Қандастар Ассамблея

Ұлттық спорт: Қазақтың «Хан дойбысы»

18.03.2013 3759
Қазақтың ұлттық спорт түрлерiн санамалап бере аласыз ба? Қазақтың Хан дойбысы − ұлттық спорт түрінің бірі екендігінен хабарыңыз бар ма?  Аталмаш ойын түрінің елімізде дамуына үлес қосып жүрген Әнуар Қабдолдаұлымен ұйым құрып, ойынға арнайы патент алуға себебін тигізген Қайрат Жақияұлы дейтін талдықорғандық азамат.  Бұл ойынның тарихы тым тереңде жатыр. Айталық, Алматы облысы Есік қаласы маңынан табылған «Алтын адамға» қазба жұмыстарын жүргізу барысында хан дойбысының ойын тастары табылған. Кигіз үй пішіндес тастар әртүрлі қазақы ою-өрнектермен нақышталып, пілдің сүйегінен жасалынған екен. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар бұл тастардың қолданыста болған мерзімін үйсін мемлекетінің заманымен сайкестендіріп отыр. Хан дойбысы - ойынының ерекшелігі мұнда қазақ хандығының, демократиялық билік жүйесі ойын түрінде көрсетілген.  Жалпы дойбы ойыны - адамзат ақыл ойының жемісі. Адам өзінің мақсат-мүддесін іске асыру жолында төрт бұрышты шағын торкөз тақта ішіне саси көзқарастардың күресін салып қойған. ҰЛТТЫҚ СПОРТЫМЫЗДЫ ӨЗIМIЗ ТАНЫП БОЛМАЙ, ӨЗГЕГЕ НАСИХАТТАЙ АЛМАЙМЫЗ Бұйыртса, қазақтың ұлттық спорт түрлерiнiң қатарына тағы бiр спорт түрi қосылғалы отыр. Ол - қазақтың «Хан Дойбысы». Бұл спорт түрiн насихаттаушылардың сөзiне сүйенер болсақ, «Хан Дойбы» сонау ертеректе мемлекет тiзгiнiн ұстаған хандардың, билердiң арасында кең таралған ойын түрi екен. Қазiрде адамдар «шахмат», тоғызқұмалақ, нар секiлдi ойындарды тек уақыт өткiзу үшiн ойнайтындығын бiлемiз. Ал кезiнде хан, би секiлдi тұтас мемлекет тiзгiнiн қолына ұстаған бабаларымыз қазақтың дана би дойбысын тек ойын тұрғысынан емес, ел басқарудағы саяси құрал ретiнде де пайдаланған. Табылғанына көп уақыт болмаса да, хан дойбы ойыны қазақы мiнезiмен бiраз жанның жүрегiн жаулап та үлгердi. Бiрақ, әлi де болса бұқаралық сипат ала қойған жоқ. Бүгiнде осы ойын түрiн насихаттауға «Хан Дойбысын» дамыту ұйымы бiртiндеп кiрiсiп кеттi. Хан Дойбысын дамыту ұйымының төрағасы Қайрат Жақияұлы осы жоба барысында қаншама iстердi қиындықтарға қарамастан еңсерiп келедi. Ал, ұмыт қалған құндылықты қайта жаңғыртып, оны бүге-шүгесiне дейiн зерттеп келе жатқан - Хан дойбысын дамыту ұйымының атқарушы төрағасы Әнуар Қабдолдаұлы. Қазақтың «Хан Дойбысы» 2008 жылдың қаңтар айында ҚР Спорт және туризм министрлiгiнде қазақтың дәстүрлi ойын түрi болып танылды. «Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» дегендей, аяқ астынан мұндай құнды дүние қалайша қолымызға тие қалды деп ойлауыңыз мүмкiн. «Хан Дойбы» нағыз қазақтың төл ойыны болса, не себептi ғасырлар бойы өз иесiнен бөлiнiп келдi деген ойлардың да мазалауы мүмкiн Рас. Мұның барлығы орынды пiкiр, ойландыратын сұрақтар. Шахмат ойының қазiр әлем бiледi. Оның тарихына дейiн қазбалап айтып беруге болады. Бiрақ әңгiме шахмат емес, дойбы туралы болып отырғандықтан, бар бiлгенiмiздi iшiмiзде жасырып қалмағанымыз дұрыс-ақ әбден. Жандос БАЙДIЛДА

Қазақтың ұлттық спорт түрлерiн санамалап бере аласыз ба? Қазақтың Хан дойбысы − ұлттық спорт түрінің бірі екендігінен хабарыңыз бар ма?  Аталмаш ойын түрінің елімізде дамуына үлес қосып жүрген Әнуар Қабдолдаұлымен ұйым құрып, ойынға арнайы патент алуға себебін тигізген Қайрат Жақияұлы дейтін талдықорғандық азамат. 

Бұл ойынның тарихы тым тереңде жатыр. Айталық, Алматы облысы Есік қаласы маңынан табылған «Алтын адамға» қазба жұмыстарын жүргізу барысында хан дойбысының ойын тастары табылған. Кигіз үй пішіндес тастар әртүрлі қазақы ою-өрнектермен нақышталып, пілдің сүйегінен жасалынған екен. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар бұл тастардың қолданыста болған мерзімін үйсін мемлекетінің заманымен сайкестендіріп отыр.

Хан дойбысы - ойынының ерекшелігі мұнда қазақ хандығының, демократиялық билік жүйесі ойын түрінде көрсетілген.  Жалпы дойбы ойыны - адамзат ақыл ойының жемісі. Адам өзінің мақсат-мүддесін іске асыру жолында төрт бұрышты шағын торкөз тақта ішіне саси көзқарастардың күресін салып қойған.

ҰЛТТЫҚ СПОРТЫМЫЗДЫ ӨЗIМIЗ ТАНЫП БОЛМАЙ, ӨЗГЕГЕ НАСИХАТТАЙ АЛМАЙМЫЗ

Бұйыртса, қазақтың ұлттық спорт түрлерiнiң қатарына тағы бiр спорт түрi қосылғалы отыр. Ол - қазақтың «Хан Дойбысы». Бұл спорт түрiн насихаттаушылардың сөзiне сүйенер болсақ, «Хан Дойбы» сонау ертеректе мемлекет тiзгiнiн ұстаған хандардың, билердiң арасында кең таралған ойын түрi екен. Қазiрде адамдар «шахмат», тоғызқұмалақ, нар секiлдi ойындарды тек уақыт өткiзу үшiн ойнайтындығын бiлемiз. Ал кезiнде хан, би секiлдi тұтас мемлекет тiзгiнiн қолына ұстаған бабаларымыз қазақтың дана би дойбысын тек ойын тұрғысынан емес, ел басқарудағы саяси құрал ретiнде де пайдаланған. Табылғанына көп уақыт болмаса да, хан дойбы ойыны қазақы мiнезiмен бiраз жанның жүрегiн жаулап та үлгердi. Бiрақ, әлi де болса бұқаралық сипат ала қойған жоқ. Бүгiнде осы ойын түрiн насихаттауға «Хан Дойбысын» дамыту ұйымы бiртiндеп кiрiсiп кеттi. Хан Дойбысын дамыту ұйымының төрағасы Қайрат Жақияұлы осы жоба барысында қаншама iстердi қиындықтарға қарамастан еңсерiп келедi. Ал, ұмыт қалған құндылықты қайта жаңғыртып, оны бүге-шүгесiне дейiн зерттеп келе жатқан - Хан дойбысын дамыту ұйымының атқарушы төрағасы Әнуар Қабдолдаұлы. Қазақтың «Хан Дойбысы» 2008 жылдың қаңтар айында ҚР Спорт және туризм министрлiгiнде қазақтың дәстүрлi ойын түрi болып танылды. «Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» дегендей, аяқ астынан мұндай құнды дүние қалайша қолымызға тие қалды деп ойлауыңыз мүмкiн. «Хан Дойбы» нағыз қазақтың төл ойыны болса, не себептi ғасырлар бойы өз иесiнен бөлiнiп келдi деген ойлардың да мазалауы мүмкiн Рас. Мұның барлығы орынды пiкiр, ойландыратын сұрақтар. Шахмат ойының қазiр әлем бiледi. Оның тарихына дейiн қазбалап айтып беруге болады. Бiрақ әңгiме шахмат емес, дойбы туралы болып отырғандықтан, бар бiлгенiмiздi iшiмiзде жасырып қалмағанымыз дұрыс-ақ әбден.

Жандос БАЙДIЛДА

Ұқсас материалдар