Қандастар Ассамблея

Ұлттық ойынды жаңғыртуда (видео)

20.03.2013 2499
Көкшетауда ұлыстың ұлы күні қарсаңында мектеп оқушылары арасында асық ойынынан «Алтын сақа» жарысы өтті. Іс-шара ұмыт бола бастаған ұлттық ойынды қайта жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған. «Алтын сақа» жарысы биыл екінші рет өтіп отыр. Шараға мұрындық болған – Ақмола облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық қорының төрағасы Мейрамбек Киіков. Оның айтуынша, түрлі жаттығуларды қамтып, қатысушыны қызықтыратын ойын, әрі денсаулыққа да пайдалы. Әсіресе, дәлдеу арқылы балалар көзге арналған жан-жақты жаттығуды жасайды. Биылғы жарыс Назарбаев зияткердік мектебінің спорт залында өтті. Онда асық атудың «Асық ату», «Үш табан», «Хан талапай» және  «Бес асық» атты төрт түрі қамтылды. Бұл сайысқа Көкшетаудың 11 мектебінен 6 команда қатысты. Алдағы уақытта сайысты ұйымдастырушы асық ойыны бойынша федерацияны құруды көздеп отыр. Ернар МҰҚАШТЕГІ, жарысқа қатысушы: - Мен асық ойынын жақсы көремін. Ол менің білімімді жәні ойымды дамытады. Мен асықты ауылда және далада дос балаларыммен ойнаймын. Ойынның шартын білемін. Үш табан сайысына қатысамын. Мейрамбек КИІКОВ, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық қорының  төрағасы, жоба авторы: - Бұл дәстүрлі ойын. Бала кезімізде ойнағанбыз, бірақ соңғы кезде балалар интернет арқылы компьютермен шетелдің ойынына еліктеп кетті. Бұл балалардың денсаулығын сақтау үшін өте жақсы ойын. Ептілікке, ойлауға тәрбиелейді. Ойнап отырып ережені бұзбау қажет.

Көкшетауда ұлыстың ұлы күні қарсаңында мектеп оқушылары арасында асық ойынынан «Алтын сақа» жарысы өтті.

Іс-шара ұмыт бола бастаған ұлттық ойынды қайта жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған. «Алтын сақа» жарысы биыл екінші рет өтіп отыр. Шараға мұрындық болған – Ақмола облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық қорының төрағасы Мейрамбек Киіков. Оның айтуынша, түрлі жаттығуларды қамтып, қатысушыны қызықтыратын ойын, әрі денсаулыққа да пайдалы. Әсіресе, дәлдеу арқылы балалар көзге арналған жан-жақты жаттығуды жасайды. Биылғы жарыс Назарбаев зияткердік мектебінің спорт залында өтті. Онда асық атудың «Асық ату», «Үш табан», «Хан талапай» және  «Бес асық» атты төрт түрі қамтылды. Бұл сайысқа Көкшетаудың 11 мектебінен 6 команда қатысты. Алдағы уақытта сайысты ұйымдастырушы асық ойыны бойынша федерацияны құруды көздеп отыр.

Ернар МҰҚАШТЕГІ, жарысқа қатысушы:

- Мен асық ойынын жақсы көремін. Ол менің білімімді жәні ойымды дамытады. Мен асықты ауылда және далада дос балаларыммен ойнаймын. Ойынның шартын білемін. Үш табан сайысына қатысамын.

Мейрамбек КИІКОВ, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық қорының  төрағасы, жоба авторы:

- Бұл дәстүрлі ойын. Бала кезімізде ойнағанбыз, бірақ соңғы кезде балалар интернет арқылы компьютермен шетелдің ойынына еліктеп кетті. Бұл балалардың денсаулығын сақтау үшін өте жақсы ойын. Ептілікке, ойлауға тәрбиелейді. Ойнап отырып ережені бұзбау қажет.

Ұқсас материалдар