Қандастар Ассамблея

Нартай Бекежанов мемориалдық өнер мұражайы

27.03.2013 6245
  Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейi 1990 жылы салынып, 1993 жылдың 25 қазанында пайдалануға берiлдi. Музей целикат қышынан салынған, екi қабатты,екi күмбездi шығыс әшекейiмен безендiрiлген. Музейдің жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда,зерттеу мен насихаттауда үлкен роль атқарады. Көне заман ескерткішінің үлгі , нұсқаларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы және мұраларды ұрпақтан- ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім- тәрбие беретін ғылыми – мәдени және рухани мекеме. Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музей облыстық атқару комитетi 1990 жылғы № 23 қаулысына сәйкес Қызылорда облысы, Шиелi ауданы Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейiнiң негiзi ретiнде құрылды. 2005 жылы Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейінің күрделі жөндеуден өтіп,Нартай өрт дабыл қондырғыларымен жабдықталынды. 2007 жылы қазан айында музей ішіне рэкспозиция жүргізілді. Музей көлемi : Нартай музейiнiң жалпы көлемi 384,1 шаршы метр, арнайы шығыстық әдiспен соғылған, әшекейленген екi қабатты, екi күмбездi үйде орналасқан. Музей үйi негiзiнен 2 – қабатты көрме залынан тұрады: Музейдегі барлық экспонаттар саны: 14683 дана. оның ішінде негізгі қор 8867 дана. көмекші қор 5816 дана. Нартай Бекежанов – ақын, композитор. Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Он жасынан ән салып, өлең айта бастайды. Бай - молдаларды шенеген (“Сараң байға”, “Мырзалық емес”), барымта әмеңгерлікті әшкерелеген. (“Жесір дауы”), жалшыларды батылдыққа, қайсарлыққа шақырған өлеңдер шығарды. Ақындар айтысында Н. Баймұратовпен,Қ. Байболовпен өнер сайысына түсті. Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де әндер (“Толқын”, “Нартай сазы”, “Өсиет терме”) шығарды. Нартай өмірінің соңғы кезеңіне дейін өткір идеялық құрал өнер мен мәдениетті дамыту жолында күресті. Ол туралы Мұхамеджан Рүстемов “Нартай” повесін жазды. «Өздерің білер Нартаймын!» деп жырлаған Нартай Бекежановтың әкесі кедей шаруа адам болған. Нартай екі жасқа толар-толмастан әкесі қайтыс болып, 13 жасына дейін анасы Бақытгүлдің тәрбиесінде өседі. Кішкентайынан зерек Нартай шешесінің айтып отырған өлеңдерін үйрене береді. Оның үстіне Нартайдың ағасы Мансұр да ақын адам болған екен. Міне осы екі жағдай Нартайдың әншілік-ақындық қасиетін ерте оятады. Нартайдың түгелдей өнер жолына түсуіне себеп болған тағы бір оқиға — арғын, найманға атағы кең жайылған атақты ақын Тайжанның төңкерістің алдында Ақмешітке келуі еді. Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігінің сайты

 

Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейi 1990 жылы салынып, 1993 жылдың 25 қазанында пайдалануға берiлдi.

Музей целикат қышынан салынған, екi қабатты,екi күмбездi шығыс әшекейiмен безендiрiлген. Музейдің жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда,зерттеу мен насихаттауда үлкен роль атқарады. Көне заман ескерткішінің үлгі , нұсқаларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы және мұраларды ұрпақтан- ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім- тәрбие беретін ғылыми – мәдени және рухани мекеме.

Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музей облыстық атқару комитетi 1990 жылғы № 23 қаулысына сәйкес Қызылорда облысы, Шиелi ауданы Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейiнiң негiзi ретiнде құрылды. 2005 жылы Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейінің күрделі жөндеуден өтіп,Нартай өрт дабыл қондырғыларымен жабдықталынды. 2007 жылы қазан айында музей ішіне рэкспозиция жүргізілді.

Музей көлемi : Нартай музейiнiң жалпы көлемi 384,1 шаршы метр, арнайы шығыстық әдiспен соғылған, әшекейленген екi қабатты, екi күмбездi үйде орналасқан. Музей үйi негiзiнен 2 – қабатты көрме залынан тұрады: Музейдегі барлық экспонаттар саны: 14683 дана. оның ішінде негізгі қор 8867 дана. көмекші қор 5816 дана.

Нартай Бекежанов – ақын, композитор. Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Он жасынан ән салып, өлең айта бастайды. Бай - молдаларды шенеген (“Сараң байға”, “Мырзалық емес”), барымта әмеңгерлікті әшкерелеген. (“Жесір дауы”), жалшыларды батылдыққа, қайсарлыққа шақырған өлеңдер шығарды.

Ақындар айтысында Н. Баймұратовпен,Қ. Байболовпен өнер сайысына түсті. Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де әндер (“Толқын”, “Нартай сазы”, “Өсиет терме”) шығарды. Нартай өмірінің соңғы кезеңіне дейін өткір идеялық құрал өнер мен мәдениетті дамыту жолында күресті. Ол туралы Мұхамеджан Рүстемов “Нартай” повесін жазды.

«Өздерің білер Нартаймын!» деп жырлаған Нартай Бекежановтың әкесі кедей шаруа адам болған. Нартай екі жасқа толар-толмастан әкесі қайтыс болып, 13 жасына дейін анасы Бақытгүлдің тәрбиесінде өседі. Кішкентайынан зерек Нартай шешесінің айтып отырған өлеңдерін үйрене береді. Оның үстіне Нартайдың ағасы Мансұр да ақын адам болған екен. Міне осы екі жағдай Нартайдың әншілік-ақындық қасиетін ерте оятады. Нартайдың түгелдей өнер жолына түсуіне себеп болған тағы бір оқиға — арғын, найманға атағы кең жайылған атақты ақын Тайжанның төңкерістің алдында Ақмешітке келуі еді.

Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігінің сайты

Ұқсас материалдар