөбе облысы Арал ауданы № 2 учаскелік халық сотында Красюков төрағалық етті. 1939 жылы Арал ауданы № 2 учаскелік халық сотында Веркулов төрағалық етті. №1 учаскелік халық соты жөнінде мәліметтер анықталмады. 1941 жылы Арал ауданы халық сотында А.Есіркепов төрағалық етті. 1942 жылы Арал ауданы халық сотында И.В.Пак төрағалық етті. 1948-1949 жылдары Арал ауданы халық сотында Есіркепов Сүлеймен төрағалық етті. 1950-1952 жылдары Арал ауданы халық сотында Алданов төрағалық етті. 1953 жылы Арал ауданы халық сотында Ықпал Қабыланова судья болды, одан кейін ол кісі Қызылорда қалалық сотына ауысқан. 1957-1963 жылдары Арал ауданы халық сотында Шарапат Умиртаев төрағалық етті. 1963-1974 жылдар аралығында Арал аудандық халық сотының төрағасы Асауов Қыпшақбай деген азамат болды. Қ.Асауов 1912 жылы Арал ауданында дүниеге келген. 1974 жылы облыстық адвокаттар алқасының төрағасы қызметіне ауысты. 1964-1966 жылдар аралығында Арал аудандық халық сотының судьясы болып Жайсаңбаев Көшекқызмет істеп, Қызылорда облыстық сотында судья болып қызмет атқарды. Сол уақытта Тлеубаев Жақсылық Арал аудандық халық сотының судьясы қызметін атқарды. Тлеубаев Жақсылық 1 қаңтар 1930 жылы Арал ауданы Сайғонды ауылдық кеңесінде дүниеге келді. 1936 жылы Т.Щевченко атындағы орта мектепте оқып, 1947 жылы аудандық халыққа білім беру бөлімінің бұйрығымен Сазды ауылдық кеңесіндегі жеті жылдық білім беретін мектепте 1947 жылғы оқу жылының аяғына дейін мұғалім болып қызмет атқарды. 1947 жылдың қыркүйек айынан 1950 жылға дейін Көктем бастауыш мектебінде меңгерушілік қызмет атқарды. 1950 жылдың тамыз айында Алматы Мемлекеттік Заң Институтына оқуға түсіп, 1954 жылы бітірді. 1954 жылы Жалағаш ауданының халық сотының судьясы болып сайланып, 1960 жылдың аяғына дейін жұмыс істеді. 1960 жылдың желтоқсан айында Қармақшы аудандық халық сотының судьясы болып сайланды. Қармақшы ауданы мен Жалағаш ауданы бір әкімшілік аудан болып біріккен уақытта 1962 жылдан 1965 жылдың басына дейін ауданның аға халық соты болып қызмет атқарды. 1965 жылдың желтоқсан айында Арал ауданының халық соты болып сайланып, 1974 жылдың шілде айында осы халық сотының төрағасы болып бекітіліп,1976 жылы қайтыс болам дегенше қызмет атқарған. Дереккөзі: Арал аудандық соты

 

Арал қаласының іргесі 1905 жылы Алтықұдық деп аталған кішкене қыстақ негізінде қаланған. Сыр-Дария губисполкомының 19.05.1927 жылғы № 24 қаулысы негізінде, Арал аудандық атқару комитетінің төрағасы Медетбаевтың 01.10.1927 жылғы № 142 санды бұйрығымен Арал теңізі қыстағына (поселек) Арал қаласы деген атау берілді. 1997 жылғы санақ бойынша тұрғындары 30,9 мың адам.

Арал ауданының құрылуына байланысты 15 қаңтар 1938 жылы Арал аудандық халық соты өз жұмысын бастады. Арал аудандық атқару кешенінің мәжілісінде аудандық соттың бюджетін қарап бекітті.

Сол уақытта ауданда бір-біріне тәуелсіз екі учаскелік халық соты қызмет атқарды және Ақтөбе облысы Арал аудандық халық соты деп аталды. Осы учаскелік соттарда бір судья қызмет атқарды.

1937 жылы Ақтөбе облысы Арал ауданы № 2 учаскелік халық сотында Красюков төрағалық етті.

1939 жылы Арал ауданы № 2 учаскелік халық сотында Веркулов төрағалық етті.

№1 учаскелік халық соты жөнінде мәліметтер анықталмады.

1941 жылы Арал ауданы халық сотында А.Есіркепов төрағалық етті.

1942 жылы Арал ауданы халық сотында И.В.Пак төрағалық етті.

1948-1949 жылдары Арал ауданы халық сотында Есіркепов Сүлеймен төрағалық етті.

1950-1952 жылдары Арал ауданы халық сотында Алданов төрағалық етті.

1953 жылы Арал ауданы халық сотында Ықпал Қабыланова судья болды, одан кейін ол кісі Қызылорда қалалық сотына ауысқан.

1957-1963 жылдары Арал ауданы халық сотында Шарапат Умиртаев төрағалық етті.

1963-1974 жылдар аралығында Арал аудандық халық сотының төрағасы Асауов Қыпшақбай деген азамат болды. Қ.Асауов 1912 жылы Арал ауданында дүниеге келген. 1974 жылы облыстық адвокаттар алқасының төрағасы қызметіне ауысты.

1964-1966 жылдар аралығында Арал аудандық халық сотының судьясы болып Жайсаңбаев Көшекқызмет істеп, Қызылорда облыстық сотында судья болып қызмет атқарды.

Сол уақытта Тлеубаев Жақсылық Арал аудандық халық сотының судьясы қызметін атқарды.

Тлеубаев Жақсылық 1 қаңтар 1930 жылы Арал ауданы Сайғонды ауылдық кеңесінде дүниеге келді. 1936 жылы Т.Щевченко атындағы орта мектепте оқып, 1947 жылы аудандық халыққа білім беру бөлімінің бұйрығымен Сазды ауылдық кеңесіндегі жеті жылдық білім беретін мектепте 1947 жылғы оқу жылының аяғына дейін мұғалім болып қызмет атқарды. 1947 жылдың қыркүйек айынан 1950 жылға дейін Көктем бастауыш мектебінде меңгерушілік қызмет атқарды. 1950 жылдың тамыз айында Алматы Мемлекеттік Заң Институтына оқуға түсіп, 1954 жылы бітірді. 1954 жылы Жалағаш ауданының халық сотының судьясы болып сайланып, 1960 жылдың аяғына дейін жұмыс істеді. 1960 жылдың желтоқсан айында Қармақшы аудандық халық сотының судьясы болып сайланды. Қармақшы ауданы мен Жалағаш ауданы бір әкімшілік аудан болып біріккен уақытта 1962 жылдан 1965 жылдың басына дейін ауданның аға халық соты болып қызмет атқарды. 1965 жылдың желтоқсан айында Арал ауданының халық соты болып сайланып, 1974 жылдың шілде айында осы халық сотының төрағасы болып бекітіліп,1976 жылы қайтыс болам дегенше қызмет атқарған.

Дереккөзі: Арал аудандық соты

Ұқсас материалдар