Қандастар Ассамблея

Барак Обаманың Таяу Шығысқа іссапары екіұшты ойға қалдырды

27.03.2013 1979
АҚШ президенті Барак Обаманың Таяу Шығысқа барған 4 күндік іссапары нәтижесіз болған жоқ.  Обама іссапардың елеулі бөлігін Израильде өткізіп, елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бірнеше рет кездесті. Бұл кездесулердің нәтижесі 2010 жылы Газа секторына гуманитарлық жүк жеткізген түрік флотилиясына қарсы израильдық қауіпсіздік күштерінің операциясы кезінде «адамдардың өліміне себепкер болған кез-келген қателіктері үшін» Биньямин Нетаньяхудың Түркиядан кешірім сұрауымен аяқталды. Израиль премьер-министрі аталған операция кезінде қаза тапқан тоғыз түрік белсенділерінің отбасыларына өтемақы төлеуге уәде берді. Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоган бұл кешірімді «түрік халқы үшін» қабыл алды. Сөйтіп, Обама 2010 жылдан бері үзіліп қалған Израил мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіруге қатысты. Сондай-ақ Обама Палестина көсемі Махмуд Аббаспен кездесу үшін автономияның әкімшілік астанасы Рамаллаға барды. АҚШ президенті Палестина аумағына Израиль қоныстары құрылыстарын салуды тоқтатуға байланысты палестиндіктердің бейбіт келіссөздер жүргізу үшін қойған шарттарынан бас тартуға шақырды. Бірақ, Аббастың баспасөз қызметі хабарлағандай, палестидіктердің шарты өзгеріссіз қалатын болды.  23 наурыз күні Барак Обама Иордания королі II-Абдалламен кездесу барысында Конгрестен Иорданиядағы сириялық босқындарды орналастыру үшін көмек ретінде қосымша 200 млн доллар сұрайтынын жеткізді. Өйткені, босқындардың шамадан тыс көптеп келуі бұл елді гуманитарлық дағдарысқа ұшыратуы мүмкін. «Иордан халқы босқындарды қабылдап өте кеңпейілділік танытып отыр, бірақ олардың санының көптігі әлеуметтік шиеліністі тудырмай қоймайды»,- деді Обама. Сондай-ақ ол осы қысылтаяң жағдайда әлем қауымдастығы Иорданияға көмектесуі керектігін атап өтті. Өңірдің басқа мемлекеттерімен салыстырғанда, сириялық босқындардың көпшілігін Иордания қабылдап отыр. Қазір мұнда 460 мың сириялық кіріп кеткен. Ол жалпы мемлекет халқының 10%-ын құрайды. II-Абдалла бұл сан жыл аяғына дейін екі есеге өсіп, Иорданияға аса үлкен қиындық туғызатындығын айтты. Алайда, оның ел экономикасына зор жүктеме түсіретініне қарамастан, II-Абдалла шекараны жаппайтынын мәлімдеді. BAQ.KZ.    

АҚШ президенті Барак Обаманың Таяу Шығысқа барған 4 күндік іссапары нәтижесіз болған жоқ. 

Обама іссапардың елеулі бөлігін Израильде өткізіп, елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бірнеше рет кездесті. Бұл кездесулердің нәтижесі 2010 жылы Газа секторына гуманитарлық жүк жеткізген түрік флотилиясына қарсы израильдық қауіпсіздік күштерінің операциясы кезінде «адамдардың өліміне себепкер болған кез-келген қателіктері үшін» Биньямин Нетаньяхудың Түркиядан кешірім сұрауымен аяқталды. Израиль премьер-министрі аталған операция кезінде қаза тапқан тоғыз түрік белсенділерінің отбасыларына өтемақы төлеуге уәде берді. Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоган бұл кешірімді «түрік халқы үшін» қабыл алды. Сөйтіп, Обама 2010 жылдан бері үзіліп қалған Израил мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіруге қатысты.

Сондай-ақ Обама Палестина көсемі Махмуд Аббаспен кездесу үшін автономияның әкімшілік астанасы Рамаллаға барды. АҚШ президенті Палестина аумағына Израиль қоныстары құрылыстарын салуды тоқтатуға байланысты палестиндіктердің бейбіт келіссөздер жүргізу үшін қойған шарттарынан бас тартуға шақырды. Бірақ, Аббастың баспасөз қызметі хабарлағандай, палестидіктердің шарты өзгеріссіз қалатын болды. 
23 наурыз күні Барак Обама Иордания королі II-Абдалламен кездесу барысында Конгрестен Иорданиядағы сириялық босқындарды орналастыру үшін көмек ретінде қосымша 200 млн доллар сұрайтынын жеткізді. Өйткені, босқындардың шамадан тыс көптеп келуі бұл елді гуманитарлық дағдарысқа ұшыратуы мүмкін. «Иордан халқы босқындарды қабылдап өте кеңпейілділік танытып отыр, бірақ олардың санының көптігі әлеуметтік шиеліністі тудырмай қоймайды»,- деді Обама. Сондай-ақ ол осы қысылтаяң жағдайда әлем қауымдастығы Иорданияға көмектесуі керектігін атап өтті.
Өңірдің басқа мемлекеттерімен салыстырғанда, сириялық босқындардың көпшілігін Иордания қабылдап отыр. Қазір мұнда 460 мың сириялық кіріп кеткен. Ол жалпы мемлекет халқының 10%-ын құрайды. II-Абдалла бұл сан жыл аяғына дейін екі есеге өсіп, Иорданияға аса үлкен қиындық туғызатындығын айтты. Алайда, оның ел экономикасына зор жүктеме түсіретініне қарамастан, II-Абдалла шекараны жаппайтынын мәлімдеді.

BAQ.KZ.

 

 

Ұқсас материалдар