Қазақстан Даму Банкі

08.11.2012 2632
  Соңғы редакциялау: 19 қазан, 2012   Қазақстан Даму Банкі (ҚДБ) – мемлекеттік қаржы институты. ҚР-ның “Қазақстан даму банкі туралы” Заңына сәйкес мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру мақсатымен 2001 ж. 25 сәуірде жабық акцион. қоғам ретінде құрылды. Банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі – 100%. ҚДБ-ның құрылтайшысы – Үкімет (Қаржы мин.), жергілікті атқарушы органдар. Банктің жоғ. органы – акционерлердің жалпы жиналысы, ол ҚР Президентінің ұсынуымен директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды. Кеңес банктің қызметіне (жалпы жиналыстың ғана құзырына жататын мәселелерден басқасына) жалпы басшылық жасайды. ҚДБ қызметінің мақсаты – мемл. инвестиц. қызметті жетілдіріп, тиімділігін арттыру; өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, елдің экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға жәрдемдесу. Банктің міндеттері: инвестиц. жобаларды орта мерзімге (5 жылға және одан көпке), ұзақ мерзімге (10 жылға және одан көпке – 20 жылға дейін) несиелендіру; ҚР аумағында өндірілетін өнім экспортын ынталандыру мақсатымен ҚР резиденттерінің экспорттық операцияларын несиелендіру; басқа несие ин-ттары беретін қарыздар мен несиелер бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру мақсатымен ҚР экономикасының өндірістік секторының несиелендірілуін ынталандыру; ҚР Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру. Банктің өкілеттіктері: Банктің несие саясаты туралы меморандумға сәйкес қаржы жылына арналған несие саясатын айқындау. Банк өзінің өкілеттіктері мен міндеттерін орындау үшін мынадай операцияларды жүзеге асырады: заңды тұлғаларға несиелер мен кепілдіктер беру; кепілдікті мемл. қарыздар жөніндегі шарттарға сәйкес шартты салымның арнаулы есепшоттарын ашу; банктің қарыздарын, басқа да қарыздарды және респ. бюджет пен жергілікті бюджеттердің қаражатын есептеу үшін банк есепшоттарын ашу; Банк қарызгерлерінің ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау; Банк қарызгерлерінің, сондай-ақ, корреспондент-банктердің тапсыруымен олардың банктегі есепшоттары бойынша есеп айырысу; қарызгердің пайдасына төлем құжаттарын қабылдау; бағалы қағаздар шығару; меншікті мүлкін жалға беру; мемл. бағалы қағаздармен, сондай-ақ банк заңдарында белгіленген реттерде өзге де бағалы қағаздармен дилерлік қызмет жүргізу. Банк а.ш. өнімін ұқсату, машина жасау, көлік инфрақұрылымы, электр энергиясын өндіру сияқты салаларды дамытуға ат салысып келеді. Банктің таза табысы 2001 ж. 773,6 мың теңгеден 2002 ж. 2036, 8 мың теңгеге өсті. Қ. Шалғынбаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Соңғы редакциялау:

19 қазан, 2012

 

Қазақстан Даму Банкі (ҚДБ) – мемлекеттік қаржы институты. ҚР-ның “Қазақстан даму банкі туралы” Заңына сәйкес мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру мақсатымен 2001 ж. 25 сәуірде жабық акцион. қоғам ретінде құрылды. Банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі – 100%. ҚДБ-ның құрылтайшысы – Үкімет (Қаржы мин.), жергілікті атқарушы органдар. Банктің жоғ. органы – акционерлердің жалпы жиналысы, ол ҚР Президентінің ұсынуымен директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды. Кеңес банктің қызметіне (жалпы жиналыстың ғана құзырына жататын мәселелерден басқасына) жалпы басшылық жасайды. ҚДБ қызметінің мақсаты – мемл. инвестиц. қызметті жетілдіріп, тиімділігін арттыру; өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, елдің экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға жәрдемдесу. Банктің міндеттері: инвестиц. жобаларды орта мерзімге (5 жылға және одан көпке), ұзақ мерзімге (10 жылға және одан көпке – 20 жылға дейін) несиелендіру; ҚР аумағында өндірілетін өнім экспортын ынталандыру мақсатымен ҚР резиденттерінің экспорттық операцияларын несиелендіру; басқа несие ин-ттары беретін қарыздар мен несиелер бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру мақсатымен ҚР экономикасының өндірістік секторының несиелендірілуін ынталандыру; ҚР Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру. Банктің өкілеттіктері: Банктің несие саясаты туралы меморандумға сәйкес қаржы жылына арналған несие саясатын айқындау. Банк өзінің өкілеттіктері мен міндеттерін орындау үшін мынадай операцияларды жүзеге асырады: заңды тұлғаларға несиелер мен кепілдіктер беру; кепілдікті мемл. қарыздар жөніндегі шарттарға сәйкес шартты салымның арнаулы есепшоттарын ашу; банктің қарыздарын, басқа да қарыздарды және респ. бюджет пен жергілікті бюджеттердің қаражатын есептеу үшін банк есепшоттарын ашу; Банк қарызгерлерінің ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау; Банк қарызгерлерінің, сондай-ақ, корреспондент-банктердің тапсыруымен олардың банктегі есепшоттары бойынша есеп айырысу; қарызгердің пайдасына төлем құжаттарын қабылдау; бағалы қағаздар шығару; меншікті мүлкін жалға беру; мемл. бағалы қағаздармен, сондай-ақ банк заңдарында белгіленген реттерде өзге де бағалы қағаздармен дилерлік қызмет жүргізу.

Банк а.ш. өнімін ұқсату, машина жасау, көлік инфрақұрылымы, электр энергиясын өндіру сияқты салаларды дамытуға ат салысып келеді. Банктің таза табысы 2001 ж. 773,6 мың теңгеден 2002 ж. 2036, 8 мың теңгеге өсті.

Қ. Шалғынбаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Ұқсас материалдар