Қандастар Ассамблея

Қайта құрылу кезеңі

27.03.2013 4193
  1930 жылдың 17 желтоқсанында Қызылорда округінің таратылуы негізінде Аламесек ауданы Қызылорда ауданына қосылды. 1932 жылдың 20 ақпанында құрамында 19 ауданы бар Оңтүстік Қазақстан облысы құрылады. Ондағы 19 ауданның алтауы тараған Қызылорда округіне қарасты аудандар болатын. Ал 1936 жылдың 29 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысы құрамындағы Қарсақпай ауданы Қарағанды облысына берілді.1 1934 жылдың тамыз айында  Қазақ АССР-ы  Орталық Атқару Комитетінің   қаулысымен  Тереңөзек ауданы таратылып, оның территориясы Қармақшы мен Қызылорда аудандарына берілді. 1936 жылы Қазақ АССР- нің Қазақстан Советтік Социалистік Республикасы болып қайта құрылуы барлық қоғамдық, кәсіподақ және шаруашылық құрылымдарын  соған сәйкес өзгертуді талап етті. Қазақстанда халық шаруашылығы салаларына  басшылық жасауды жақсарту, жетілдіру мақсатында 1938-1939 жылдары 6 облыс, 21 аудан, 3 қала құрылды. 1938 жылдың 15 қаңтарында бұрын аудан құқында  Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында болған Қызылорда  жаңадан облыс болып құрылды. Қызылорда облысының құрамында 7 аудан: Арал, Қазалы, Қармақшы, Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандары болды. Қызылорда облысының орталығы – Қызылорда қаласы болды. 1938 жылдың 15 қаңтарында Тереңөзек ауданы құрылады.3 1938 жылдың 8 тамыздағы Қазақ ССР Жоғарғы  Кеңесінің Қызылорда облыстық ұйымдастыру комитетінің президиумы отырысының №38 хаттамасының қаулысына сәйкес Тереңөзек ауданының құрамына төмендегідей  ауылдық Кеңестер:  Тереңөзек, Қызылөзек, Көкжиде, Бесөзек, Жаңаауыл,  Жәдігер, Ақжарма, Шіркейлі, Қызыл ту, Далакөл, Аламесек, Бірінші май, Калинин, Ақбойдақ, Құндызды, Еңбекші, Шолақарық, Мәдениет – барлығы 18 ауылдық Кеңес енді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі президумының 21 қазан 1939 жылғы №56 қаулысы бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 17 қазан 1939 жылы құрылған Жалағаш ауданына  Еңбекші, Мәдениет, Калинин, Бірінші май ауылдық Кеңестері беріледі. Сонда 1939 жылы Тереңөзек ауданында 14 ауылдық Кеңес болған. 1963 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1964 жылдарға дейін  Қызылорда облысы «Оңтүстік Қазақстан            аймағы»  құрамында болуына байланысты Арал, Жалағаш, Тереңөзек, Жаңақорған аудандары таратылды. Тереңөзек ауданының елді мекендері Сырдария, Қармақшы аудандарына бөлініп берілді. 1964 жылы «Оңтүстік Қазақстан аймағы» таратылғаннан кейін 23 қазан 1964 жылы Арал ауданы, 23 қазан 1964 жылы Жалағаш ауданы, 18 желтоқсан 1965 жылы Жаңақорған аудандары қайта құрылды. Дереккөзі: Сырдария ауданының әкімдігі

 

1930 жылдың 17 желтоқсанында Қызылорда округінің таратылуы негізінде Аламесек ауданы Қызылорда ауданына қосылды. 1932 жылдың 20 ақпанында құрамында 19 ауданы бар Оңтүстік Қазақстан облысы құрылады. Ондағы 19 ауданның алтауы тараған Қызылорда округіне қарасты аудандар болатын. Ал 1936 жылдың 29 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысы құрамындағы Қарсақпай ауданы Қарағанды облысына берілді.1 1934 жылдың тамыз айында  Қазақ АССР-ы  Орталық Атқару Комитетінің   қаулысымен  Тереңөзек ауданы таратылып, оның территориясы Қармақшы мен Қызылорда аудандарына берілді.

1936 жылы Қазақ АССР- нің Қазақстан Советтік Социалистік Республикасы болып қайта құрылуы барлық қоғамдық, кәсіподақ және шаруашылық құрылымдарын  соған сәйкес өзгертуді талап етті. Қазақстанда халық шаруашылығы салаларына  басшылық жасауды жақсарту, жетілдіру мақсатында 1938-1939 жылдары 6 облыс, 21 аудан, 3 қала құрылды.

1938 жылдың 15 қаңтарында бұрын аудан құқында  Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында болған Қызылорда  жаңадан облыс болып құрылды. Қызылорда облысының құрамында 7 аудан: Арал, Қазалы, Қармақшы, Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандары болды. Қызылорда облысының орталығы – Қызылорда қаласы болды.

1938 жылдың 15 қаңтарында Тереңөзек ауданы құрылады.3 1938 жылдың 8 тамыздағы Қазақ ССР Жоғарғы  Кеңесінің Қызылорда облыстық ұйымдастыру комитетінің президиумы отырысының №38 хаттамасының қаулысына сәйкес Тереңөзек ауданының құрамына төмендегідей  ауылдық Кеңестер:  Тереңөзек, Қызылөзек, Көкжиде, Бесөзек, Жаңаауыл,  Жәдігер, Ақжарма, Шіркейлі, Қызыл ту, Далакөл, Аламесек, Бірінші май, Калинин, Ақбойдақ, Құндызды, Еңбекші, Шолақарық, Мәдениет – барлығы 18 ауылдық Кеңес енді.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі президумының 21 қазан 1939 жылғы №56 қаулысы бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 17 қазан 1939 жылы құрылған Жалағаш ауданына  Еңбекші, Мәдениет, Калинин, Бірінші май ауылдық Кеңестері беріледі. Сонда 1939 жылы Тереңөзек ауданында 14 ауылдық Кеңес болған.

1963 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1964 жылдарға дейін  Қызылорда облысы «Оңтүстік Қазақстан            аймағы»  құрамында болуына байланысты Арал, Жалағаш, Тереңөзек, Жаңақорған аудандары таратылды. Тереңөзек ауданының елді мекендері Сырдария, Қармақшы аудандарына бөлініп берілді.

1964 жылы «Оңтүстік Қазақстан аймағы» таратылғаннан кейін 23 қазан 1964 жылы Арал ауданы, 23 қазан 1964 жылы Жалағаш ауданы, 18 желтоқсан 1965 жылы Жаңақорған аудандары қайта құрылды.

Дереккөзі: Сырдария ауданының әкімдігі

Ұқсас материалдар