Қандастар Ассамблея

Атыраулық кейуана Наурыз мерекесімен қатар келетін туған күнінде 107 жасқа толды

23.03.2013 2070
Атыраулық Зияда Бөлесова биыл 107 жасқа толды. Кейуана Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келетін туған күнін балаларымен бірге атап өтуді дәстүрге айналдырған. Өз кіндігінен тараған 5 баладан өрбіген ұрпақтар саны бүгінде, шөбере-шөпшектерді қосқанда, 118 адамға жетіпті. Көзі аздап сыр бергенімен, көкірегі ояу, теледидардағы жаңалықтарды құр жіберген емес. Кейуана өзін сергек сезінеді. Әжей өмірінде бел жазып демалып көрген емес, қанша бейнет шегіп, тұрмыс тауқыметін тартса да мұқалмаған жан. Зияда БӨЛЕСОВА, қала тұрғыны: - Арманым жоқ. Бәрін де жасадық, жұмысты мұңаймай жасап едік. Құдай бағыма берді ғой. Құмаршық қақтық шағылдан жасамағанымыз жоқ. Кеңшардың 15 сиырын саудық. Қой да бақтық. Зияда Бөлесова 1906 жылы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін 30 жылдай сауыншы болған. «Осы күнге жеткізген де сол тынымсыз еңбектің арақсы», – дейді әжей. Райхан БӨЛЕСОВА, қызы: - Үкімет жақсы қарасып отыр. Мереке сайын құттықтап келеді. Жағдайымыз жақсы, 4-5 бөлмелі үйіміз бар. Балалар жұмыста. Үкіметке көп рахметімді айтамын. Наурыз мерекесі бұл отбасы үшін қос мейрам. Жыл сайын көктемнің осы жайма-шуақ мезгілінде алыс-жақындағы ұрпағы жиналып, қарияның батасын алу үрдісі қалыптасқан. Әжейдің бүгінде 34 немере, 64 шөбере және 15 шөпшегі бар. Осынша жанның өмірге келуіне себепкер болған, қазақтың нағыз батыр аналарының бірегейі деуге болады. Зияда Бөлесова патшалықтың бодан заманын да, қызылдардың қырғынын да өз көзімен көрген. Бүгінгідей бейбіт дәуірде бейнетінің зейнетін көріп отырған кейуана қазақ елі тәуелсіздігінің баянды болуын тілейді. 24 kz

Атыраулық Зияда Бөлесова биыл 107 жасқа толды. Кейуана Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келетін туған күнін балаларымен бірге атап өтуді дәстүрге айналдырған.

Өз кіндігінен тараған 5 баладан өрбіген ұрпақтар саны бүгінде, шөбере-шөпшектерді қосқанда, 118 адамға жетіпті. Көзі аздап сыр бергенімен, көкірегі ояу, теледидардағы жаңалықтарды құр жіберген емес. Кейуана өзін сергек сезінеді. Әжей өмірінде бел жазып демалып көрген емес, қанша бейнет шегіп, тұрмыс тауқыметін тартса да мұқалмаған жан.

Зияда БӨЛЕСОВА, қала тұрғыны:

- Арманым жоқ. Бәрін де жасадық, жұмысты мұңаймай жасап едік. Құдай бағыма берді ғой. Құмаршық қақтық шағылдан жасамағанымыз жоқ. Кеңшардың 15 сиырын саудық. Қой да бақтық.

Зияда Бөлесова 1906 жылы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін 30 жылдай сауыншы болған. «Осы күнге жеткізген де сол тынымсыз еңбектің арақсы», – дейді әжей.

Райхан БӨЛЕСОВА, қызы:

- Үкімет жақсы қарасып отыр. Мереке сайын құттықтап келеді. Жағдайымыз жақсы, 4-5 бөлмелі үйіміз бар. Балалар жұмыста. Үкіметке көп рахметімді айтамын.

Наурыз мерекесі бұл отбасы үшін қос мейрам. Жыл сайын көктемнің осы жайма-шуақ мезгілінде алыс-жақындағы ұрпағы жиналып, қарияның батасын алу үрдісі қалыптасқан. Әжейдің бүгінде 34 немере, 64 шөбере және 15 шөпшегі бар. Осынша жанның өмірге келуіне себепкер болған, қазақтың нағыз батыр аналарының бірегейі деуге болады. Зияда Бөлесова патшалықтың бодан заманын да, қызылдардың қырғынын да өз көзімен көрген. Бүгінгідей бейбіт дәуірде бейнетінің зейнетін көріп отырған кейуана қазақ елі тәуелсіздігінің баянды болуын тілейді.

24 kz

Ұқсас материалдар