Қандастар Ассамблея

Наурызда түркілер Көк тәңірдің, ата-баба аруағының құрметіне құрбандық шалған - Қойшығара Салғараұлы

23.03.2013 2454
Кеңес үкіметінің Наурыз мерекесіне тыйым салып, тойлатқызбай тастауының басты себебі оның бүкіл Түркі халқын бірлікке тұтастыққа шақыратын мереке болуында еді. Baq.kz арқылы Алаш жұртына мерекелік құттықтау жолдаған белгілі жазушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қойшығара Салғараұлы осылай дейді.  "Наурыз - бір қазақ халқының ғана емес түркі халықтарының ежелден келе жатқан төл мерекесі. Бұл күнді ата-бабамыз жаңа жыл, жаңа күн деп тойлаған. "Жас күн" деп атаған. Кейін бұл мереке парсылардың ықпалымен Наурыз деп аталған. Наурыз дегеннің өзі "жаңа күн", "жас күн" деген сөз", дейді тарихшы.  "Бұл күндері Түркі халықтары кие тұтатын жерлеріне барып, Көк тәңірінің, Жер ананың, ата-баба аруағының құрметіне арнайы құрбандықтар шалатын болған. Бұл - қараңғылықты жарықтың, жамандықты жақсылықтың жеңген күні.     Түркі халқы ежелгі өркениеттің ошағына от жағып тұтатқан халықтардың бірі. Көшпелілер жабайы ел болған жоқ. Бұл далада ұлы мәдениет болған. Оны Сақ қорғанынан табылып жатқан жәдігерлер дәлелдейді. Ата-бабамыз өзін ғана емес, тіпті аттарын да алтынмен аптаған. Оны неше түрлі оюмен әрлеген. Сондай керемет аристократиялық, салтанатты тірлік құрған елді жабайыларға жатқыза алмасақ керек.    Кешегі совет үкіметі Наурыз мерекесіне тыйым салып, тойлатқызбай тастады. Бұның ең басты себебі - Наурыз мерекесі бүкіл Түрік халқын бірлікке тұтастыққа шақыратын мереке еді.  Бірақ Халықтың ата-бабасынан келе жатқан дәстүрі қанша қысым жасағанмен, өшпейді екен, жоғалмайды екен. Кешегі тәуелсіздік алған күні сол қалпында қайтадан келді.   Бұл - біз үшін Жаңа жыл. Бүгіннен бастап күн мен түн теңеліп, жылдың алғашқы күні басталады. Ал жаңа жылда әр адам жақсылық тілейді. Мен де еліме жақсылық тілеймін. Рухы биік, ұлағатты ел болғанын тілеймін.    Халық басшысы болмағандықтан азбайды, әділеттілік болмаған жерде азады, Халық кедейліктен азбайды, адамдары адамдық құндылықтан, кісілік парасаттылықтан айырылып қалған кезде азады. Осы жаңа жылда халқымыз қазақы қалпына келіп, әлемдегі өркениетті, мәдениетті ел болса екен деп тілеймін", - дейді Алашқа ақжарма тілегін жолдаған Қойшығара Салғараұлы. BAQ.kz

Кеңес үкіметінің Наурыз мерекесіне тыйым салып, тойлатқызбай тастауының басты себебі оның бүкіл Түркі халқын бірлікке тұтастыққа шақыратын мереке болуында еді. Baq.kz арқылы Алаш жұртына мерекелік құттықтау жолдаған белгілі жазушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қойшығара Салғараұлы осылай дейді. 

"Наурыз - бір қазақ халқының ғана емес түркі халықтарының ежелден келе жатқан төл мерекесі. Бұл күнді ата-бабамыз жаңа жыл, жаңа күн деп тойлаған. "Жас күн" деп атаған. Кейін бұл мереке парсылардың ықпалымен Наурыз деп аталған. Наурыз дегеннің өзі "жаңа күн", "жас күн" деген сөз", дейді тарихшы. 

"Бұл күндері Түркі халықтары кие тұтатын жерлеріне барып, Көк тәңірінің, Жер ананың, ата-баба аруағының құрметіне арнайы құрбандықтар шалатын болған. Бұл - қараңғылықты жарықтың, жамандықты жақсылықтың жеңген күні.
 
 
Түркі халқы ежелгі өркениеттің ошағына от жағып тұтатқан халықтардың бірі. Көшпелілер жабайы ел болған жоқ. Бұл далада ұлы мәдениет болған. Оны Сақ қорғанынан табылып жатқан жәдігерлер дәлелдейді. Ата-бабамыз өзін ғана емес, тіпті аттарын да алтынмен аптаған. Оны неше түрлі оюмен әрлеген. Сондай керемет аристократиялық, салтанатты тірлік құрған елді жабайыларға жатқыза алмасақ керек. 
 
Кешегі совет үкіметі Наурыз мерекесіне тыйым салып, тойлатқызбай тастады. Бұның ең басты себебі - Наурыз мерекесі бүкіл Түрік халқын бірлікке тұтастыққа шақыратын мереке еді. 
Бірақ Халықтың ата-бабасынан келе жатқан дәстүрі қанша қысым жасағанмен, өшпейді екен, жоғалмайды екен. Кешегі тәуелсіздік алған күні сол қалпында қайтадан келді.
 
Бұл - біз үшін Жаңа жыл. Бүгіннен бастап күн мен түн теңеліп, жылдың алғашқы күні басталады. Ал жаңа жылда әр адам жақсылық тілейді. Мен де еліме жақсылық тілеймін. Рухы биік, ұлағатты ел болғанын тілеймін. 
 
Халық басшысы болмағандықтан азбайды, әділеттілік болмаған жерде азады, Халық кедейліктен азбайды, адамдары адамдық құндылықтан, кісілік парасаттылықтан айырылып қалған кезде азады. Осы жаңа жылда халқымыз қазақы қалпына келіп, әлемдегі өркениетті, мәдениетті ел болса екен деп тілеймін", - дейді Алашқа ақжарма тілегін жолдаған Қойшығара Салғараұлы.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар