Қандастар Ассамблея

Иса Байзақов атындағы әдеби бірлестігі

18.03.2013 2642
Халқымыздың көңілінің дархандығындай, мінезінің байсалдылығындай болып, салмақты да сабырлы қалыпта алыс-алыс қырларды қуалап қазақ даласының Шығысынан Солтүстігіне дейін көсіле ағып жатқан ерке Ертіс секілді байтақ өлкемізді қай кезде де халқымыздың өнері, дархан да даналы сөзі кең жайлаған. Әдебиеттің осы бір үрдісіне елеулі ықпал жасап отырған облыста әдеби бастауыш ұйымдар болды. 1929 жылы шыққан облыстағы алғашқы қазақ басылымы «Кеңес туы» туралы «Біраз еске түсулер» деген мақаласында қазақтың көрнекті этнограф ғалымы, академик Әлкей Марғұлан: «Революциядан кейін оқуда жүрген жастарды аса қызықтырып отыратын әдебиет үйірмесі болды. Бұл үйірмеге белгілі ақындар Сәбит Дөнентаев пен Аман Жүсіпов қатысып, совет әдебиетінің өркендеуі туралы бачндама жасап жүрді. Кей кезде ауырып жүрген Сұлтанмахмұт Торайғыров келіп әдебиет туралы ойларын айтатын. (Аймақ өмірінің айнасы. 2003 ж.) Осы бір кезеңдегі әдебиет үйірмесінің қызу қарқын алғанын мына бір мұрағат деректері айшықтай түседі. «Сол жылдары облыстық газет редакциясының жанынан әдеби үйірмелер құрылып жұмыс істейді. 1939 жылы 23 сәуіріне қарай облыстық «Қызыл ту» газетінің әдебиет үйірмесі 14 адамның басын біріктірді. Әдеби үйірмелер 42 жас ақын-жазушылармен тығыз байланыста болып, олардың газеттерге жариялауға жіберген туындыларын талқылап, кеңестер беріп отырды»-дейді. Одан әрі алға жылжыған уақыт керуеніне ілескен әдебиет үйірмесі өнер мен әдебиет өлкесінде кең танылған әдебиетіміздің шоқ жұлдыздары қатарындағы Жүсіпбек Аймауытовтың әңгімелері мен повестері, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері мен дүділ ақын Иса Байзақов, ән тарланы Естай Беркінбаев секілді тұлғалардың щығармаларын халыққа жеткізуге, кең тарауына ықпал етті. Жазушы –журналистер Әзілхан Нұршайықов пен Омарғали Құдышев облыстық газетті басқарған 1953-1962 жылдарда да, өңірдің қаламгерлері елімізде өріс алған әдебиеттің жаңа үрдісінен табыла білді. Бұл уақытта «Қызыл ту» газетінің қасындағы әдебиет бірлестігі Иса Байзақов атында болатын. Аталған жылдардан бастап жетпісінші жылдарға дейін облыстық әдебиет үйірмесіне Қажымиден Айтжанов, Мұхамеджан Дәуренбеков сынды белгілі қаламгерлер жетекшілік жасады. Тоқсаныншы жылдары нарықтың ықпалынан, қаржының тапшылығынан Алматыдағы Жазушылар одағы тым-тым алыстап кеткендей болды да сонымен әрбір облысты қамтыған Аймақтық Қаламгерлер Қауымдастығының Ұйымдық Серіктестігі - «АҚҚҰС» деген әдеби қоғам құрылды. Облыстық ұйым әділет басқармасында 1992 жылдың 24 тамызында ресми тіркелді. 2000 жылы облыстағы әдебиет ұйымы И.Байзақов атындағы әдебиет бірлестігі болып қайта құрылды. Жас талапкерлермен жұмыс жандана түсті. 2004 жылы қаңтар айында Павлодар облысында тұңғыш әдеби журнал «Айдын» жарыққа шықты. Журналда негізінен жергілікті авторлардың туындылары жарық көре бастады. 2005 жылы «ЭКО» баспасынан «Жастық әуен» атты облысымызда тұратын жас ақынның өлеңдерінің топтамасы жарыққа шықты. Бұл кезеңде көптеген жергілікті авторлардың кітабы жарық көрді. Ол кітаптарға бірлестіктіктің мүшелері редакторлық жасады. Бүгінгі күнде облыстағы әдеби орта Ақын Алақанұлы, Ғалымбек Жұматов, Арман Қани, Сүлеймен Баязитов секілді Қазақстан Жазушылар одағының мүшелерімен толықты. Қазірде Асығат Тұрғанбеков, Бейбіт Бөжен, Қуаныш Шарманов, Тілек Сейітов, Алмагүл Жүгінісова, Жарқынбек Амантай, Алтынбек Мұқышев секілді жас ақындар легі өсіп келеді. Облысымыздың үлкен қалаларының бірі Екібастұзда да өлеңнің биік тұғырынан танылып жүрген Жұмағали Қоғабаев, Жанаркүл Қадырова сынды ақындарымыз бар. Міне, осындай талантты да талапты қаламгерлеріміз өңірдегі әдебиет, сөз өнерінің өркенін өрістете берері анық. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Халқымыздың көңілінің дархандығындай, мінезінің байсалдылығындай болып, салмақты да сабырлы қалыпта алыс-алыс қырларды қуалап қазақ даласының Шығысынан Солтүстігіне дейін көсіле ағып жатқан ерке Ертіс секілді байтақ өлкемізді қай кезде де халқымыздың өнері, дархан да даналы сөзі кең жайлаған.

Әдебиеттің осы бір үрдісіне елеулі ықпал жасап отырған облыста әдеби бастауыш ұйымдар болды.

1929 жылы шыққан облыстағы алғашқы қазақ басылымы «Кеңес туы» туралы «Біраз еске түсулер» деген мақаласында қазақтың көрнекті этнограф ғалымы, академик Әлкей Марғұлан: «Революциядан кейін оқуда жүрген жастарды аса қызықтырып отыратын әдебиет үйірмесі болды. Бұл үйірмеге белгілі ақындар Сәбит Дөнентаев пен Аман Жүсіпов қатысып, совет әдебиетінің өркендеуі туралы бачндама жасап жүрді. Кей кезде ауырып жүрген Сұлтанмахмұт Торайғыров келіп әдебиет туралы ойларын айтатын. (Аймақ өмірінің айнасы. 2003 ж.)

Осы бір кезеңдегі әдебиет үйірмесінің қызу қарқын алғанын мына бір мұрағат деректері айшықтай түседі. «Сол жылдары облыстық газет редакциясының жанынан әдеби үйірмелер құрылып жұмыс істейді. 1939 жылы 23 сәуіріне қарай облыстық «Қызыл ту» газетінің әдебиет үйірмесі 14 адамның басын біріктірді. Әдеби үйірмелер 42 жас ақын-жазушылармен тығыз байланыста болып, олардың газеттерге жариялауға жіберген туындыларын талқылап, кеңестер беріп отырды»-дейді.

Одан әрі алға жылжыған уақыт керуеніне ілескен әдебиет үйірмесі өнер мен әдебиет өлкесінде кең танылған әдебиетіміздің шоқ жұлдыздары қатарындағы Жүсіпбек Аймауытовтың әңгімелері мен повестері, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері мен дүділ ақын Иса Байзақов, ән тарланы Естай Беркінбаев секілді тұлғалардың щығармаларын халыққа жеткізуге, кең тарауына ықпал етті.

Жазушы –журналистер Әзілхан Нұршайықов пен Омарғали Құдышев облыстық газетті басқарған 1953-1962 жылдарда да, өңірдің қаламгерлері елімізде өріс алған әдебиеттің жаңа үрдісінен табыла білді. Бұл уақытта «Қызыл ту» газетінің қасындағы әдебиет бірлестігі Иса Байзақов атында болатын. Аталған жылдардан бастап жетпісінші жылдарға дейін облыстық әдебиет үйірмесіне Қажымиден Айтжанов, Мұхамеджан Дәуренбеков сынды белгілі қаламгерлер жетекшілік жасады.

Тоқсаныншы жылдары нарықтың ықпалынан, қаржының тапшылығынан Алматыдағы Жазушылар одағы тым-тым алыстап кеткендей болды да сонымен әрбір облысты қамтыған Аймақтық Қаламгерлер Қауымдастығының Ұйымдық Серіктестігі - «АҚҚҰС» деген әдеби қоғам құрылды. Облыстық ұйым әділет басқармасында 1992 жылдың 24 тамызында ресми тіркелді.

2000 жылы облыстағы әдебиет ұйымы И.Байзақов атындағы әдебиет бірлестігі болып қайта құрылды. Жас талапкерлермен жұмыс жандана түсті. 2004 жылы қаңтар айында Павлодар облысында тұңғыш әдеби журнал «Айдын» жарыққа шықты. Журналда негізінен жергілікті авторлардың туындылары жарық көре бастады. 2005 жылы «ЭКО» баспасынан «Жастық әуен» атты облысымызда тұратын жас ақынның өлеңдерінің топтамасы жарыққа шықты. Бұл кезеңде көптеген жергілікті авторлардың кітабы жарық көрді. Ол кітаптарға бірлестіктіктің мүшелері редакторлық жасады.

Бүгінгі күнде облыстағы әдеби орта Ақын Алақанұлы, Ғалымбек Жұматов, Арман Қани, Сүлеймен Баязитов секілді Қазақстан Жазушылар одағының мүшелерімен толықты. Қазірде Асығат Тұрғанбеков, Бейбіт Бөжен, Қуаныш Шарманов, Тілек Сейітов, Алмагүл Жүгінісова, Жарқынбек Амантай, Алтынбек Мұқышев секілді жас ақындар легі өсіп келеді.

Облысымыздың үлкен қалаларының бірі Екібастұзда да өлеңнің биік тұғырынан танылып жүрген Жұмағали Қоғабаев, Жанаркүл Қадырова сынды ақындарымыз бар. Міне, осындай талантты да талапты қаламгерлеріміз өңірдегі әдебиет, сөз өнерінің өркенін өрістете берері анық.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Ұқсас материалдар