Қазақстан Республикасы: Ұлттық Ғылым Академиясы

08.11.2012 23770
  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 жыл Қазақстан Республикасы: Ұлттық Ғылым Академиясы (ҚР ҰҒА), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы – республиканың жоғары ғылыми мекемесі. 1946 ж. 31 мамырда КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі негізінде құрылды. Бөлімшеде 16 ғыл.-зерт. ин-ты, 8 сектор, 7 тәжірибе ст., 3 ботаника бағы болды. Оларда 1400 қызметкер, оның ішінде 57 ғылым докт., 184 ғылым канд. жұмыс істеді. 1946 ж. 1 маусымда ҚазКСР ҒА салтанатты түрде ашылды. Академияның алғашқы құрамына 14 акад.: М.О. Әуезов, Ә.Б. Бектұров, И.Г. Галузо, М.И. Горяев, А.Қ. Жұбанов, Н.Г. Кассин, І.К. Кеңесбаев, Н.В. Павлов, М.П. Русаков, Қ.И. Сәтбаев, Н.Т. Сауранбаев, Г.А. Тихов, В.Г. Фесенков, С.В. Юшков кірді. ҚҰҒА-ның бірінші президенті болып көрнекті ғалым, қайраткер, акад. Қ.И. Сәтбаев сайланды. Академия жанынан 4 бөлімше: геология-география, техника және химия ғылымдары; физика-математика ғылымдары; қоғамдық ғылымдар бөлімшелері құрылды. Бұл бөлімшелер 16 ғыл.-зерт. ин-тын, 9 секторды, респ. астрон. обсерваторияны, респ. ботаника бағын біріктірді. 1983 ж. ҚазКСР ҒА-ның Орт. Қазақстан бөлімшесі құрылды. Оның құрамына Химия-металлургия ин-ты, Бас ботаника бағының бөлімшесі, Кен ісі, Геологиялық ғылымдар және Экономика ин-ттарының бөлімдері кірді. Сол жылы география және ионосфера секторларының негізінде География және Ионосфера ин-ттары ашылды. 1987 ж. ҚазКСР ҒА құрамында 33 ғыл. мекеме болды. Онда 4411 ғыл. қызметкер, оның ішінде 237 ғылым докт. және 1811 ғылым канд. жұмыс істеді. Олардың 47-сі академияның толық мүшесі, 82-сі корр. мүшесі еді. Академия жоғ. ғыл. мекеме ретінде жаратылыстану, техника, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар саласында іргелі зерттеулер жүргізетін академиялық ғыл.-зерт. ин-ттарының жұмысын үйлестірді. Одақтас республикалар ғылым академиялары қатарында ҚР ҰҒА құрметті 3 – 4 орын алып, зор ғыл. әлуетке ие болды. Тәуелсіздік жылдары академия бірқатар құрылымдық өзгерістерге ұшырады. 1991 ж. 20 наурызда Ғылым академиясына жаңа ғыл. мекемелер құру мен іргелі ғыл. зерттеулер бағыттарын айқындау мақсатында кеңейтілген құқық берілді. Жаңа бағытта зерттеулерді дамыту үшін академия құрамында жаңадан 8 ин-т ашылды. Олар: Физ.-тех., Механика және машинатану, Археология, Ғарыштық зерттеулер, Информатика және басқару мәселелері, Мемлекет және құқық, Қолданбалы математика, Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері ин-ттары. ҚР Президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы “Республиканың ғылыми-техникалық қуатын дамыту және ғылымды ұйымдастыруды жетілдіру шаралары туралы” Жарлығы бойынша бұрынғы әскери-өнеркәсіп кешендерінің бірқатар өндірістері мен ҒА-ның салалық және мамандандырылған ин-ттары негізінде алғаш рет Радиоэлектроника мен байланыс, Минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу, Биотехнология ұлттық ғыл. орталықтары, сондай-ақ, Ұлттық ядр. орт. құрылды. Орталықтардың негізгі іс-әрекеттері Үкімет тарапынан бекітілген “Телекоммуникация мен байланыстың қазіргі заманғы жүйесін жасау”, “Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, медицинада гендік-инженерлік және биотехнологиялық әдістерді қолдану”, “Қазақстанда атом энергетикасын дамыту” секілді респ. мақсатты ғыл.-тех. бағдарламаларға арналды. Кейін тағы да бірнеше респ. мақсатты бағдарламалар қосылды: ғыл.-тех. ақпараттар мемл. жүйесін дамыту; халық ш-н ақпараттандыру; қоймалық мұнайды қайта өңдеу бойынша шағын з-ттар құру және өндірістік игеру; отандық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мақсатында фитопрепараттар жасау; машина жасау саласының ғыл.-тех. мәселелері және тиімділігі жоғары машиналар мен құралдар құрастыру; агроөнеркәсіп кешенін ғыл. қамтамасыз ету. ҚР ҰҒА-ның төралқасы тарапынан сыртқы экон. байланыстарды дамыту мен инновациялық, коммерц. іс-әрекеттер мәселесіне назар аударылды. 43 ғыл.-тех. коммерц. құрылым, оның ішінде 5 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеді. 1995 ж. 21 шілдеде ҚР ҰҒА-на мүшелікке сайлау өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Академияның 1 толық мүшесі және 32 корр. мүшесі сайланды. ҚР ҰҒА-ның шетелдік толық мүшелері болып Ресей ҒА-ның президенті Ю.С. Осипов, Украина ҰҒА-ның президенті Б.А. Патон, доктор Абдул Кадыр Хан (Пәкстан) сайланды. 1995 ж. 8 – 9 тамызда ЮНЕСКО шеңберінде Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толуына арналған академияның мерейтойлық сессиясы өтті. Сессия жұмысына 50-ден астам ғалым мен әлемнің 22 елінен келген мемлекет және қоғам қайраткерлері, БҰҰ мен ЮНЕСКО, Қазақстандағы халықар. ұйымдар мен шет ел елшіліктерінің өкілдері қатысты. Осы жылы қазақстандық ғалымдардың бірлесе іс-қимыл жасауы мақсатында халықар. ынтымақтастық орнату үшін Халықар. ғыл.-тех. орт. мен Халықар. даму және ынтымақтастық ассоциациясының (ІNTAS) өкілдіктері құрылып, жұмыс істей бастады. 1995 ж. 31 желтоқсанда академияның 54 толық мүшесі мен 141 корр. мүшесі болды. Ғыл. қызметкерлер саны 2996-ға жетті, оның ішінде 408 ғылым докторы мен 1289 ғылым кандидаты болды. 1996 жылғы 11 наурызда ҚР ҰҒА, Қазақ а. ш. ғылымдар академиясы, Ғылым және жаңа технология мин. ҚР Үкіметінің құрамындағы орт. атқарушы органға бірігіп, ҚР Ғылым мин. (кейін ҚР Білім және ғылым мин.) – Ғылым академиясына айналды. Министрлік – Академия мемл. ғыл.-тех. саясат жүргізетін, тәуелсіз мемл. сараптама өткізу арқылы бәсекелестік негізінде іргелі және қолданбалы зерттеулердің мақсатты бағдарламаларын қаржыландыратын, ғылым мен техника саласындағы мемл. басқарудың бірегей органына айналды. Оның міндеті ғыл.-технол. саланы республикада жүріп жатқан қайта құруларға бейімдеу және оны нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстанның тұрақты дамуының негізіне айналдыру болды. Елдің әлеум.-экон. басымдылықтарына сәйкес іргелі зерттеулердің бағыттары қайта қаралып, тұжырымдалды. ҚР ҰҒА жүйесінде жаңа ғыл. мекемелер: Тағамтанудың аймақтық мәселелері ғыл. орт., Сыртқы экономика орт., Шығыстану орт., Социология және ұлтаралық қатынастар орт. құрылды. Министрлік – Академия қарамағына Ұлттық аэроғарыш агенттігі мен Атом энергетикасы агенттігі берілді. Физ.-тех. ин-ты Жоғары энергия физикасы ин-тымен бірігіп, қайта жасақталды және Шығыстану ин-ты құрылды. 1997 жыл ішінде бірнеше аса ірі халықар. шаралар, олардың қатарында: Азиялық термоядр. зерттеулер қорының 3-кеңесі; Ядр. қаруларды таратпау мәселелері бойынша конференция; Каспий т. аймағындағы қоршаған орта мәселелері бойынша ЮНЕСКО Кеңесі өткізілді. М.Әуезовтың 100 жылдығына арналған ҒМ – ҒА-ның Жалпы жиналысының сессиясына 23 халықар. ұйымнан өкілдер қатысты. 1999 ж. 12 ақпанда ҒМ – ҒА қайтадан ҚР Ұлттық ғылым академиясы болып құрылды. ҒМ – ҒА қарамағында болған барлық ғыл.-зерт. ин-ттары мен ғыл. ұйымдар ҚР Білім және ғылым мин-нің құзырлығына өтті. ҚР ҰҒА-ның құрамында 30 ғыл.-зерт. ин-ттың ғыл. қызметін үйлестіретін 5 ғыл. бөлімше: физ.-матем. ғылымдар, Жер туралы ғылымдар, хим.-технол. ғылымдар, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшелері, сондай-ақ, ғыл.-ұйымдық және халықар. бөлімшелер болды. ҚР ҰҒА қызметінің негізгі бағыттары: ғыл.-зерт. қызметі; ғылымның жай-күйі мен дамуына талдау және болжам жасау; ғылымның дамуы және ғыл. кадрлар даярлаудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар қалыптастыру; ғыл.-сараптамалық жұмыстарды қамтамасыз ету, ғыл.-зерт. бағдарламаларын қалыптастыру мен үйлестіруге қатысу, халықар. ғыл. ынтымақтастықты, инновац. және инвестиц. іс-қимылдарды дамытып, нығайтуға ат салысу. 1999 ж. ғыл.-зерт. ин-ттарының көпшілігі, сондай-ақ, өзге де ғыл.-тех. саладағы құрылымдар қазыналық кәсіпорындарға және шаруашылық жүргізу құқығына ие кәсіпорындарға айналып, коммерц. іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі айтарлықтай кеңейді. ҚР ҰҒА-ның 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған іргелі зерттеулердің басым бағыттары тізімі бекітілді. 1999 ж. іргелі зерттеулер 59 бағдарламаны қамтыды, оның ішінде “Ұлттық қауіпсіздік”, “Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім”, “Денсаулық, білім және азаматтардың денсаулығы” секілді мемл. басымдылықтарды жүзеге асыруға бағытталған бағдарламалар бар. ҚР ҰҒА ғалымдары еңбектерінің маңызды нәтижелері қатарына микроэлектроника үшін жаңа материалдар жасау, реакторлық материалтану, ғарыштық технология, халықар. бағдарлама шеңберінде қазақстандық ғалымдар зерттеулерінің кезекті кезеңінің аяқталуы мен “Мир” орбиталық ғарыштық ст-ндағы тәжірибелер, жаңа толқын катализаторларын жасау, қазақстандық мұнайды қайта өңдеу технологиясын жетілдіру және оның негізінде органик. синтездік өнімдер алуды жатқызуға болады. Ғылым академиясының геолог ғалымдары жүргізген іргелі зерттеулердің қорытындылары өтпелі кезеңдегі күрделі жағдайда өнімдері экспорттың елеулі бөлігін құрап келген еліміздің мұнай-газ кешені мен түсті және қара металлургия өнеркәсібі өндірістерін шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие вольфрам, молибден, ванадий, т.б. сирек кездесетін элементтер қорлары туралы болжамдар жасалынды. Биология және медицина ғылымдары саласында топырақ-өсімдік картасы жасалып, Қазақстанның жемісті өсімдіктері мен фаунасының жинақ қоры туралы мағлұматтар толықтырылды. Жер туралы ғылымдар саласында сейсмик. қауіпті аудандарды зерттеу кезінде сейсмик. топографияны қолдану арқылы жұмыс жасау қолға алынды, әрбір кен торабына қатысты Қазақстан аумағына геол.-экон. баға беру жүргізілді. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында қазақ мемлекеттілігі дамуының тарихы бойынша, түркі және қазақ философиясының тарихы, әлеум. және саяси философия тарихы, қазақ саяси мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы, қазақ тілінің академиялық грамматикасын жүйелеу, Қазақстанда демогр. реформалар жүргізу ерекшеліктерін айқындау, қазақстандық нарықтық экономика үлгілерінің қалыптасу теориясы мен тәжірибесі, Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларының дәстүрлі дамуы мен сақталынуы бойынша мемл. бағдарламаларды жүзеге асыру, т.б. зерттеулер жүргізілді. Академияның аймақтық бөлімдері: Астанада – Орт. Қазақстан бөлімі, Өскеменде – Шығ. бөлімі, Шымкентте – Оңт. Қазақстан бөлімі. 2002 ж. ҚР Үкіметінің қаулыларымен ҚР ҰҒА-ның Жарғысы мен қызметін Академия үйлестіретін респ. мемл. қазыналық кәсіпорындар (33 ғыл. ұйым) тізімі бекітілді. Іргелі зерттеулер жобаларын ғыл.-тех. сараптаумен қатар Академия елдің заң жобаларына ғыл. сараптама жасайды. ҚР ҰҒА жанында іргелі, бастамалық ғыл. зерттеулер, ғыл. кадрларды даярлау, ғалымдарға ғыл. стипендиялар тағайындау түрінде мақсатты қаржыландыруды жүзеге асыратын Ғылым қоры бар. Академия құрылымы: президент, 2 вице-президент, бас ғалым хатшы, 2 кеңесші, көмекші, әкімш. жетекшісі, 7 басқарма: Ғыл. ұйымдастыру, Ғыл. сараптаманы ұйымдастыру, Талдау және ғылымның дамуын болжау, Халықар. байланыстар, Ғыл. кадрлар, Қаржы-экон., Істер басқармалары, 6 салалық ғылым бөлімшелері және Ақпараттық-талдау орт. ҚР ҰҒА-ның 56 толық мүшесі, 143 корр. мүшесі бар (2003). ҚР ҰҒА алғашқы президенттері қызметін әр жылдары Қ.И. Сәтбаев (1946 – 52 және 1955 – 64), Д.А. Қонаев (1952 – 55), т.б. болды. 2003 жылғы 21 қазанда “Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы” қоғамдық бірлестік болып қайта құрылды. М. Мұхамеджанов, А. Қалибасұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  

 


Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012 жыл

Қазақстан Республикасы: Ұлттық Ғылым Академиясы (ҚР ҰҒА), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы – республиканың жоғары ғылыми мекемесі. 1946 ж. 31 мамырда КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі негізінде құрылды. Бөлімшеде 16 ғыл.-зерт. ин-ты, 8 сектор, 7 тәжірибе ст., 3 ботаника бағы болды. Оларда 1400 қызметкер, оның ішінде 57 ғылым докт., 184 ғылым канд. жұмыс істеді. 1946 ж. 1 маусымда ҚазКСР ҒА салтанатты түрде ашылды. Академияның алғашқы құрамына 14 акад.: М.О. Әуезов, Ә.Б. Бектұров, И.Г. Галузо, М.И. Горяев, А.Қ. Жұбанов, Н.Г. Кассин, І.К. Кеңесбаев, Н.В. Павлов, М.П. Русаков, Қ.И. Сәтбаев, Н.Т. Сауранбаев, Г.А. Тихов, В.Г. Фесенков, С.В. Юшков кірді. ҚҰҒА-ның бірінші президенті болып көрнекті ғалым, қайраткер, акад. Қ.И. Сәтбаев сайланды. Академия жанынан 4 бөлімше: геология-география, техника және химия ғылымдары; физика-математика ғылымдары; қоғамдық ғылымдар бөлімшелері құрылды. Бұл бөлімшелер 16 ғыл.-зерт. ин-тын, 9 секторды, респ. астрон. обсерваторияны, респ. ботаника бағын біріктірді. 1983 ж. ҚазКСР ҒА-ның Орт. Қазақстан бөлімшесі құрылды. Оның құрамына Химия-металлургия ин-ты, Бас ботаника бағының бөлімшесі, Кен ісі, Геологиялық ғылымдар және Экономика ин-ттарының бөлімдері кірді. Сол жылы география және ионосфера секторларының негізінде География және Ионосфера ин-ттары ашылды. 1987 ж. ҚазКСР ҒА құрамында 33 ғыл. мекеме болды. Онда 4411 ғыл. қызметкер, оның ішінде 237 ғылым докт. және 1811 ғылым канд. жұмыс істеді. Олардың 47-сі академияның толық мүшесі, 82-сі корр. мүшесі еді. Академия жоғ. ғыл. мекеме ретінде жаратылыстану, техника, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар саласында іргелі зерттеулер жүргізетін академиялық ғыл.-зерт. ин-ттарының жұмысын үйлестірді. Одақтас республикалар ғылым академиялары қатарында ҚР ҰҒА құрметті 3 – 4 орын алып, зор ғыл. әлуетке ие болды. Тәуелсіздік жылдары академия бірқатар құрылымдық өзгерістерге ұшырады. 1991 ж. 20 наурызда Ғылым академиясына жаңа ғыл. мекемелер құру мен іргелі ғыл. зерттеулер бағыттарын айқындау мақсатында кеңейтілген құқық берілді. Жаңа бағытта зерттеулерді дамыту үшін академия құрамында жаңадан 8 ин-т ашылды. Олар: Физ.-тех., Механика және машинатану, Археология, Ғарыштық зерттеулер, Информатика және басқару мәселелері, Мемлекет және құқық, Қолданбалы математика, Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері ин-ттары.

ҚР Президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы “Республиканың ғылыми-техникалық қуатын дамыту және ғылымды ұйымдастыруды жетілдіру шаралары туралы” Жарлығы бойынша бұрынғы әскери-өнеркәсіп кешендерінің бірқатар өндірістері мен ҒА-ның салалық және мамандандырылған ин-ттары негізінде алғаш рет Радиоэлектроника мен байланыс, Минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу, Биотехнология ұлттық ғыл. орталықтары, сондай-ақ, Ұлттық ядр. орт. құрылды. Орталықтардың негізгі іс-әрекеттері Үкімет тарапынан бекітілген “Телекоммуникация мен байланыстың қазіргі заманғы жүйесін жасау”, “Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, медицинада гендік-инженерлік және биотехнологиялық әдістерді қолдану”, “Қазақстанда атом энергетикасын дамыту” секілді респ. мақсатты ғыл.-тех. бағдарламаларға арналды. Кейін тағы да бірнеше респ. мақсатты бағдарламалар қосылды: ғыл.-тех. ақпараттар мемл. жүйесін дамыту; халық ш-н ақпараттандыру; қоймалық мұнайды қайта өңдеу бойынша шағын з-ттар құру және өндірістік игеру; отандық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мақсатында фитопрепараттар жасау; машина жасау саласының ғыл.-тех. мәселелері және тиімділігі жоғары машиналар мен құралдар құрастыру; агроөнеркәсіп кешенін ғыл. қамтамасыз ету. ҚР ҰҒА-ның төралқасы тарапынан сыртқы экон. байланыстарды дамыту мен инновациялық, коммерц. іс-әрекеттер мәселесіне назар аударылды. 43 ғыл.-тех. коммерц. құрылым, оның ішінде 5 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеді. 1995 ж. 21 шілдеде ҚР ҰҒА-на мүшелікке сайлау өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Академияның 1 толық мүшесі және 32 корр. мүшесі сайланды. ҚР ҰҒА-ның шетелдік толық мүшелері болып Ресей ҒА-ның президенті Ю.С. Осипов, Украина ҰҒА-ның президенті Б.А. Патон, доктор Абдул Кадыр Хан (Пәкстан) сайланды.

1995 ж. 8 – 9 тамызда ЮНЕСКО шеңберінде Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толуына арналған академияның мерейтойлық сессиясы өтті. Сессия жұмысына 50-ден астам ғалым мен әлемнің 22 елінен келген мемлекет және қоғам қайраткерлері, БҰҰ мен ЮНЕСКО, Қазақстандағы халықар. ұйымдар мен шет ел елшіліктерінің өкілдері қатысты. Осы жылы қазақстандық ғалымдардың бірлесе іс-қимыл жасауы мақсатында халықар. ынтымақтастық орнату үшін Халықар. ғыл.-тех. орт. мен Халықар. даму және ынтымақтастық ассоциациясының (ІNTAS) өкілдіктері құрылып, жұмыс істей бастады.

1995 ж. 31 желтоқсанда академияның 54 толық мүшесі мен 141 корр. мүшесі болды. Ғыл. қызметкерлер саны 2996-ға жетті, оның ішінде 408 ғылым докторы мен 1289 ғылым кандидаты болды. 1996 жылғы 11 наурызда ҚР ҰҒА, Қазақ а. ш. ғылымдар академиясы, Ғылым және жаңа технология мин. ҚР Үкіметінің құрамындағы орт. атқарушы органға бірігіп, ҚР Ғылым мин. (кейін ҚР Білім және ғылым мин.) – Ғылым академиясына айналды. Министрлік – Академия мемл. ғыл.-тех. саясат жүргізетін, тәуелсіз мемл. сараптама өткізу арқылы бәсекелестік негізінде іргелі және қолданбалы зерттеулердің мақсатты бағдарламаларын қаржыландыратын, ғылым мен техника саласындағы мемл. басқарудың бірегей органына айналды. Оның міндеті ғыл.-технол. саланы республикада жүріп жатқан қайта құруларға бейімдеу және оны нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстанның тұрақты дамуының негізіне айналдыру болды. Елдің әлеум.-экон. басымдылықтарына сәйкес іргелі зерттеулердің бағыттары қайта қаралып, тұжырымдалды. ҚР ҰҒА жүйесінде жаңа ғыл. мекемелер: Тағамтанудың аймақтық мәселелері ғыл. орт., Сыртқы экономика орт., Шығыстану орт., Социология және ұлтаралық қатынастар орт. құрылды. Министрлік – Академия қарамағына Ұлттық аэроғарыш агенттігі мен Атом энергетикасы агенттігі берілді. Физ.-тех. ин-ты Жоғары энергия физикасы ин-тымен бірігіп, қайта жасақталды және Шығыстану ин-ты құрылды. 1997 жыл ішінде бірнеше аса ірі халықар. шаралар, олардың қатарында: Азиялық термоядр. зерттеулер қорының 3-кеңесі; Ядр. қаруларды таратпау мәселелері бойынша конференция; Каспий т. аймағындағы қоршаған орта мәселелері бойынша ЮНЕСКО Кеңесі өткізілді. М.Әуезовтың 100 жылдығына арналған ҒМ – ҒА-ның Жалпы жиналысының сессиясына 23 халықар. ұйымнан өкілдер қатысты. 1999 ж. 12 ақпанда ҒМ – ҒА қайтадан ҚР Ұлттық ғылым академиясы болып құрылды. ҒМ – ҒА қарамағында болған барлық ғыл.-зерт. ин-ттары мен ғыл. ұйымдар ҚР Білім және ғылым мин-нің құзырлығына өтті. ҚР ҰҒА-ның құрамында 30 ғыл.-зерт. ин-ттың ғыл. қызметін үйлестіретін 5 ғыл. бөлімше: физ.-матем. ғылымдар, Жер туралы ғылымдар, хим.-технол. ғылымдар, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшелері, сондай-ақ, ғыл.-ұйымдық және халықар. бөлімшелер болды. ҚР ҰҒА қызметінің негізгі бағыттары: ғыл.-зерт. қызметі; ғылымның жай-күйі мен дамуына талдау және болжам жасау; ғылымның дамуы және ғыл. кадрлар даярлаудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар қалыптастыру; ғыл.-сараптамалық жұмыстарды қамтамасыз ету, ғыл.-зерт. бағдарламаларын қалыптастыру мен үйлестіруге қатысу, халықар. ғыл. ынтымақтастықты, инновац. және инвестиц. іс-қимылдарды дамытып, нығайтуға ат салысу.

1999 ж. ғыл.-зерт. ин-ттарының көпшілігі, сондай-ақ, өзге де ғыл.-тех. саладағы құрылымдар қазыналық кәсіпорындарға және шаруашылық жүргізу құқығына ие кәсіпорындарға айналып, коммерц. іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі айтарлықтай кеңейді. ҚР ҰҒА-ның 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған іргелі зерттеулердің басым бағыттары тізімі бекітілді. 1999 ж. іргелі зерттеулер 59 бағдарламаны қамтыды, оның ішінде “Ұлттық қауіпсіздік”, “Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім”, “Денсаулық, білім және азаматтардың денсаулығы” секілді мемл. басымдылықтарды жүзеге асыруға бағытталған бағдарламалар бар. ҚР ҰҒА ғалымдары еңбектерінің маңызды нәтижелері қатарына микроэлектроника үшін жаңа материалдар жасау, реакторлық материалтану, ғарыштық технология, халықар. бағдарлама шеңберінде қазақстандық ғалымдар зерттеулерінің кезекті кезеңінің аяқталуы мен “Мир” орбиталық ғарыштық ст-ндағы тәжірибелер, жаңа толқын катализаторларын жасау, қазақстандық мұнайды қайта өңдеу технологиясын жетілдіру және оның негізінде органик. синтездік өнімдер алуды жатқызуға болады. Ғылым академиясының геолог ғалымдары жүргізген іргелі зерттеулердің қорытындылары өтпелі кезеңдегі күрделі жағдайда өнімдері экспорттың елеулі бөлігін құрап келген еліміздің мұнай-газ кешені мен түсті және қара металлургия өнеркәсібі өндірістерін шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие вольфрам, молибден, ванадий, т.б. сирек кездесетін элементтер қорлары туралы болжамдар жасалынды. Биология және медицина ғылымдары саласында топырақ-өсімдік картасы жасалып, Қазақстанның жемісті өсімдіктері мен фаунасының жинақ қоры туралы мағлұматтар толықтырылды. Жер туралы ғылымдар саласында сейсмик. қауіпті аудандарды зерттеу кезінде сейсмик. топографияны қолдану арқылы жұмыс жасау қолға алынды, әрбір кен торабына қатысты Қазақстан аумағына геол.-экон. баға беру жүргізілді. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында қазақ мемлекеттілігі дамуының тарихы бойынша, түркі және қазақ философиясының тарихы, әлеум. және саяси философия тарихы, қазақ саяси мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы, қазақ тілінің академиялық грамматикасын жүйелеу, Қазақстанда демогр. реформалар жүргізу ерекшеліктерін айқындау, қазақстандық нарықтық экономика үлгілерінің қалыптасу теориясы мен тәжірибесі, Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларының дәстүрлі дамуы мен сақталынуы бойынша мемл. бағдарламаларды жүзеге асыру, т.б. зерттеулер жүргізілді. Академияның аймақтық бөлімдері: Астанада – Орт. Қазақстан бөлімі, Өскеменде – Шығ. бөлімі, Шымкентте – Оңт. Қазақстан бөлімі. 2002 ж. ҚР Үкіметінің қаулыларымен ҚР ҰҒА-ның Жарғысы мен қызметін Академия үйлестіретін респ. мемл. қазыналық кәсіпорындар (33 ғыл. ұйым) тізімі бекітілді. Іргелі зерттеулер жобаларын ғыл.-тех. сараптаумен қатар Академия елдің заң жобаларына ғыл. сараптама жасайды. ҚР ҰҒА жанында іргелі, бастамалық ғыл. зерттеулер, ғыл. кадрларды даярлау, ғалымдарға ғыл. стипендиялар тағайындау түрінде мақсатты қаржыландыруды жүзеге асыратын Ғылым қоры бар. Академия құрылымы: президент, 2 вице-президент, бас ғалым хатшы, 2 кеңесші, көмекші, әкімш. жетекшісі, 7 басқарма: Ғыл. ұйымдастыру, Ғыл. сараптаманы ұйымдастыру, Талдау және ғылымның дамуын болжау, Халықар. байланыстар, Ғыл. кадрлар, Қаржы-экон., Істер басқармалары, 6 салалық ғылым бөлімшелері және Ақпараттық-талдау орт. ҚР ҰҒА-ның 56 толық мүшесі, 143 корр. мүшесі бар (2003). ҚР ҰҒА алғашқы президенттері қызметін әр жылдары Қ.И. Сәтбаев (1946 – 52 және 1955 – 64), Д.А. Қонаев (1952 – 55), т.б. болды. 2003 жылғы 21 қазанда “Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы” қоғамдық бірлестік болып қайта құрылды.

М. Мұхамеджанов, А. Қалибасұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Ұқсас материалдар