Қандастар Ассамблея

Көкшетау халқы Әз-Наурыз мерекесін лайықты қарсы алды

23.03.2013 2530
Көкшетау халқы Әз-Наурыз мерекесін лайықты қарсы алды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Абылай хан алаңында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» театрландырылған қойылымы өтті. Облыс орталығының алаңына мыңдаған ақмолалықтар жиналды. Облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов келушілерді мерекемен құттықтады. «Жер-дүниені бусантып, бар әлемді жаңартып жеткен Әз-Наурыз мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын. Наурыз – жер бетіндегі ең көне мейрамдардың бірі. Ол біздің елімізге Тәуелсіздікпен бірге келді. Қайта жаңғыртылған Наурыздың тарихы – бұл біздің Тәуелсіздігіміздің тарихы! Наурыз мерекесі табыс, бақыт, гүлдену және қуаныш әкелсін!», - деді өңір басшысы. Көктем мерекесін тойлауға облыстың үздік шығармашылық ұжымдары келді. Өнер иелері халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін паш етті. Мерекелік шара ұлттық спорттық ойындармен жалғасты.

Көкшетау халқы Әз-Наурыз мерекесін лайықты қарсы алды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Абылай хан алаңында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» театрландырылған қойылымы өтті. Облыс орталығының алаңына мыңдаған ақмолалықтар жиналды. Облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов келушілерді мерекемен құттықтады.

«Жер-дүниені бусантып, бар әлемді жаңартып жеткен Әз-Наурыз мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын. Наурыз – жер бетіндегі ең көне мейрамдардың бірі. Ол біздің елімізге Тәуелсіздікпен бірге келді. Қайта жаңғыртылған Наурыздың тарихы – бұл біздің Тәуелсіздігіміздің тарихы! Наурыз мерекесі табыс, бақыт, гүлдену және қуаныш әкелсін!», - деді өңір басшысы.

Көктем мерекесін тойлауға облыстың үздік шығармашылық ұжымдары келді. Өнер иелері халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін паш етті. Мерекелік шара ұлттық спорттық ойындармен жалғасты.

Ұқсас материалдар