Қандастар Ассамблея

Атадан қалған игі дәстүр жалғасы (видео)

18.03.2013 2012
Наурыз – қазақ жерінде сан ғасырлардан бері тойланып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан мейрам. Ұлыстың ұлы күнін еліміздің әр өңірінде әртүрлі қарсы алады. Көктемнің нышаны ерте сезілетін оңтүстікте наурыз айының орта шенінен бастап наурыз көже таратылады. Бұл үрдістен астаналықтар да қалыс қалмады. Наурыз көже дайындап, мейрамды көрісуден бастады. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын көрісуден бастайтын. Бабадан қалған игі дәстүрді жалғастырып келе жатқандардың бірі – Шара Көшенова. Ол үшін мейрам наурыздың 13-нен басталады. Ал наурыз көже оның отбасылық тағамына айналған. Жыл сайынғы дәстүр бойынша ағайын-туыс, көрші-қолаң Шара апайдың наурыз көжесінен дәм татады. Шара КӨШЕНОВА, Астана қаласының тұрғыны: - Қыстан сақталған соғымнан жасалады. Қыстан аман-есен шықтық, көктемге аман келейік деген ниетпен. Ақ жүгері дегеніміз ол тойымды. Үйіңе береке байлығымен келмсін деп ақ жүгері қосады. Ұлыс мейрамның басты асы наурыз көжені әр өңірде әртүрлі әдіспен дайындайды. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Наурыз көжені халық арасында «тілеу көже», «көп көже» деп те атайды. Оған қыстан сақталған сүріні, сонымен қатар, ақ сүттен жасалған тағам қосады. Бұл – молшылық пен тоқшылықтың белгісі. Төл мерекемізді көрісуден бастап, өзгеге үлгі болып жүрген Шара апамыздың «тілеу көжесі» ұлыстың маңыздылығын арттырды. Шәмшия БЕГАЛИНОВА, қала тұрғыны: - Наурыздың 13-нен 22-не дейін осы маңайда көрші-қолаң болып тойлаймыз. Жылдың басы болғандықтан наурыз көжені әркім өзі әртүрлі дайындап жатады. Ал енді мына осы Шараның көжесін қаншама жылдан ішіп келемін, оның көжесіне ешкімдікі жетпейтін сияқты. Марина КНЯЗЬКИНА, қала тұрғыны: - Наурыз көжені бұрындары тойымды әрі қасиетті ас дегенді еститінмін. Мен өз басым биыл бірінші рет дәмін татып отырмын. Құрамында түрлі тағам болғанымен, дәмі тіл үйіреді әрі өте тойымды екен. Береке-бірліктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің мейрамы – Наурыздың мәні жыл санап артып келеді. Сондықтан да дәстүр сабақтастығы үзілмейді деген үміт мол. Авторлар: Айнұр Қуатқызы, Бақтияр Мықтыбайұлы  

Наурыз – қазақ жерінде сан ғасырлардан бері тойланып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан мейрам.

Ұлыстың ұлы күнін еліміздің әр өңірінде әртүрлі қарсы алады. Көктемнің нышаны ерте сезілетін оңтүстікте наурыз айының орта шенінен бастап наурыз көже таратылады. Бұл үрдістен астаналықтар да қалыс қалмады. Наурыз көже дайындап, мейрамды көрісуден бастады.

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын көрісуден бастайтын. Бабадан қалған игі дәстүрді жалғастырып келе жатқандардың бірі – Шара Көшенова. Ол үшін мейрам наурыздың 13-нен басталады. Ал наурыз көже оның отбасылық тағамына айналған. Жыл сайынғы дәстүр бойынша ағайын-туыс, көрші-қолаң Шара апайдың наурыз көжесінен дәм татады.

Шара КӨШЕНОВА, Астана қаласының тұрғыны:

- Қыстан сақталған соғымнан жасалады. Қыстан аман-есен шықтық, көктемге аман келейік деген ниетпен. Ақ жүгері дегеніміз ол тойымды. Үйіңе береке байлығымен келмсін деп ақ жүгері қосады.

Ұлыс мейрамның басты асы наурыз көжені әр өңірде әртүрлі әдіспен дайындайды. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады.

Наурыз көжені халық арасында «тілеу көже», «көп көже» деп те атайды. Оған қыстан сақталған сүріні, сонымен қатар, ақ сүттен жасалған тағам қосады. Бұл – молшылық пен тоқшылықтың белгісі.

Төл мерекемізді көрісуден бастап, өзгеге үлгі болып жүрген Шара апамыздың «тілеу көжесі» ұлыстың маңыздылығын арттырды.

Шәмшия БЕГАЛИНОВА, қала тұрғыны:

- Наурыздың 13-нен 22-не дейін осы маңайда көрші-қолаң болып тойлаймыз. Жылдың басы болғандықтан наурыз көжені әркім өзі әртүрлі дайындап жатады. Ал енді мына осы Шараның көжесін қаншама жылдан ішіп келемін, оның көжесіне ешкімдікі жетпейтін сияқты.

Марина КНЯЗЬКИНА, қала тұрғыны:

- Наурыз көжені бұрындары тойымды әрі қасиетті ас дегенді еститінмін. Мен өз басым биыл бірінші рет дәмін татып отырмын. Құрамында түрлі тағам болғанымен, дәмі тіл үйіреді әрі өте тойымды екен.

Береке-бірліктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің мейрамы – Наурыздың мәні жыл санап артып келеді. Сондықтан да дәстүр сабақтастығы үзілмейді деген үміт мол.

Авторлар: Айнұр Қуатқызы, Бақтияр Мықтыбайұлы

 

Ұқсас материалдар