Қандастар Ассамблея

Лебяжі ауданы: ХХ ғасырдың 40-60 жылдары

18.03.2013 2736
Тұтқиылдан басталған 1941 жылғы соғыс аудан тұрғындарының бейбіт өмірін бұзып жіберді. Енді - енді қалыпқа келе бастаған ауыл шаруашылығы өзінің өрлеу қарқынын түсіріп алды. Лебяжіліктер соғыс жылдарында тылда еңбек майданында күнен күнге, бұрын болып көрмеген, сондай ерекше белсенділік танытты. Аудандық Кеңестің кезекті 6 сессиясында соғыс жағдайында ерекше жауапкершілік танытып, еңбек қарқыны 200-ден 300 процентке жеткізу міндеті қойылды. «Майданға жылы киімдер жіберуде - бірде-бір адам қалмасын» деген ұран тасталды. Сессияның осы шешімі қалтықсыз орындалды. Оны дәлелдейтін құжаттар бар. Аудан еңбекшілері 1943 жылдың 1-ші қаңтарына майдан үшін 6000 жылы киім, 3 миллион сом ақша және бұған қосымша 40 мың пұт астық өткізген. Бұның айғағына мынандай дәлел бар. Москва. Крель. Сталин жолдасқа. Қымбатты Иосиф Виссарионович, Қызыл Армияның ерлігіне сүйсінгенмен, бүгін Мемлекеттік банкке 101500 сом ақша және 50 пүт астық өз есебімнен бір самолет жасап шығару үшін өткіздім. Менің қаражатыма жасалған жауынгер машина неміс бандиттеріне өлім әкелсін. Қазақ ССР-ы, Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, «Зор Октябрь» колхозының төрағасы Ғаббас Ыдырысханов, 14 қаңтар, 1943 жыл. Отан қорғауға тек қана Лебяжі ауданынан барлығы 4 мыңнан аса адам шақырылды. Олардың 1329-ы майданда қаза тауып, қара қағаздар келді. Ал, 890-ы ұрыс даласында хабарсыз кетті. Лебяжі ауданы тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында танымастай өзгерді, жаңадан «Лебяжі», «Қазы», «Жамбыл», «Баймолдин» атындағы және «Майқарағай» совхоздары құрылды. Бұғанға дейін ауданда екі-ақ совхоз болған. /Бесқарағай, №23 партия съезі атындағы/ кейінен жаппай совхозға көшті. Тың игеру жылдары өз жемісін бермей қойған жоқ. Адамдар тыңды көтерді, тың адамды көтерді. Ауданда тың көтерілген он жылда көптеген елді мекендер пайда болды, халықтың саны өсті. Бұрын 20 мыңға жетер жетпес халық саны 28 мыңға жетті. Лебяжі 1965 жылдан бастап қайта аудан орталығына келтірілгенен кейінгі жылдары айтарлықтай өзгере бастады. Бұнда заман талабына сай келетін Мәдениет үйі, сауда орталығы, гастроном, саз мектебі, халық театры, балалар спорт мектебі, аудандық аурухана, № 28-ші кәсіптік - техникалық училище, тағы басқадай обьектілер салынды. Жергілікті әкімшілік үйі, мемлекеттік банк, редакция, ауыл шаруашылығы кеңселері жаңа осы заманғы үлгідегі үйлерге орналасты. 1975-1980 жылдарда бұл ауданның қол жеткен межелері қомақты екен. Ауданда 5 Социалистік Еңбек Ері, 67 адам Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан Революциясы Құрмет белгісі ордендерінің иегерлері бар. 8 адам жоғары партия съезіне делегат болған. 10 адам бұрынғы одақтық және республикалық Кеңестерге депутаттыққа сайланған. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Тұтқиылдан басталған 1941 жылғы соғыс аудан тұрғындарының бейбіт өмірін бұзып жіберді. Енді - енді қалыпқа келе бастаған ауыл шаруашылығы өзінің өрлеу қарқынын түсіріп алды. Лебяжіліктер соғыс жылдарында тылда еңбек майданында күнен күнге, бұрын болып көрмеген, сондай ерекше белсенділік танытты. Аудандық Кеңестің кезекті 6 сессиясында соғыс жағдайында ерекше жауапкершілік танытып, еңбек қарқыны 200-ден 300 процентке жеткізу міндеті қойылды. «Майданға жылы киімдер жіберуде - бірде-бір адам қалмасын» деген ұран тасталды. Сессияның осы шешімі қалтықсыз орындалды. Оны дәлелдейтін құжаттар бар. Аудан еңбекшілері 1943 жылдың 1-ші қаңтарына майдан үшін 6000 жылы киім, 3 миллион сом ақша және бұған қосымша 40 мың пұт астық өткізген. Бұның айғағына мынандай дәлел бар. Москва. Крель. Сталин жолдасқа. Қымбатты Иосиф Виссарионович, Қызыл Армияның ерлігіне сүйсінгенмен, бүгін Мемлекеттік банкке 101500 сом ақша және 50 пүт астық өз есебімнен бір самолет жасап шығару үшін өткіздім. Менің қаражатыма жасалған жауынгер машина неміс бандиттеріне өлім әкелсін. Қазақ ССР-ы, Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, «Зор Октябрь» колхозының төрағасы Ғаббас Ыдырысханов, 14 қаңтар, 1943 жыл. Отан қорғауға тек қана Лебяжі ауданынан барлығы 4 мыңнан аса адам шақырылды. Олардың 1329-ы майданда қаза тауып, қара қағаздар келді. Ал, 890-ы ұрыс даласында хабарсыз кетті. Лебяжі ауданы тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында танымастай өзгерді, жаңадан «Лебяжі», «Қазы», «Жамбыл», «Баймолдин» атындағы және «Майқарағай» совхоздары құрылды. Бұғанға дейін ауданда екі-ақ совхоз болған. /Бесқарағай, №23 партия съезі атындағы/ кейінен жаппай совхозға көшті. Тың игеру жылдары өз жемісін бермей қойған жоқ. Адамдар тыңды көтерді, тың адамды көтерді. Ауданда тың көтерілген он жылда көптеген елді мекендер пайда болды, халықтың саны өсті. Бұрын 20 мыңға жетер жетпес халық саны 28 мыңға жетті.

Лебяжі 1965 жылдан бастап қайта аудан орталығына келтірілгенен кейінгі жылдары айтарлықтай өзгере бастады. Бұнда заман талабына сай келетін Мәдениет үйі, сауда орталығы, гастроном, саз мектебі, халық театры, балалар спорт мектебі, аудандық аурухана, № 28-ші кәсіптік - техникалық училище, тағы басқадай обьектілер салынды. Жергілікті әкімшілік үйі, мемлекеттік банк, редакция, ауыл шаруашылығы кеңселері жаңа осы заманғы үлгідегі үйлерге орналасты. 1975-1980 жылдарда бұл ауданның қол жеткен межелері қомақты екен. Ауданда 5 Социалистік Еңбек Ері, 67 адам Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан Революциясы Құрмет белгісі ордендерінің иегерлері бар. 8 адам жоғары партия съезіне делегат болған. 10 адам бұрынғы одақтық және республикалық Кеңестерге депутаттыққа сайланған.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Ұқсас материалдар