Қандастар Ассамблея

Алтынай Жорабаева BNews.kz оқырмандарын Наурызбен арнайы құттықтады (ВИДЕО)

23.03.2013 2037
Наурыз думан күні халықтың сүйікті әншісі Алтынай Жорабаева BNews.kz оқырмандарына арнайы құттықтауын жеткізді. Жыл басын қатарынан екі қалада қарсы алған Алтынай Жорабаева тамаша көңіл күйде екенін, отбасының жанында болмаса да, халықпен бірге думандатып жүргенін айтты. «Наурызды екі қалада қарсы алдым. Балаларымның жанында болмасам да, халықпен бірге думандатып, жыл басын жақсы көңіл-күймен қарсы алдым. Баршамызға Наурыз құт әкелсін»,- деді ақ тілегін жеткізген әнші. Ал неше үйден Наурыз көже іштіңіз деген сауалымызға: «Бүгін қолым тиісімен, екі жерден Наурыз көже ішіп үлгердім», - деп жауап берді ол. Кенжекей Тоқтамұрат

Наурыз думан күні халықтың сүйікті әншісі Алтынай Жорабаева BNews.kz оқырмандарына арнайы құттықтауын жеткізді.

Жыл басын қатарынан екі қалада қарсы алған Алтынай Жорабаева тамаша көңіл күйде екенін, отбасының жанында болмаса да, халықпен бірге думандатып жүргенін айтты.

«Наурызды екі қалада қарсы алдым. Балаларымның жанында болмасам да, халықпен бірге думандатып, жыл басын жақсы көңіл-күймен қарсы алдым. Баршамызға Наурыз құт әкелсін»,- деді ақ тілегін жеткізген әнші.

Ал неше үйден Наурыз көже іштіңіз деген сауалымызға: «Бүгін қолым тиісімен, екі жерден Наурыз көже ішіп үлгердім», - деп жауап берді ол.

Кенжекей Тоқтамұрат

Ұқсас материалдар