Қандастар Ассамблея

Түркіге ортақ тарих бір, бірақ "Хан дойбы" қазақтікі

18.03.2013 2527
Жалпылама түркi әлемiне ортақ тарихтың бар екендiгiн бiлемiз. Үйсiндердiң билiк құрған тұсында қаншама түркi тектес тайпалардың болғандығын бiлемiз. Ол тайпалар бүгiнгi кнi де өз алдына жеке ұлт құрып өмiр сүрiп жатыр. Олай болса, ұлттық құндылығымыздан айырылып қалу қаупi болуы әбден мүмкiн. Әрине, бар. Бұл жерде ең бiрiншiден Қайрат қажы Жақияұлына рахметiмiздi айтқанымыз жөн. Арнайы «Хан Дойбысын» дамыту ұйымын құрып, аталған ойынға қатысты ұлтымыздың атынан патент алуға себебiн тигiзген Қайрат ағамыз. Қайрат Жақияұлы Алакөл ауданының қарапайым ғана тұрғыны. Өте ұлтжанды азамат десек, асыра мақтағанымыз емес. Бар тапқан таянғанын бала-шағасының игiлiгiне жұмсамай, осы «Хан Дойбы» ойынының аяғынан тiк тұруына көмектестi. Қазақтың Спорт және туризм академиясының вице-президентi, профессор, п.ғ.к, ҚР еңбек сiңiрген жаттықтырушысы Елемес Әлiмханов деген ағамыз да қолдау бiлдiруден жалығар емес. Сондай-ақ, республикамыздың мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхамед осы ойынды аса бағалап, ұлттық спорт түрлерiнiң қатарына енуiне көмек қолын созатындығын айтып өттi. Мырзатай Жолдасбеков ағамыз да қазақтың «Хан Дойбысына» жоғары баға бердi. Бұйыртса, қазақ «Хан Дойбысымен» қайта қауышатын болады. Әлi де бiраз уақыт керек. Әрине, бұл мемлекеттiң меншiгi, тұтас ұлттың құндылығы. Әйтсе де, бұл қазына басқа ұлттардың меншiгiне өтiп кетпестiгiне кiм кепiл? Сондықтан ертерек қамданған дұрыс болар. Бұл ретте ең бастысы «Хан Дойбының» ойын тәртiбiнде нағыз қазаққа тән иiс болуы тиiс. Бiрақ, дойбы тақтасында белгiленген ою-өрнектердi көрiп, ойын философиясына терең үңiлген адамға бұл қазақтың асыл мұрасы екендiгi айқайлап тұрады. Сол себептi, бiз бұл құндылықтан айрылып қалмас үшiн дойбы ойынын мемлекет өз меншiгiне алуы керек. Содан соң, оны БҰҰ шеңберiнде қорғап алуы қажет. Сол кезде ғана күдiктен айырылып, өзiмiздiң толыққанды ұлттық құндылығымыздың қатарына енгiзе аламыз. Басында атап көрсеткендей, өзiмiзде барды өзгеге танытуымыз үшiн насихаттау жұмыстарын iштен бастауымыз қажет. Тiптi, қазiрден бастап қолға алсақ, нұр үстiне нұр болмақшы. Мынау алдарыңыздағы кесте адамзат баласына әлi сыры мен қыры бейтаныс, құны өлшеусiз, бағасы баянды ата-бабаларымыздың асқақ ақыл-парасатынан қалған қасиеттi көздiң қарашығындай табылмас, таптырмас мол мұралардың бiрi. Қазақтың дана би дойбысының ең таңғажайыбы оның кестесiнде. Кесте «астрономиялық» жұлдыздық танымдардан бастап философия, экономика, ғылым, мәдениет, саясат, мемлекет құру жүйесi, демократия, капитализм секiлдi сан алуан саланы бiр тұғырға тоғыстырады. Хан дойбы баяғы бағзы заманнан бергi хандардың, билердiң, байлардың ел басқару, мемлекет құру жүйесiн сын тезiне түсiрiп сынайтын ақыл-парасаттың майданы етiп келгенiн көрсете отырып, осы құндылығымыз бұл күнде тағы да насихатталу қырынан жалғасын таппақ. Кестедегi қазақтың оюлары мен өрнек сызықтары қара көк түстi болып келедi де және ол ақ түстiң үстiне төселедi. Кесте бетiне тiгiлетiн ерсiлi-қарсылы үйлерi болады. Ол үйлер қазақтың түрлi-түстi оюларымен өрнектелген болып, биiктерi мен жүйрiктерiн, үлкендерi мен кiшiлерiн түстi оюлар және шаңырақтың түсi арқылы айырып, жүрiс шарттарына жүгiне отырып додаға түседi. Қазақтың дана би дойбысы балалар мен жасөспiрiмдердiң ақыл өрiсiнiң жетiлуiн тездетiп, амал, әдiс-тәсiлдерiнiң дамуына жол ашады. Ендi, мәдени мұра бағдарламасына сәйкес мемлекет тұрғысынан қаржылай қолдау табатын болса, көп ұзамай көпшiлiк өз үйiнде «Хан Дойбымен» жата жамбастап жатып танысатын болады. Ақыл мәңгi билемек, Өнер озып сүйремек. Айтысып туған замандар - Ерден езiң күйремек…. Жандос БАЙДІЛДА

Жалпылама түркi әлемiне ортақ тарихтың бар екендiгiн бiлемiз. Үйсiндердiң билiк құрған тұсында қаншама түркi тектес тайпалардың болғандығын бiлемiз. Ол тайпалар бүгiнгi кнi де өз алдына жеке ұлт құрып өмiр сүрiп жатыр. Олай болса, ұлттық құндылығымыздан айырылып қалу қаупi болуы әбден мүмкiн. Әрине, бар. Бұл жерде ең бiрiншiден Қайрат қажы Жақияұлына рахметiмiздi айтқанымыз жөн. Арнайы «Хан Дойбысын» дамыту ұйымын құрып, аталған ойынға қатысты ұлтымыздың атынан патент алуға себебiн тигiзген Қайрат ағамыз. Қайрат Жақияұлы Алакөл ауданының қарапайым ғана тұрғыны. Өте ұлтжанды азамат десек, асыра мақтағанымыз емес. Бар тапқан таянғанын бала-шағасының игiлiгiне жұмсамай, осы «Хан Дойбы» ойынының аяғынан тiк тұруына көмектестi. Қазақтың Спорт және туризм академиясының вице-президентi, профессор, п.ғ.к, ҚР еңбек сiңiрген жаттықтырушысы Елемес Әлiмханов деген ағамыз да қолдау бiлдiруден жалығар емес. Сондай-ақ, республикамыздың мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхамед осы ойынды аса бағалап, ұлттық спорт түрлерiнiң қатарына енуiне көмек қолын созатындығын айтып өттi. Мырзатай Жолдасбеков ағамыз да қазақтың «Хан Дойбысына» жоғары баға бердi. Бұйыртса, қазақ «Хан Дойбысымен» қайта қауышатын болады. Әлi де бiраз уақыт керек. Әрине, бұл мемлекеттiң меншiгi, тұтас ұлттың құндылығы. Әйтсе де, бұл қазына басқа ұлттардың меншiгiне өтiп кетпестiгiне кiм кепiл? Сондықтан ертерек қамданған дұрыс болар. Бұл ретте ең бастысы «Хан Дойбының» ойын тәртiбiнде нағыз қазаққа тән иiс болуы тиiс. Бiрақ, дойбы тақтасында белгiленген ою-өрнектердi көрiп, ойын философиясына терең үңiлген адамға бұл қазақтың асыл мұрасы екендiгi айқайлап тұрады. Сол себептi, бiз бұл құндылықтан айрылып қалмас үшiн дойбы ойынын мемлекет өз меншiгiне алуы керек. Содан соң, оны БҰҰ шеңберiнде қорғап алуы қажет. Сол кезде ғана күдiктен айырылып, өзiмiздiң толыққанды ұлттық құндылығымыздың қатарына енгiзе аламыз.

Басында атап көрсеткендей, өзiмiзде барды өзгеге танытуымыз үшiн насихаттау жұмыстарын iштен бастауымыз қажет. Тiптi, қазiрден бастап қолға алсақ, нұр үстiне нұр болмақшы.

Мынау алдарыңыздағы кесте адамзат баласына әлi сыры мен қыры бейтаныс, құны өлшеусiз, бағасы баянды ата-бабаларымыздың асқақ ақыл-парасатынан қалған қасиеттi көздiң қарашығындай табылмас, таптырмас мол мұралардың бiрi. Қазақтың дана би дойбысының ең таңғажайыбы оның кестесiнде. Кесте «астрономиялық» жұлдыздық танымдардан бастап философия, экономика, ғылым, мәдениет, саясат, мемлекет құру жүйесi, демократия, капитализм секiлдi сан алуан саланы бiр тұғырға тоғыстырады. Хан дойбы баяғы бағзы заманнан бергi хандардың, билердiң, байлардың ел басқару, мемлекет құру жүйесiн сын тезiне түсiрiп сынайтын ақыл-парасаттың майданы етiп келгенiн көрсете отырып, осы құндылығымыз бұл күнде тағы да насихатталу қырынан жалғасын таппақ.

Кестедегi қазақтың оюлары мен өрнек сызықтары қара көк түстi болып келедi де және ол ақ түстiң үстiне төселедi. Кесте бетiне тiгiлетiн ерсiлi-қарсылы үйлерi болады. Ол үйлер қазақтың түрлi-түстi оюларымен өрнектелген болып, биiктерi мен жүйрiктерiн, үлкендерi мен кiшiлерiн түстi оюлар және шаңырақтың түсi арқылы айырып, жүрiс шарттарына жүгiне отырып додаға түседi. Қазақтың дана би дойбысы балалар мен жасөспiрiмдердiң ақыл өрiсiнiң жетiлуiн тездетiп, амал, әдiс-тәсiлдерiнiң дамуына жол ашады. Ендi, мәдени мұра бағдарламасына сәйкес мемлекет тұрғысынан қаржылай қолдау табатын болса, көп ұзамай көпшiлiк өз үйiнде «Хан Дойбымен» жата жамбастап жатып танысатын болады.

Ақыл мәңгi билемек,

Өнер озып сүйремек.

Айтысып туған замандар -

Ерден езiң күйремек….

Жандос БАЙДІЛДА

Ұқсас материалдар