Қандастар Ассамблея

«Жаншуақты әжелер» мереке қарсаңында әннен шуақ шашты (видео)

21.03.2013 2996
Қызылордалық «Жаншуақты әжелер» ансамблі – бүгінде ауыл-аймақтың шырайын кіргізген ұжым. Сырдария ауданы Бесарық ауылының алтын қазығы болған әжелер – ұлттық өнер мен салт-дәстүрдің жарқын жалғаушысы. Фольклорлық ансамбльдегі 14 әжей аудандағы барлық шараның сәні мен мәні. «Жаншуақты әжелер» ансамблінің құрылғанына 7 жылдай болды. Содан бері тәлімі мен түйгені көп ақ жаулықты аналар ғибратын өскелең ұрпаққа сіңіріп келеді. 30 жыл білім дәнін сепкен Хадиша Балташева 10 баланы дүниеге әкелген батыр ана. Ол – өнер ұжымындағы ең жасы үлкені. Хадиша БАЛТАШЕВА,ансамбль мүшесі: - Қазір біздің әжелеріміз 3 тілде өлең айтады. Орыс, қазақ, ағылшын тілінде. Енді оны ары қарай дамытуымыз да мүмкін. Басқа би, күй өнерлері де бар. Көпті көрген әжелер өнерді өрге сүйреумен қатар, ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып келеді. Ән айта жүріп, құрақ көрпе, сырмақ тігіп, кілем тоқитын ісмер әжелер әдет-ғұрыптың жанданғанына марқаяды.  Оразкүл АХМЕТОВА, ансамбль жетекшісі: - Салтымыздың өшкені тіріліп, ұмыт қалған өнеріміз қайта жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай аманат болып қалып жатса, біз үшін сол үлкен мәртебе. Ақ тілекті, ақ жаулықты әжелердің басты мақсаты – тілегі сол, қарақтарым. Халық әндерінің қаймағын бұзбай шырқайтын әжелер отандық сазгерлердің де туындыларын орындайды. Ән айтса жасарып, жадырап қалатын қариялар елдің елдігі ұлттық өнерде деп біледі. Авторлар: Қамбар Бекенов, Альхайдар Тұрлыханов  

Қызылордалық «Жаншуақты әжелер» ансамблі – бүгінде ауыл-аймақтың шырайын кіргізген ұжым.

Сырдария ауданы Бесарық ауылының алтын қазығы болған әжелер – ұлттық өнер мен салт-дәстүрдің жарқын жалғаушысы. Фольклорлық ансамбльдегі 14 әжей аудандағы барлық шараның сәні мен мәні.

«Жаншуақты әжелер» ансамблінің құрылғанына 7 жылдай болды. Содан бері тәлімі мен түйгені көп ақ жаулықты аналар ғибратын өскелең ұрпаққа сіңіріп келеді. 30 жыл білім дәнін сепкен Хадиша Балташева 10 баланы дүниеге әкелген батыр ана. Ол – өнер ұжымындағы ең жасы үлкені.

Хадиша БАЛТАШЕВА,ансамбль мүшесі:

- Қазір біздің әжелеріміз 3 тілде өлең айтады. Орыс, қазақ, ағылшын тілінде. Енді оны ары қарай дамытуымыз да мүмкін. Басқа би, күй өнерлері де бар.

Көпті көрген әжелер өнерді өрге сүйреумен қатар, ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып келеді. Ән айта жүріп, құрақ көрпе, сырмақ тігіп, кілем тоқитын ісмер әжелер әдет-ғұрыптың жанданғанына марқаяды. 

Оразкүл АХМЕТОВА, ансамбль жетекшісі:

- Салтымыздың өшкені тіріліп, ұмыт қалған өнеріміз қайта жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай аманат болып қалып жатса, біз үшін сол үлкен мәртебе. Ақ тілекті, ақ жаулықты әжелердің басты мақсаты – тілегі сол, қарақтарым.

Халық әндерінің қаймағын бұзбай шырқайтын әжелер отандық сазгерлердің де туындыларын орындайды. Ән айтса жасарып, жадырап қалатын қариялар елдің елдігі ұлттық өнерде деп біледі.

Авторлар: Қамбар Бекенов, Альхайдар Тұрлыханов

 

Ұқсас материалдар