Қандастар Ассамблея

Мұражайдың ашылу кезеңі

27.03.2013 3465
  1967 жылы Қазалы қаласындағы М. Горький атындағы кітапханада Ғани Мұратбаевтың 65 жылдығы құрметіне мүйіс – көрме ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастыруға кітапхана оқырмандары, Ғани Мұратбаев атындағы № 17 мектептің білікті мұғалімдері: Мықтыбай Жанұзақов пен Бейбітәлі Құлсейітов, кітапхана меңгерушісі Сейілхан Төлегенов пен кітапханашы Жәкеш Төлеповалар ұйтқы болды. 1968 жылы 7 қарашада Қазалы аудандық Кеңесі атқару комитетінің шешімімен кітапханадағы мүйіс негізінде Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қызметіне арналған революциялық-мемориалдық музей ашылды. Үш бөлмедегі экспозицияға 200 жәдігер орналастырылды. Үш жұмысшы-қызметкер болды (директор, бақылаушы және күзетші). Жер көлемі – 150 шаршы метр. Музейге Кеңес өкіметі орнаған жылдары бірінші сайланған Еңбекшілер депутаттары Қазалы қалалық Кеңесінің кеңсесі орналасқан ғимарат берілді. Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сібірден әкелінген ағаш бөренелерден тұрғызылған орыс саудагерінің үйі болатын. 1977 жылы Ғани Мұратбаевтың 75 жылдық мерейтойы аудан орталығындағы В. И. Ленин атындағы теміржолшылар клубында салтанатты жағдайда аталып өтті. Мерейтойға Ғанидың серіктесі, белгілі қоғам қайраткері Сара Есова, филология ғылымдарының докторы, Қызылорда педагогикалық институтының профессоры Әуелбек Қоңыратбаев, комсомол ардагері Төлеген Дәуітбаев, облыстық партия комитеті насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі А. Дәулетов, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті насихат және мәдени-бұқаралық жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары Б. Ақбаев, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы А. Бапалақов облыстық «Ленин жолы» газетінің редакторы Қ. Әбенов, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ж. Үмбетов, халық ақыны Манап Көкенов қатысты. Салтанатқа қатысушылар Ғани музейінде болды. 1979 жылдан бастап музей облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде жұмыс істеді. 1981 жылы Қазақ ССР-і Мәдениет Министрлігінің 30 сәуірдегі №121, халық депутаттары облыстық Кеңесі атқару комитетінің 13 мамырдағы № 261 шешімдерімен және Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының 19 маусымдағы №107 бұйрығымен дербес музей болып қайта құрылды. Ғанидың 80 жылдығы қарсаңында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, қосымша құрылыс салынды. Жер көлемі 513 шаршы метрге кеңейтілді.Жұмысшы-қызметкерлердің саны 9 штаттық бірлікке көбейтілді. Тақырыптық жоспарға сәйкес «Казмузейреставрация» мекемесімен жасалған келісім-шарт бойынша реэкспозициялық жұмыстар жүргізілді. Музей қызметкерлері Мәскеу, Ташкент, Орынбор, Алматы қаласындағы және облыс орталығындағы мұрағаттармен, кітапханалармен байланыс жасап, Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қызметі жәйлі жаңа деректер, аудан тарихына байланысты материалдар жинақтады. Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігінің сайты

 

1967 жылы Қазалы қаласындағы М. Горький атындағы кітапханада Ғани Мұратбаевтың 65 жылдығы құрметіне мүйіс – көрме ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастыруға кітапхана оқырмандары, Ғани Мұратбаев атындағы № 17 мектептің білікті мұғалімдері: Мықтыбай Жанұзақов пен Бейбітәлі Құлсейітов, кітапхана меңгерушісі Сейілхан Төлегенов пен кітапханашы Жәкеш Төлеповалар ұйтқы болды.

1968 жылы 7 қарашада Қазалы аудандық Кеңесі атқару комитетінің шешімімен кітапханадағы мүйіс негізінде Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қызметіне арналған революциялық-мемориалдық музей ашылды. Үш бөлмедегі экспозицияға 200 жәдігер орналастырылды. Үш жұмысшы-қызметкер болды (директор, бақылаушы және күзетші). Жер көлемі – 150 шаршы метр. Музейге Кеңес өкіметі орнаған жылдары бірінші сайланған Еңбекшілер депутаттары Қазалы қалалық Кеңесінің кеңсесі орналасқан ғимарат берілді. Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сібірден әкелінген ағаш бөренелерден тұрғызылған орыс саудагерінің үйі болатын.
1977 жылы Ғани Мұратбаевтың 75 жылдық мерейтойы аудан орталығындағы В. И. Ленин атындағы теміржолшылар клубында салтанатты жағдайда аталып өтті. Мерейтойға Ғанидың серіктесі, белгілі қоғам қайраткері Сара Есова, филология ғылымдарының докторы, Қызылорда педагогикалық институтының профессоры Әуелбек Қоңыратбаев, комсомол ардагері Төлеген Дәуітбаев, облыстық партия комитеті насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі А. Дәулетов, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті насихат және мәдени-бұқаралық жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары Б. Ақбаев, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы А. Бапалақов облыстық «Ленин жолы» газетінің редакторы Қ. Әбенов, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ж. Үмбетов, халық ақыны Манап Көкенов қатысты. Салтанатқа қатысушылар Ғани музейінде болды.

1979 жылдан бастап музей облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде жұмыс істеді. 1981 жылы Қазақ ССР-і Мәдениет Министрлігінің 30 сәуірдегі №121, халық депутаттары облыстық Кеңесі атқару комитетінің 13 мамырдағы № 261 шешімдерімен және Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының 19 маусымдағы №107 бұйрығымен дербес музей болып қайта құрылды. Ғанидың 80 жылдығы қарсаңында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, қосымша құрылыс салынды. Жер көлемі 513 шаршы метрге кеңейтілді.Жұмысшы-қызметкерлердің саны 9 штаттық бірлікке көбейтілді. Тақырыптық жоспарға сәйкес «Казмузейреставрация» мекемесімен жасалған келісім-шарт бойынша реэкспозициялық жұмыстар жүргізілді. Музей қызметкерлері Мәскеу, Ташкент, Орынбор, Алматы қаласындағы және облыс орталығындағы мұрағаттармен, кітапханалармен байланыс жасап, Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қызметі жәйлі жаңа деректер, аудан тарихына байланысты материалдар жинақтады.

Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігінің сайты

Ұқсас материалдар