Қандастар Ассамблея

Семейліктер Наурыз мейрамын атап өтті

23.03.2013 2431
Семейде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар өтті, қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы. Қала әкімі Айбек Кәрімов, ШҚО әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, сөз сөйледі.  «Наурыз мейрамына орай Орталық алаңға тайқазан орналастырылған болатын. Мерекені тамашалауға келген халық наурыз көже, қымыз және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты», - делінген хабарламада. Сонымен қатар, Орталық алаңда қала әртістері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт және театрландырылған мерекелік қойылым ұйымдастырылды. Қолөнер шеберлері бұйымдарының сатылымы мен көрмесі ұйымдастырылды. Қалалықтар ұлттық, спорттық-бұқаралық ойындарға қатысып, спортшылардың өнерлерін тамашалай алды. Қаланың Орталық алаңында 30 шақты киіз үй тігілді. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, қалалық білім бөлімі, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымдары құрған киіз үйлер үздік деп танылды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. BNews.kz

Семейде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар өтті, қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы.

Қала әкімі Айбек Кәрімов, ШҚО әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, сөз сөйледі. 

«Наурыз мейрамына орай Орталық алаңға тайқазан орналастырылған болатын. Мерекені тамашалауға келген халық наурыз көже, қымыз және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Орталық алаңда қала әртістері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт және театрландырылған мерекелік қойылым ұйымдастырылды.

Қолөнер шеберлері бұйымдарының сатылымы мен көрмесі ұйымдастырылды. Қалалықтар ұлттық, спорттық-бұқаралық ойындарға қатысып, спортшылардың өнерлерін тамашалай алды.

Қаланың Орталық алаңында 30 шақты киіз үй тігілді. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, қалалық білім бөлімі, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымдары құрған киіз үйлер үздік деп танылды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

BNews.kz

Ұқсас материалдар