Қандастар Ассамблея

Жалағаш ауданының тарихы

27.03.2013 10910
  Жалағаш ауданы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен 1939 жылы 17 қазан күні құрылды. Ауданның жер көлемі 27 мың 156 шаршы километр. Ауданда 17 елді мекен бар. Аудан орталығы – Жалағаш кенті, облыс орталығы Қызылорда қаласынан 75 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Аудан батысында Қармақшы, шығысында Сырдария аудандарымен, теріскейінде Қарағанды облысы, түстігінде Өзбекстан республикасымен шектеседі. Аудан үстімен батыстан шығысқа, шығыстан батысқа қарай халықаралық теміржол магистралы, автотрасса жосылып жатыр, олармен жарыса «Сырдария» өзені ағуда. Ауданның алғашқы басшысы Кистанов Сергей Иванович 1897 жылы Орынбор облысының Бузулук ауданында туған. 1939 жылдың қазанынан 1944 жылға дейін Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. Аудан экономикасының негізгі саласы егін шаруашылығы. Ауданда 21 мектеп 17 кітапхана, екі музей, 7 мәдениет үйлері, 8 ауыл клубтары бар. Аудан көлемі шөл және шөлейт аймаққа жатады. Қарақұм мен Қызылқұм жүздеген жылдар бойы мал жайылымы болып келеді. Ауданда 31 мың гектардан астам инженерлік жүйеге келтірілген егістік жер бар. Аудан бойынша 58 тарихи – сәулет ескерткіштері тізімге алынған. Олар археологиялық, архитектуралық, монументтік ескерткіштер болып бөлінген. Жалағаш ауданын бүгінгі күнге дейін бірнеше басшылар басқарып келді. Аудан басшылары · 1939 -1944 ж.ж. Кистанов Сергей Иванович, ауданның алғашқы басшысы, · 1944 -1947 ж.ж. Ардабаев Әлімбет Әбженұлы, · 1947-1949 ж.ж. Жанасов Қаппар, · 1949-1953 ж.ж. Бейсембин Махмут, · 1953 ж. Тайымов Аманжол, · 1953-1954 ж.ж. Әзқожаев Омар, · 1954-1961 ж.ж. Соппеков Байбол, · 1961-1963 ж.ж. Тасыбаев Болтай Жұманұлы, · 1965-1972 ж.ж. Әбдікәрімов Исатай, · 1972-1975 ж.ж. Аманов Сұлтан Шаханұлы, · 1975-1985 ж.ж. Қазантаев Қонысбек Төрешұлы, · 1985-1987 ж.ж. Сәпиев Оңалбек, · 1987-1992 ж.ж. Қаюпов Биғали Әбдікерұлы, · 1992-1997 ж.ж. Далдабаев Сәмит, · 1997-1999 ж.ж. Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы, · 1999-2003 ж.ж. Жолдасбаев Нұрлыбек Қалжатайұлы, · 2003-2004 ж.ж. Ибраев Жұпарбай Өткелбайұлы, · 2004-2005 ж.ж. Талқанбаев Нұрман Бақбергенұлы, · 2005-2006 ж.ж. Есенов Марат Сағынтайұлы, · 2007-2010 ж.ж. Шаменов Өмірбек Мөрәліұлы, · 2010-2011 ж.ж. Бекенов Қайрат Әскербекұлы, · 2011 ж. Қаюпов Биғали Әбдікерұлы, · 2011 ж. қараша айынан Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы аудан әкімі. Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми сайты      

 

Жалағаш ауданы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен 1939 жылы 17 қазан күні құрылды. Ауданның жер көлемі 27 мың 156 шаршы километр. Ауданда 17 елді мекен бар.

Аудан орталығы – Жалағаш кенті, облыс орталығы Қызылорда қаласынан 75 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Аудан батысында Қармақшы, шығысында Сырдария аудандарымен, теріскейінде Қарағанды облысы, түстігінде Өзбекстан республикасымен шектеседі. Аудан үстімен батыстан шығысқа, шығыстан батысқа қарай халықаралық теміржол магистралы, автотрасса жосылып жатыр, олармен жарыса «Сырдария» өзені ағуда.

Ауданның алғашқы басшысы Кистанов Сергей Иванович 1897 жылы Орынбор облысының Бузулук ауданында туған. 1939 жылдың қазанынан 1944 жылға дейін Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған.

Аудан экономикасының негізгі саласы егін шаруашылығы. Ауданда 21 мектеп 17 кітапхана, екі музей, 7 мәдениет үйлері, 8 ауыл клубтары бар. Аудан көлемі шөл және шөлейт аймаққа жатады. Қарақұм мен Қызылқұм жүздеген жылдар бойы мал жайылымы болып келеді. Ауданда 31 мың гектардан астам инженерлік жүйеге келтірілген егістік жер бар. Аудан бойынша 58 тарихи – сәулет ескерткіштері тізімге алынған. Олар археологиялық, архитектуралық, монументтік ескерткіштер болып бөлінген.

Жалағаш ауданын бүгінгі күнге дейін бірнеше басшылар басқарып келді.

Аудан басшылары

· 1939 -1944 ж.ж. Кистанов Сергей Иванович, ауданның алғашқы басшысы,

· 1944 -1947 ж.ж. Ардабаев Әлімбет Әбженұлы,

· 1947-1949 ж.ж. Жанасов Қаппар,

· 1949-1953 ж.ж. Бейсембин Махмут,

· 1953 ж. Тайымов Аманжол,

· 1953-1954 ж.ж. Әзқожаев Омар,

· 1954-1961 ж.ж. Соппеков Байбол,

· 1961-1963 ж.ж. Тасыбаев Болтай Жұманұлы,

· 1965-1972 ж.ж. Әбдікәрімов Исатай,

· 1972-1975 ж.ж. Аманов Сұлтан Шаханұлы,

· 1975-1985 ж.ж. Қазантаев Қонысбек Төрешұлы,

· 1985-1987 ж.ж. Сәпиев Оңалбек,

· 1987-1992 ж.ж. Қаюпов Биғали Әбдікерұлы,

· 1992-1997 ж.ж. Далдабаев Сәмит,

· 1997-1999 ж.ж. Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы,

· 1999-2003 ж.ж. Жолдасбаев Нұрлыбек Қалжатайұлы,

· 2003-2004 ж.ж. Ибраев Жұпарбай Өткелбайұлы,

· 2004-2005 ж.ж. Талқанбаев Нұрман Бақбергенұлы,

· 2005-2006 ж.ж. Есенов Марат Сағынтайұлы,

· 2007-2010 ж.ж. Шаменов Өмірбек Мөрәліұлы,

· 2010-2011 ж.ж. Бекенов Қайрат Әскербекұлы,

· 2011 ж. Қаюпов Биғали Әбдікерұлы,

· 2011 ж. қараша айынан Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы аудан әкімі.

Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми сайты

 

 

 

Ұқсас материалдар