Қандастар Ассамблея

Ақсу қаласы: 1974 жылға дейін

18.03.2013 2243
1917 жыл Ермакқа жаңа өзгерістер әкеледі. Ақтардың құрбаны болған Халық шаруашылығы Екібастұз Кеңесінің бірінші комиссары Царев Степан Иванович вокзал жанындағы аланда айуандықпен қаза табады. Жерлесіміздің ерлігі үшін қаламызда мүсін мен ескерткіш тақтасы орнатылған. Кеңес билігі Ермакта халық комиссарларының Павлодар Кеңесі ұйымдастырылғаннан кейін, 1919 жылғы қарашада орнатылады. 1920ж. кейін Ермакта революциялық комитет, бұдан соң поселкелік кеңес құрылды. Ауылдық кеңестің бірінші төрағасы Богаткин, ал 1925 ж. – Котельников болды. 1928ж. Ермакта «Путь Ленина» колхозы құрылды. 1929 жылға дейін Ермак қаласы Павлодар уезінің болыстық орталығы болады. 1920 ж. санақ бойынша кентте 1289 адам тұрды. Уезд және болыс жойылған соң, 1928ж. Павлодар округі құрылып, Павлодар (ол кезде Коряков) округінің құрамына, ауылдық кеңесімен бірге, Ермак ауыл ретінде кірді. Округ жойылғаннан кейін, 1930ж.-1938 ж. дейін Павлодар ауданының құрамына кірді. 1938 жылы 14 ақпандағы Қаулысымен Павлодар және Бесқарағай аудандарының ірілендірілуіне байланысты, Кагановический ауданы құрылып, орталығы Ермак болып белгіленді. 1957ж.аудан Ермак ауданы болып қайта құрылды. 1959 жылы ірі ферроқорытпа зауыты мен электр станциясын салу туралы шешім қабылданады. 1959-1960 жж. мұнда Қарағанды мен басқа жақтардан жұмысшылар келе бастады. Болашақ ГРЭС құрылысы ауданында, Ермактан 12 шақырым қашықтықта энергоқұрысшылардың поселкесі бой көтерді. Поселокке 1960ж. Спутник станциясынан темір жол айрығын және Жетінші ауылдан автомобиль жолын салды. 1962 жылдан бастап ферроқорытпа зауытының өнеркәсіптік объектілерін салу бойынша жұмыстар басталады. 1968 жылғы қаңтарда зауытта ферроқорытпаның бірінші тоннасы балқытылды, ал 1970 жылғы шілдеде N2 цехының сегіз балқыту пештері іске қосылады. Ермак ферроқорытпа зауытының бірінші директоры Петр Васильевич Топильский болды. 1995 жылы зауыт «Қазхром» трансұлттық компаниясының құрамына кіреді. Осы кәсіпорындардың қазіргі басшылығының арқасында: Болат Аманжолұлы Святов мырза-«Қазхром» ТҰК АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры және Абдуазим Абдуганиевич Рустамбаев мырза-«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» ААҚ президенті, олардың өзара қызмет етуге қол үшін беріп, қолдау көрсеткендері арқасында қаланы дамытудағы көптеген мәселелер оң шешімін табуда. ГРЭС-тің бас корпусының шұңқырынан 1964 ж. бірінші шөміш жер қабаты алынды, ал 1968ж. бірінші энергоблок іске қосылды. 1968ж. зауыттың бірінші кезеңін тапсырған «Ермакферросплавстрой» тресі құрылды. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

1917 жыл Ермакқа жаңа өзгерістер әкеледі. Ақтардың құрбаны болған Халық шаруашылығы Екібастұз Кеңесінің бірінші комиссары Царев Степан Иванович вокзал жанындағы аланда айуандықпен қаза табады. Жерлесіміздің ерлігі үшін қаламызда мүсін мен ескерткіш тақтасы орнатылған. Кеңес билігі Ермакта халық комиссарларының Павлодар Кеңесі ұйымдастырылғаннан кейін, 1919 жылғы қарашада орнатылады.

1920ж. кейін Ермакта революциялық комитет, бұдан соң поселкелік кеңес құрылды. Ауылдық кеңестің бірінші төрағасы Богаткин, ал 1925 ж. – Котельников болды.

1928ж. Ермакта «Путь Ленина» колхозы құрылды. 1929 жылға дейін Ермак қаласы Павлодар уезінің болыстық орталығы болады. 1920 ж. санақ бойынша кентте 1289 адам тұрды. Уезд және болыс жойылған соң, 1928ж. Павлодар округі құрылып, Павлодар (ол кезде Коряков) округінің құрамына, ауылдық кеңесімен бірге, Ермак ауыл ретінде кірді. Округ жойылғаннан кейін, 1930ж.-1938 ж. дейін Павлодар ауданының құрамына кірді. 1938 жылы 14 ақпандағы Қаулысымен Павлодар және Бесқарағай аудандарының ірілендірілуіне байланысты, Кагановический ауданы құрылып, орталығы Ермак болып белгіленді. 1957ж.аудан Ермак ауданы болып қайта құрылды.

1959 жылы ірі ферроқорытпа зауыты мен электр станциясын салу туралы шешім қабылданады. 1959-1960 жж. мұнда Қарағанды мен басқа жақтардан жұмысшылар келе бастады. Болашақ ГРЭС құрылысы ауданында, Ермактан 12 шақырым қашықтықта энергоқұрысшылардың поселкесі бой көтерді. Поселокке 1960ж. Спутник станциясынан темір жол айрығын және Жетінші ауылдан автомобиль жолын салды.

1962 жылдан бастап ферроқорытпа зауытының өнеркәсіптік объектілерін салу бойынша жұмыстар басталады.

1968 жылғы қаңтарда зауытта ферроқорытпаның бірінші тоннасы балқытылды, ал 1970 жылғы шілдеде N2 цехының сегіз балқыту пештері іске қосылады.

Ермак ферроқорытпа зауытының бірінші директоры Петр Васильевич Топильский болды.

1995 жылы зауыт «Қазхром» трансұлттық компаниясының құрамына кіреді. Осы кәсіпорындардың қазіргі басшылығының арқасында: Болат Аманжолұлы Святов мырза-«Қазхром» ТҰК АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры және Абдуазим Абдуганиевич Рустамбаев мырза-«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» ААҚ президенті, олардың өзара қызмет етуге қол үшін беріп, қолдау көрсеткендері арқасында қаланы дамытудағы көптеген мәселелер оң шешімін табуда.

ГРЭС-тің бас корпусының шұңқырынан 1964 ж. бірінші шөміш жер қабаты алынды, ал 1968ж. бірінші энергоблок іске қосылды.

1968ж. зауыттың бірінші кезеңін тапсырған «Ермакферросплавстрой» тресі құрылды.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Ұқсас материалдар