Қандастар Ассамблея

«Көкшетау» Ұлттық табиғи саябағы

26.03.2013 17451
«Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары аумағындағы Айыртау және Зеренді аудандарының ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және демалыстық бағалы аймағында бірегей табиғи кешенді сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 сәуірдегі қаулысының негізінде құрылған. Саябақтың негізгі аумағы Көкшетау қаласының оңтүстік-батысына қарай 60 километр аралығындағы 151,1 мың га аса алқапты алып жатыр. Саябақ жерінің құрамына көне қарағайлы орман, тоғайлы саяжайлар және бұрынғы Зеренді, Арықбалық, Озерный орман шаруашылықтары мен кәсіпорындарының, Дубровский аң-орман шаруашылықтарының қайыңды-көктеректі ормандары, сондай-ақ Зеренді, Имантау, Шалқар, Айыртау, Лобанов, Белый табиғи аймақтарының таулы-орманды, өзен-көлді өлкелері және суы қорғалатын аймаққа жанаса жатқан жерлері бар Байсары көлдерінің аумағы кіреді. Географиялық саябақ Солтүстік Қазақстан аумағының орман-тоғайлы үстіртінде орналасқан. Саябақтың және оның қорғалатын аймағының кең аумағы (5 мың км²-ге жуық) адам мен табиғаттың ескі және қазіргі дәуірдегі дамуын бейнелейтін тарихи мұра ретінде бірегей табиғат мұражайы болып табылады. Ұлтық саябақтың аумағында мемлекет қорғауына алынған 185 археологиялық, тарихи, сәулет және монументальды өнер ескерткіштері бар. Сырымбет ауылында, Сырымбет тауының баурайында ХІХ ғасырдағы ағаштан тұрғызылған сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын ұлы ғалым жерлесіміз Шоқан Уәлиханов отбасының қалпына келтірілген қонысы бар. Аталған қоныс негізінде тарихи-мемориалдық кешен ұйымдастырылды. Мұндай кешен Қарасай мен Ағынтай батырларға да арналып салынды. Ұлттық саябақтың өсімдіктер және жануарлар әлемі саналуан дәуірлерден бері қалыптасқан, флора мен фаунаның өзара сирек ұшырасатын үйлесімі болып табылады. Көне дәурдің қыналары мен папоротниктері қазіргі ағаш және бұталы өсімдіктердің астындағы қабатында жатыр. Сібір тайгасына тән жануарлардың түрлері бұлан, сілеусін, орман, сусары, ақ қоян, ақ тышқан оңтүстік дала мен шөлейтті аймақта тіршілік ететін қарсақ, саршұнак, орқоян, күзен, суырлармен араласа өмір сүрүде. Күз және қыс мезгілдері аңшылар үшін нағыз олжа. Жаз болса өзінің ыстық лебін әкеліп, жеміс-жидек пен саңырауқұлақтар өңірге ерекше көрік береді. Ал, көл сулары балықтардың түр-түріне молаяды. Жалпы, мұнда өсімдіктің 700 түрі, жан-жануардың 305 түрі, Қазақстанның барлық флорасы мен фаунасының 30%-на жуығы бар, сонымен бірге геологиялық, археологиялық, тарих және мәдениет ескерткіштері (бұған неолит дәуірінің Ботай мекені де кіреді) мемлекеттік қорғауда. Зеренді өлкесі ну тоғай-орманымен, шатқалы мен таулы күмбездерімен әйгілі. Бұл жасыл аймақ тынық ормандарымен, хош иісті шөптерімен және қайың-қарағай сұлулығымен көз тартады. Құрамында озоны бар шипалы ауа – балқарағайлардың еңбегі. Орман ішінде туристер сүрлеу жолдар бойымен аяңдай алады. Машина және жаяу жолдардан басқа мұнда ат және велосипед жүретін жолдар салынған. Қыстыгүні шаңғы тебу мүмкіндігі де бар.Құстар мен балықтарға бай көлдер мен ормандар, шүйгін жайылымды жазық дала көне дәуірден бастап-ақ адамдардың назарын өзіне аударған болатын. Ұлттық саябақ аумағы жағынан үш аралас филиалға: Зеренді аймақтық бөлімшесі (орталығы – Красный кордон кенті), Арықбалық аймақтық бөлімшесі (Горный кенті), Шалқар аймақтық бөлімшесі (Лобанов кенті) және Дубравский ұдайы өндіріс учаскесіне (Мостовой кордоны) бөлінген. Аумақтың 10%-н ірі Шалқар, Имантау, Зеренді көлдерінің жағаларына орналасқан келушілерге, туристерге қызмет көрсететін демалыс аймақтар алады. Ұлттық саябақта: «Шалқар» және «Зеренді» санаторийлерінде стационарлық (емдеу-сауықтыру), яхтада, атпен серуендеуге, спорттың тау-шаңғы түрлері, «Тұрпан», «Имантау», «Зеленый мыс», «Дубрава» демалыс базаларында қысқа мерзімдік (маусымдық) демалыс түрлері ұйымдастырылған.

«Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары аумағындағы Айыртау және Зеренді аудандарының ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және демалыстық бағалы аймағында бірегей табиғи кешенді сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 сәуірдегі қаулысының негізінде құрылған.

Саябақтың негізгі аумағы Көкшетау қаласының оңтүстік-батысына қарай 60 километр аралығындағы 151,1 мың га аса алқапты алып жатыр. Саябақ жерінің құрамына көне қарағайлы орман, тоғайлы саяжайлар және бұрынғы Зеренді, Арықбалық, Озерный орман шаруашылықтары мен кәсіпорындарының, Дубровский аң-орман шаруашылықтарының қайыңды-көктеректі ормандары, сондай-ақ Зеренді, Имантау, Шалқар, Айыртау, Лобанов, Белый табиғи аймақтарының таулы-орманды, өзен-көлді өлкелері және суы қорғалатын аймаққа жанаса жатқан жерлері бар Байсары көлдерінің аумағы кіреді.

Географиялық саябақ Солтүстік Қазақстан аумағының орман-тоғайлы үстіртінде орналасқан. Саябақтың және оның қорғалатын аймағының кең аумағы (5 мың км²-ге жуық) адам мен табиғаттың ескі және қазіргі дәуірдегі дамуын бейнелейтін тарихи мұра ретінде бірегей табиғат мұражайы болып табылады.

Ұлтық саябақтың аумағында мемлекет қорғауына алынған 185 археологиялық, тарихи, сәулет және монументальды өнер ескерткіштері бар. Сырымбет ауылында, Сырымбет тауының баурайында ХІХ ғасырдағы ағаштан тұрғызылған сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын ұлы ғалым жерлесіміз Шоқан Уәлиханов отбасының қалпына келтірілген қонысы бар. Аталған қоныс негізінде тарихи-мемориалдық кешен ұйымдастырылды. Мұндай кешен Қарасай мен Ағынтай батырларға да арналып салынды.

Ұлттық саябақтың өсімдіктер және жануарлар әлемі саналуан дәуірлерден бері қалыптасқан, флора мен фаунаның өзара сирек ұшырасатын үйлесімі болып табылады.

Көне дәурдің қыналары мен папоротниктері қазіргі ағаш және бұталы өсімдіктердің астындағы қабатында жатыр. Сібір тайгасына тән жануарлардың түрлері бұлан, сілеусін, орман, сусары, ақ қоян, ақ тышқан оңтүстік дала мен шөлейтті аймақта тіршілік ететін қарсақ, саршұнак, орқоян, күзен, суырлармен араласа өмір сүрүде. Күз және қыс мезгілдері аңшылар үшін нағыз олжа. Жаз болса өзінің ыстық лебін әкеліп, жеміс-жидек пен саңырауқұлақтар өңірге ерекше көрік береді. Ал, көл сулары балықтардың түр-түріне молаяды.

Жалпы, мұнда өсімдіктің 700 түрі, жан-жануардың 305 түрі, Қазақстанның барлық флорасы мен фаунасының 30%-на жуығы бар, сонымен бірге геологиялық, археологиялық, тарих және мәдениет ескерткіштері (бұған неолит дәуірінің Ботай мекені де кіреді) мемлекеттік қорғауда.

Зеренді өлкесі ну тоғай-орманымен, шатқалы мен таулы күмбездерімен әйгілі. Бұл жасыл аймақ тынық ормандарымен, хош иісті шөптерімен және қайың-қарағай сұлулығымен көз тартады. Құрамында озоны бар шипалы ауа – балқарағайлардың еңбегі. Орман ішінде туристер сүрлеу жолдар бойымен аяңдай алады. Машина және жаяу жолдардан басқа мұнда ат және велосипед жүретін жолдар салынған. Қыстыгүні шаңғы тебу мүмкіндігі де бар.Құстар мен балықтарға бай көлдер мен ормандар, шүйгін жайылымды жазық дала көне дәуірден бастап-ақ адамдардың назарын өзіне аударған болатын.

Ұлттық саябақ аумағы жағынан үш аралас филиалға: Зеренді аймақтық бөлімшесі (орталығы – Красный кордон кенті), Арықбалық аймақтық бөлімшесі (Горный кенті), Шалқар аймақтық бөлімшесі (Лобанов кенті) және Дубравский ұдайы өндіріс учаскесіне (Мостовой кордоны) бөлінген. Аумақтың 10%-н ірі Шалқар, Имантау, Зеренді көлдерінің жағаларына орналасқан келушілерге, туристерге қызмет көрсететін демалыс аймақтар алады. Ұлттық саябақта: «Шалқар» және «Зеренді» санаторийлерінде стационарлық (емдеу-сауықтыру), яхтада, атпен серуендеуге, спорттың тау-шаңғы түрлері, «Тұрпан», «Имантау», «Зеленый мыс», «Дубрава» демалыс базаларында қысқа мерзімдік (маусымдық) демалыс түрлері ұйымдастырылған.

Ұқсас материалдар