Қандастар Ассамблея

Жылан аулау әдісі (фото)

24.03.2013 6831
Көптеген елдерде аң аулау ерлер құмарының бірі болып саналады. Аң аулаудан соң олжаны үстел үстіне қойғанымен, аңшылардың көбі сол етті дүкеннен-ақ сатып ала салуларына болар еді. Алайда, кейбір елдерде аң аулау – аман қалудың жолы. Мәселен, Африкада аш қалмау үшін ірі жыландарды аулайды. Бірінші бір қолды бизон терісімен қаптайды. Аңшылардың жоспары бойынша алып жылан осы қолды тістейді. Таудан жылан інін тапқаннан соң, оған аңшылардың бірі басымен кіреді. Әдетте питон інінің ұзындығы шамамен 10-ге жуық болады. Ін ішінде тіреліп қалмас үшін аңшының денесіне арнайы май жағады. Жылан инфрақызыл сәуле арқылы көретіні белгілі. Сондықтан ол адам денесінің жылуын бірден байқайды. Ал інге өзі келген «қоректі» көрген жылан атылуға дайындалады. Бір жағынан жыланды алдау үшін, екіншіден қараңғыда көру үшін аңшы шыбықтарды жаға бастайды. Жанып жатқан шыбық адам денесінен анағұрлым ыстық келеді. Оралып жатқан жылан жұмыртқаларының үстінде жатыр (шамамен 100 жұмыртқа). Жылан өз қорегіне атылуда... Бірақ, шапшаң жігіт атылған жыланға бизон терісімен қапталған қолын қойып үлгереді. Алып питон теріні түгелдей тістеп тастамақ, ал аңшы жыланның кездейсоқ жерден өз қолын бизон терісімен қоса жұтып қоймасы үшін оның өңешін жабуда. Негізі үш метрлік питонның өзінде адамды тұншықтырып тастауға жетерлік күш бар. Ал суреттегідей алты метрлік жыландар адамды бір-ақ жұта салады. Метрі 10-15 келі болатын алты метрлік питонды бір адамның сыртқа алып шығуы мүмкін емес.  Сондықтан, оған аңшы әріптестері көмекке келеді. Олар іннен аңшымен бірге жыланды да алып шығулары қажет. Аңшы жыланның тамағынан ұстап сыртқа шыққанда нағыз арпалыс сол кезде басталады. Аңшылардың бірі жыланның басын жерге тақаса, екіншісі – құйрығынан ұстап тұруы қажет. Ал үшінші аңшы теріні бұзып алмайтындай етіп, жыланның тамағын кеседі (теріні жақсы бағаға сатып жіберуге болады). Осылайша арпалыс та бітеді. Көмекшілердің бірі қайтадан інге кіріп, қорғаусыз қалған жұмыртқаларды сыртқа алып шығады. Егер оларды отқа пісірсе, нағыз делткатесске айналады-мыс. Аңшылар үлкен олжамен ауылға келгенде – ауыл тұрғындары оларды батырлардай күтіп алады. Дайындаған: Ерғали Елдос http://massaget.kz

Көптеген елдерде аң аулау ерлер құмарының бірі болып саналады. Аң аулаудан соң олжаны үстел үстіне қойғанымен, аңшылардың көбі сол етті дүкеннен-ақ сатып ала салуларына болар еді. Алайда, кейбір елдерде аң аулау – аман қалудың жолы. Мәселен, Африкада аш қалмау үшін ірі жыландарды аулайды.

Бірінші бір қолды бизон терісімен қаптайды. Аңшылардың жоспары бойынша алып жылан осы қолды тістейді.

Таудан жылан інін тапқаннан соң, оған аңшылардың бірі басымен кіреді. Әдетте питон інінің ұзындығы шамамен 10-ге жуық болады. Ін ішінде тіреліп қалмас үшін аңшының денесіне арнайы май жағады.

Жылан инфрақызыл сәуле арқылы көретіні белгілі. Сондықтан ол адам денесінің жылуын бірден байқайды. Ал інге өзі келген «қоректі» көрген жылан атылуға дайындалады. Бір жағынан жыланды алдау үшін, екіншіден қараңғыда көру үшін аңшы шыбықтарды жаға бастайды. Жанып жатқан шыбық адам денесінен анағұрлым ыстық келеді.

Оралып жатқан жылан жұмыртқаларының үстінде жатыр (шамамен 100 жұмыртқа). Жылан өз қорегіне атылуда...

Бірақ, шапшаң жігіт атылған жыланға бизон терісімен қапталған қолын қойып үлгереді. Алып питон теріні түгелдей тістеп тастамақ, ал аңшы жыланның кездейсоқ жерден өз қолын бизон терісімен қоса жұтып қоймасы үшін оның өңешін жабуда. Негізі үш метрлік питонның өзінде адамды тұншықтырып тастауға жетерлік күш бар. Ал суреттегідей алты метрлік жыландар адамды бір-ақ жұта салады. Метрі 10-15 келі болатын алты метрлік питонды бір адамның сыртқа алып шығуы мүмкін емес.  Сондықтан, оған аңшы әріптестері көмекке келеді. Олар іннен аңшымен бірге жыланды да алып шығулары қажет.

Аңшы жыланның тамағынан ұстап сыртқа шыққанда нағыз арпалыс сол кезде басталады. Аңшылардың бірі жыланның басын жерге тақаса, екіншісі – құйрығынан ұстап тұруы қажет. Ал үшінші аңшы теріні бұзып алмайтындай етіп, жыланның тамағын кеседі (теріні жақсы бағаға сатып жіберуге болады). Осылайша арпалыс та бітеді. Көмекшілердің бірі қайтадан інге кіріп, қорғаусыз қалған жұмыртқаларды сыртқа алып шығады. Егер оларды отқа пісірсе, нағыз делткатесске айналады-мыс. Аңшылар үлкен олжамен ауылға келгенде – ауыл тұрғындары оларды батырлардай күтіп алады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

http://massaget.kz

Ұқсас материалдар