Қандастар Ассамблея

Сырдария аудандық тарихи-өлкетану мұражайы

27.03.2013 4509
  Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы 1992 жылдан бастап аудан халқына қызмет көсетіп келеді. Бүгінде мұражай қорында 7329 экспонат бар. Мұражай экспозициясы 5 залға орналастырылған. Мұражай материалдары ауданның қалыптасу және даму тарихы, даңқты істері, өндірістік және мәдени өсуі туралы мәліметтер береді. Мұражай экспозициясында Кеңес Одағының Батырлары Н.Ілиясов, Ж.Нұрсейітов, Социалистік Еңбек Ерлері А.Бисенов, Б.Мұстапаева, И.Ақниязов, Қ.Бөдеев, Қ.Абдраманова, А.Халықов, Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Б.Синаева, К.Әсімова, ВЛКСМ ХҮІІ съезінің делегаты Р.Жалғасбаева, А,Адаева, шопандар Б.Қордабаева, Д.Садықова, сауыншы М.Сапаева, С.Өмірзақова, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалімдер А.Жүсіпов, Т.Айтбаев, О.Абдулпаттаев, С.Алданазаров, жерлестеріміз Қазақстанның көрнекті жазушылары Ә.Тәжібаев, Қ.Мұхамеджанов, А.Тоқмағамбетов, Ә.Жәмішов, ауданымыздың мақтанышына айналған ғалымдарымыз А.Бисенов, М.Алшынбаев, Қ.Көшербаев, дәрігерлер Е.Омаров, Ә.Төрекееев, білікті аудан басшылары Қ.Қазантаев, Ж.Ердешбаев, Н.Ергешбаевтар туралы мәліметтер бар. Сонымен қатар, мұражай жәдігерлерінің ішінде Аралбай батырдың қылышы, Абай тұтынған асадал (шкаф), тобылғы шыбығынан өрілген кесе қап, мыс көзе, қобыз коллекциялары, құнды қолжазбалар, түрлі деректі құжаттар мұражайдың тарих шырақшысы, ұрпақтан-ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін маңызы зор тарихи орын екенін дәлелдей түскендей. Аудандық мұражай ұжымы ұлтымыздың бай мәдениеті мен өнерін, терең тарихын уақыт безбеніне салып, қайта жаңғыртуға, өткеннің маржандары мен бүгінгінің құндылықтарын саралай отырып, жас ұрпақтың дүниетанымын, санасын, туған елге, жерге деген патриоттық, отансүйгіштік сезімін оятып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыруға үлес қосып келеді. Қазіргі заман талабына сай мұражайды материалдық-техникалық жағдайы жақсарып келеді. Өткен жылы мұражайдың «Аудан тарихы» залына қайта реэкспозиция жұмыстары жүргізілсе, биыл мұражайдың күрделі жөндеу жұмыстарына 5740,0 теңге қаржы бөлініп отыр. Көненің көзі, ескінің өзінен сыр шертетін, тарихқа бойлап, өткенді еске салатын мұралар Сырдария ауданында жеткілікті дәрежеде. Бұл ауданнан аты шыққан, есімі тарихта қалатын тау тұлғалар да жоқ емес. Мәдениет пен өнер, басшылық пен қайраткерліктің қайрағында қайралған азаматтар көп кездеседі. Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігі

 

Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы 1992 жылдан бастап аудан халқына қызмет көсетіп келеді. Бүгінде мұражай қорында 7329 экспонат бар. Мұражай экспозициясы 5 залға орналастырылған.

Мұражай материалдары ауданның қалыптасу және даму тарихы, даңқты істері, өндірістік және мәдени өсуі туралы мәліметтер береді. Мұражай экспозициясында Кеңес Одағының Батырлары Н.Ілиясов, Ж.Нұрсейітов, Социалистік Еңбек Ерлері А.Бисенов, Б.Мұстапаева, И.Ақниязов, Қ.Бөдеев, Қ.Абдраманова, А.Халықов, Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Б.Синаева, К.Әсімова, ВЛКСМ ХҮІІ съезінің делегаты Р.Жалғасбаева, А,Адаева, шопандар Б.Қордабаева, Д.Садықова, сауыншы М.Сапаева, С.Өмірзақова, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалімдер А.Жүсіпов, Т.Айтбаев, О.Абдулпаттаев, С.Алданазаров, жерлестеріміз Қазақстанның көрнекті жазушылары Ә.Тәжібаев, Қ.Мұхамеджанов, А.Тоқмағамбетов, Ә.Жәмішов, ауданымыздың мақтанышына айналған ғалымдарымыз А.Бисенов, М.Алшынбаев, Қ.Көшербаев, дәрігерлер Е.Омаров, Ә.Төрекееев, білікті аудан басшылары Қ.Қазантаев, Ж.Ердешбаев, Н.Ергешбаевтар туралы мәліметтер бар.

Сонымен қатар, мұражай жәдігерлерінің ішінде Аралбай батырдың қылышы, Абай тұтынған асадал (шкаф), тобылғы шыбығынан өрілген кесе қап, мыс көзе, қобыз коллекциялары, құнды қолжазбалар, түрлі деректі құжаттар мұражайдың тарих шырақшысы, ұрпақтан-ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін маңызы зор тарихи орын екенін дәлелдей түскендей. Аудандық мұражай ұжымы ұлтымыздың бай мәдениеті мен өнерін, терең тарихын уақыт безбеніне салып, қайта жаңғыртуға, өткеннің маржандары мен бүгінгінің құндылықтарын саралай отырып, жас ұрпақтың дүниетанымын, санасын, туған елге, жерге деген патриоттық, отансүйгіштік сезімін оятып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыруға үлес қосып келеді. Қазіргі заман талабына сай мұражайды материалдық-техникалық жағдайы жақсарып келеді. Өткен жылы мұражайдың «Аудан тарихы» залына қайта реэкспозиция жұмыстары жүргізілсе, биыл мұражайдың күрделі жөндеу жұмыстарына 5740,0 теңге қаржы бөлініп отыр.

Көненің көзі, ескінің өзінен сыр шертетін, тарихқа бойлап, өткенді еске салатын мұралар Сырдария ауданында жеткілікті дәрежеде. Бұл ауданнан аты шыққан, есімі тарихта қалатын тау тұлғалар да жоқ емес. Мәдениет пен өнер, басшылық пен қайраткерліктің қайрағында қайралған азаматтар көп кездеседі.

Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігі

Ұқсас материалдар