Қандастар Ассамблея

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-шы сессиясын шақыру туралы өкім етті

23.03.2013 2510
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-шы сессиясын шақыру туралы өкім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының Өкіміне сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясы 2013 жылғы 24 сәуір күні Астана қаласында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбындағы күн тәртібімен шақырылады. ҚХА сессиясының шақырылуына байланысты, ҚР Президенті Үкіметке Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-шы сессиясын шақыру туралы өкім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Өкіміне сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясы 2013 жылғы 24 сәуір күні Астана қаласында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбындағы күн тәртібімен шақырылады.

ҚХА сессиясының шақырылуына байланысты, ҚР Президенті Үкіметке Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Ұқсас материалдар