Қандастар Ассамблея

Көктемнің хабаршысы қай құс?

18.03.2013 16170
Белгiлi этнограф, жазушы Қажытай Iлиясовтың сөзiне сүйенсек, «Наурыз» ай атауы емес, мереке атауы болуы керек екен. Әрине, салмақтап айтылған ой. Тәңiрлiк дүниетанымды алғаш мiнәжаттаушы Зоратаның пәтуаларына құлақ асар болсақ, күн мен түннiң теңелуi «мәңгiлiк өмiрдiң басталуы» ретiнде айрықша мән берiлiп, бiр жылда жетi рет тойланатын болған екен. Бұл дәстүрдi тудырушы көшпендiлер екендiгi де негiзсiз емес. Кейiннен бұл дәстүр парсылардың да табиғатымен ұштасып, күн мен түннiң теңелген мерзiмi олардың тiлiнде «Наурыз» деген атауға ие болды. Өздерiңiз бiлетiндей, парсы тiлiнде нау - жаңа, рұз - күн деген мағынаны бiлдiредi. Кейiннен Ислам дiнi көшпелiлер өмiрiне енген кезде өзiмiз тудырған осы бiр ұғым дендеп сөзiмiзге ендi. Наурыз - мереке күнi болатын болса, ендi ай аты болып қалыптасып кеттi. Жер ананың тоң кеудесi жiбiп, төс емшегi иiген кез. Айналада қыбыр-жыбыр, тiршiлiкке жан бiтетiн мерзiм бұл. Жуанның жiңiшкерiп, жiңiшкенiң үзiлетiн шағы деп те келетiн тұстары бар. Қалай айтсақ та, Наурыз түркi әлемiнде жыл басы атауына иелiк етiп отыр. Әлi күнге шейiн басқа халық секiлдi қазақ көктемдi алғаш көрген жыл құсымен байланыстырады. Қалай дегенменде, қазақ санасында қарлығаш пен қарға киелi құс болып саналатындығы белгiлi. Тiптi, Алтай тiлдiк тобынан өрбiген халықтарға қатысты киетектiк ұғымға иелiк еткен аққу, қаз, қарлығаш, қырғауыл, қарқара, қарға секiлдi құстар тiзiмi ауызымызға оралады осындайда. Бiрақ, осы көшпелiлер өмiрiнде саңырау көкек, сасық көкек, бәбiсек көкек деген түрлерi бар көкек құсы үлкен мәртебеге ие емес. Олардың қай-қайсысына да қазақ «ұшқалақ, тасбауыр, жұмыртқасын жатқа салады» деп кемсiтедi. Тiптi, «Көкек боп бос жүргенше секең қағып» дейтiн Бiржан салдың сөзiнен көкектi жарытпағаны анық байқалады. Қолынан ұя салу келмейтiн, баласын басқаның бауырына салып беретiн көкектiң бұл мiнезi бiзден мүлдем алшақтау болар, бәлкiм? Ал, түркi тiлдес халықтар арасында көбiне жыл құсы ретiнде қарғаны есептейтiндiгi анық байқалады. Мысалы, барабалықтар жыл басын «қарға айы» десе, чұлым татарлары «қарғи айы» деп есептеген. Қайсысы жанымызға жақындау? Қарға тамырлы қазақпыз, «Қарға қарғаның көзiн шұқымайды» деген де бiз. Сүйгенiмiзге «қарғам» деп сезiмiмiздi бiлдiремiз. Жақсыны да, жаманды да қарғамен байланыстырып айтатындығымыз сондықтан болар. Ендеше, не себептi ел iшiндегi кәрiқұлақ есепшiлерi жыл басын «көкек айы» деп атайды. Мүмкiн, қарғадан бұрын  жылдың беташары болып қанатын қағатын сол сасық, бәбiсек деп атау берген көкегiмiз шығар. Көшпелiлерде «Қарға - Тәңiрiнiң елшiсi» деген тәмсiл бар. Көктемнiң келгенiн алғаш жеткiзетiн жыл құсы - осы ұзақ қарға. Алтай тiлдiк тобына жататын халықтардың сонау әлiмсақтан берi қарғаны кие санайтындығы да осы айтпағымызбен сабақтасып жатқандығы анық байқалады. Қазақтың қуаң даласында ғұмыр кешетiн көкектiң көктемде келiп-кеткендiгiн де байқай беру қиындау. Есепшiлер «Көкек» айының атауын осы көкек құсымен байланыстыратын болса, екiншiден «көк» сөзiмен де ұштастырады. Бiрақ, көкек құсын көп жерде мiсе тұта бермейтiн түркiлер әлемi бұл ұстанымның қытайлардан жұққандығын да айтып дауласады. Ежелгi Қытай тарихшысы Сыма Цянның еңбегiнде «Есте жоқ ескi заманнан берi каленьдар бойынша жыл басы көктемнiң Мэн-Чунь деп аталатын бiрiншi айы болып белгiленген. Бұл кезде жердiң тоңы жiбiп, жан-жануар ұйқыдан оянып, өсiмдiк атаулы жаңғырып көктейдi, сол кезде ең бiрiншi болып көкек үн қатады» деп келетiн деректер бар. Cол қытайлар ерте көктемде алғаш болып үн беретiн көкек деп есептейдi. Осыдан бiрнеше жыл бұрын Қытайдан келген бiр қандас бауырымыздың қазақ жерiне келiп «Көкегiм» деп ән айтқанын бiлемiз. Әннiң айтылуында да бiр қытайға тән ырғақ бар. Сiрә, сүйгенiне арнаған болса керек, қазақ құсап «қарғам-ау» деудiң орнына, қытайша «көкегiм» деп емiрендi. Бұл да болса адамның өскен ортасына қарап ән салатынын тағы бiр мәрте еске түсiредi. Қалай дегенменде, бiреудiң қаңсығын қанымызға сiңiретiн бiз жоқ. (Деректер Ақселеу Сейдiмбектiң «Қазақ әлемi» кiтабынан алынды.) Жандос СМАЙЛОВ.

Белгiлi этнограф, жазушы Қажытай Iлиясовтың сөзiне сүйенсек, «Наурыз» ай атауы емес, мереке атауы болуы керек екен. Әрине, салмақтап айтылған ой. Тәңiрлiк дүниетанымды алғаш мiнәжаттаушы Зоратаның пәтуаларына құлақ асар болсақ, күн мен түннiң теңелуi «мәңгiлiк өмiрдiң басталуы» ретiнде айрықша мән берiлiп, бiр жылда жетi рет тойланатын болған екен.
Бұл дәстүрдi тудырушы көшпендiлер екендiгi де негiзсiз емес. Кейiннен бұл дәстүр парсылардың да табиғатымен ұштасып, күн мен түннiң теңелген мерзiмi олардың тiлiнде «Наурыз» деген атауға ие болды. Өздерiңiз бiлетiндей, парсы тiлiнде нау - жаңа, рұз - күн деген мағынаны бiлдiредi. Кейiннен Ислам дiнi көшпелiлер өмiрiне енген кезде өзiмiз тудырған осы бiр ұғым дендеп сөзiмiзге ендi. Наурыз - мереке күнi болатын болса, ендi ай аты болып қалыптасып кеттi.
Жер ананың тоң кеудесi жiбiп, төс емшегi иiген кез. Айналада қыбыр-жыбыр, тiршiлiкке жан бiтетiн мерзiм бұл. Жуанның жiңiшкерiп, жiңiшкенiң үзiлетiн шағы деп те келетiн тұстары бар. Қалай айтсақ та, Наурыз түркi әлемiнде жыл басы атауына иелiк етiп отыр.
Әлi күнге шейiн басқа халық секiлдi қазақ көктемдi алғаш көрген жыл құсымен байланыстырады. Қалай дегенменде, қазақ санасында қарлығаш пен қарға киелi құс болып саналатындығы белгiлi. Тiптi, Алтай тiлдiк тобынан өрбiген халықтарға қатысты киетектiк ұғымға иелiк еткен аққу, қаз, қарлығаш, қырғауыл, қарқара, қарға секiлдi құстар тiзiмi ауызымызға оралады осындайда. Бiрақ, осы көшпелiлер өмiрiнде саңырау көкек, сасық көкек, бәбiсек көкек деген түрлерi бар көкек құсы үлкен мәртебеге ие емес. Олардың қай-қайсысына да қазақ «ұшқалақ, тасбауыр, жұмыртқасын жатқа салады» деп кемсiтедi. Тiптi, «Көкек боп бос жүргенше секең қағып» дейтiн Бiржан салдың сөзiнен көкектi жарытпағаны анық байқалады. Қолынан ұя салу келмейтiн, баласын басқаның бауырына салып беретiн көкектiң бұл мiнезi бiзден мүлдем алшақтау болар, бәлкiм? Ал, түркi тiлдес халықтар арасында көбiне жыл құсы ретiнде қарғаны есептейтiндiгi анық байқалады. Мысалы, барабалықтар жыл басын «қарға айы» десе, чұлым татарлары «қарғи айы» деп есептеген. Қайсысы жанымызға жақындау? Қарға тамырлы қазақпыз, «Қарға қарғаның көзiн шұқымайды» деген де бiз. Сүйгенiмiзге «қарғам» деп сезiмiмiздi бiлдiремiз. Жақсыны да, жаманды да қарғамен байланыстырып айтатындығымыз сондықтан болар. Ендеше, не себептi ел iшiндегi кәрiқұлақ есепшiлерi жыл басын «көкек айы» деп атайды. Мүмкiн, қарғадан бұрын  жылдың беташары болып қанатын қағатын сол сасық, бәбiсек деп атау берген көкегiмiз шығар. Көшпелiлерде «Қарға - Тәңiрiнiң елшiсi» деген тәмсiл бар. Көктемнiң келгенiн алғаш жеткiзетiн жыл құсы - осы ұзақ қарға. Алтай тiлдiк тобына жататын халықтардың сонау әлiмсақтан берi қарғаны кие санайтындығы да осы айтпағымызбен сабақтасып жатқандығы анық байқалады. Қазақтың қуаң даласында ғұмыр кешетiн көкектiң көктемде келiп-кеткендiгiн де байқай беру қиындау. Есепшiлер «Көкек» айының атауын осы көкек құсымен байланыстыратын болса, екiншiден «көк» сөзiмен де ұштастырады. Бiрақ, көкек құсын көп жерде мiсе тұта бермейтiн түркiлер әлемi бұл ұстанымның қытайлардан жұққандығын да айтып дауласады. Ежелгi Қытай тарихшысы Сыма Цянның еңбегiнде «Есте жоқ ескi заманнан берi каленьдар бойынша жыл басы көктемнiң Мэн-Чунь деп аталатын бiрiншi айы болып белгiленген. Бұл кезде жердiң тоңы жiбiп, жан-жануар ұйқыдан оянып, өсiмдiк атаулы жаңғырып көктейдi, сол кезде ең бiрiншi болып көкек үн қатады» деп келетiн деректер бар. Cол қытайлар ерте көктемде алғаш болып үн беретiн көкек деп есептейдi. Осыдан бiрнеше жыл бұрын Қытайдан келген бiр қандас бауырымыздың қазақ жерiне келiп «Көкегiм» деп ән айтқанын бiлемiз. Әннiң айтылуында да бiр қытайға тән ырғақ бар. Сiрә, сүйгенiне арнаған болса керек, қазақ құсап «қарғам-ау» деудiң орнына, қытайша «көкегiм» деп емiрендi. Бұл да болса адамның өскен ортасына қарап ән салатынын тағы бiр мәрте еске түсiредi. Қалай дегенменде, бiреудiң қаңсығын қанымызға сiңiретiн бiз жоқ.
(Деректер Ақселеу Сейдiмбектiң «Қазақ әлемi» кiтабынан алынды.)

Жандос СМАЙЛОВ.

Ұқсас материалдар