Қандастар Ассамблея

Құрылу кезеңі

27.03.2013 2389
  Сырдария (Тереңөзек)  ауданының тарихы сонау колхоздастыру кезеңдерінен бастау алады. Октябрь революциясының  жеңісінен кейінгі алғашқы он жылдықта ауылдар мен  елді мекендерді әлеуметтік  және экономикалық дамыту мәселелері қойыла бастады. Осыған сәйкес  Коммунистік Партияның 1927 жылғы 2-19 желтоқсанда өткізілген 15 съезінде Советтік Социалистік Республикаларындағы  ауылшаруашылығын дамыту жолдары талқыланды. Съезд  лениндік кооперативтер құру қағидасына сүйене отырып ауылшаруашылығын коолективтендіру жұмыстарын жүргізу шешімін қабылдады. Қызылорда уезінде 1925 жылдардың өзінде алғашқы серіктестіктер, артельдер құрыла бастаған болатын. Мысалы  Шиелі поселкесінде 12 кедей шаруашылықтары бірігіп серіктестік құрған, олардың құрамында 5 орыс отбасы, 7 қазақ отбасы болған. Бұндай жерді өңдеу серіктестіктері, яғни сол кезеңдердегі ТОЗ-дар мен артельдердердің саны 1930 жылдары Қызылорда уезінде  қырық шақты ғана болған. Олар балық аулау, егін егу, жер жырту, жүн өңдеу, тері илеу, сабын қайнату, тұз өндіру, нан пісіру, кірпіш құю сияқты т.б. шаруашылықтармен айналысқан. 1927 жылы үш машинажобалау пункттері  Шиеліде, Талсуатта, Тереңөзекте құрылады. Оларда барлығын қосқанда 96 ауылшаруашылығы машиналалары болған. Бұл ұжымдық шаруашылықтар  сол кезеңде 13 мың десятинадан астам жерді өңдеп, егін еккен. Тереңөзек кентінің тарихы  осы 1927 жылғы машинажобалау бекетінен басталған деуге болады.1 1927 жылы желтоқсан айының аяғында Қызылорда қаласында советтік партия белсенділерінің актив жиналысы өткізіліп, жаппай коллективтендіруге көшу, бай-кулактарды  кәмпескелеу есебінен колхоз мұқтаждығын шешу мәселелері талқыланды. Соның нәтижесінде 1928 жылғы көктемгі егіс уақытында  Қызылорда қаласы, Шиелі, Қараөзек станцияларынан 3 машина-трактор пункттері   құрылады. Міне алғашқы ұжымдық шаруашылықтар қазіргі Қызылорда облысының территориясында 1928 жылдан бастап құрылады. Ал жаппай ұжымдастыру 1929 жылдың екінші жартысынан бастап жүргізіледі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдердегі қиыншылықтарға байланысты әкімшілік аумақтық басқару шекараларына да оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Қызылорда облыстық мәслихаты мен әкімиятының 17 маусым 1997 жылғы 13 сессиясындағы №513/А шешімімен Құндызды, С.Сейфуллин ауылдық округтері таратылып Аманкелді, Қызылдихан, С.Сейфуллин елді мекендері Тереңөзек поселкелік округі әкімінің бағынысына берілді.        Дереккөзі: Сырдария ауданының әкімдігі

 

Сырдария (Тереңөзек)  ауданының тарихы сонау колхоздастыру кезеңдерінен бастау алады. Октябрь революциясының  жеңісінен кейінгі алғашқы он жылдықта ауылдар мен  елді мекендерді әлеуметтік  және экономикалық дамыту мәселелері қойыла бастады. Осыған сәйкес  Коммунистік Партияның 1927 жылғы 2-19 желтоқсанда өткізілген 15 съезінде Советтік Социалистік Республикаларындағы  ауылшаруашылығын дамыту жолдары талқыланды. Съезд  лениндік кооперативтер құру қағидасына сүйене отырып ауылшаруашылығын коолективтендіру жұмыстарын жүргізу шешімін қабылдады. Қызылорда уезінде 1925 жылдардың өзінде алғашқы серіктестіктер, артельдер құрыла бастаған болатын. Мысалы  Шиелі поселкесінде 12 кедей шаруашылықтары бірігіп серіктестік құрған, олардың құрамында 5 орыс отбасы, 7 қазақ отбасы болған. Бұндай жерді өңдеу серіктестіктері, яғни сол кезеңдердегі ТОЗ-дар мен артельдердердің саны 1930 жылдары Қызылорда уезінде  қырық шақты ғана болған. Олар балық аулау, егін егу, жер жырту, жүн өңдеу, тері илеу, сабын қайнату, тұз өндіру, нан пісіру, кірпіш құю сияқты т.б. шаруашылықтармен айналысқан. 1927 жылы үш машинажобалау пункттері  Шиеліде, Талсуатта, Тереңөзекте құрылады. Оларда барлығын қосқанда 96 ауылшаруашылығы машиналалары болған. Бұл ұжымдық шаруашылықтар  сол кезеңде 13 мың десятинадан астам жерді өңдеп, егін еккен. Тереңөзек кентінің тарихы  осы 1927 жылғы машинажобалау бекетінен басталған деуге болады.1

1927 жылы желтоқсан айының аяғында Қызылорда қаласында советтік партия белсенділерінің актив жиналысы өткізіліп, жаппай коллективтендіруге көшу, бай-кулактарды  кәмпескелеу есебінен колхоз мұқтаждығын шешу мәселелері талқыланды. Соның нәтижесінде 1928 жылғы көктемгі егіс уақытында  Қызылорда қаласы, Шиелі, Қараөзек станцияларынан 3 машина-трактор пункттері   құрылады. Міне алғашқы ұжымдық шаруашылықтар қазіргі Қызылорда облысының территориясында 1928 жылдан бастап құрылады. Ал жаппай ұжымдастыру 1929 жылдың екінші жартысынан бастап жүргізіледі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдердегі қиыншылықтарға байланысты әкімшілік аумақтық басқару шекараларына да оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Қызылорда облыстық мәслихаты мен әкімиятының 17 маусым 1997 жылғы 13 сессиясындағы №513/А шешімімен Құндызды, С.Сейфуллин ауылдық округтері таратылып Аманкелді, Қызылдихан, С.Сейфуллин елді мекендері Тереңөзек поселкелік округі әкімінің бағынысына берілді.       

Дереккөзі: Сырдария ауданының әкімдігі

Ұқсас материалдар