Қандастар Ассамблея

Көкшетауда «Наурыз аруы» байқауы өтті

21.03.2013 2742
Көкшетаудың қыздары «Наурыз аруы» атағы үшін бақ сынасты, деп хабарлайды BNews.kz. 17 мен 25 жас аралығындағы қыздарымыз үш кезеңнен тұратын жарысқа түсті. Олар: таныстыру (өлеңмен өз туған жерін суреттеу); қазақ халқының салты мен дәстүрінен театрланған көрініс көрсету және соңғысы «Өнерім – өмірім» атты шығармашылық байқау (ән айту, би билеу, қол өнер, ұлттық аспапта ойнау, спорттық көрініс қойылымдары). Қыздардың өнерін бағалайтын қазылар алқасы тілдер басқармасының, мемлекеттік тілді үйрету орталығының, мұсылман әйелдер одағының және БАҚ өкілдерінен жасақталды.  Байқау қорытындысы бойынша гран-при мен бас жүлдеге (плазмалық теледидар) Ақан Сері атындағы Көкшетау колледжінің студенті Мәдина Өсербаева ие болды.    Шараға Көкшетау қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мұрындық болды.  

Көкшетаудың қыздары «Наурыз аруы» атағы үшін бақ сынасты, деп хабарлайды BNews.kz.

17 мен 25 жас аралығындағы қыздарымыз үш кезеңнен тұратын жарысқа түсті. Олар: таныстыру (өлеңмен өз туған жерін суреттеу); қазақ халқының салты мен дәстүрінен театрланған көрініс көрсету және соңғысы «Өнерім – өмірім» атты шығармашылық байқау (ән айту, би билеу, қол өнер, ұлттық аспапта ойнау, спорттық көрініс қойылымдары).

Қыздардың өнерін бағалайтын қазылар алқасы тілдер басқармасының, мемлекеттік тілді үйрету орталығының, мұсылман әйелдер одағының және БАҚ өкілдерінен жасақталды. 

Байқау қорытындысы бойынша гран-при мен бас жүлдеге (плазмалық теледидар) Ақан Сері атындағы Көкшетау колледжінің студенті Мәдина Өсербаева ие болды. 
 
Шараға Көкшетау қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мұрындық болды.

 

Ұқсас материалдар