Қандастар Ассамблея

Ақмоланың дамуына саудагерлердің қосқан үлесі зор

18.03.2013 2558
Қала халықтан құралады. Халықтың қалың нөпірі болған жерде сауда-саттық, алыс-беріс болады. Ақмола қаласында саудагерлер болды. Саудагерлер қаланың бетке ұстар адамдарына айналып, үлкен қызметке дейін өсті. Бірақ, халықты алдап, пайдаланған тұстары да болды. Саудагерлер табының маңыздылығын, Қалалық Думаның беделділері солардың ішінен сайланатын. Ең сыйлы саудагерлер қала басшылары, дәрежелі халықаралық төрешілер, тіпті, мектеп ұзтаздарының орнына тағайындалды. Осылай, тәжірибелі ұзтаз, саудагердің баласы П.В.Токарев ерлер училищесінде жұмыс істеп, революциядан кейін екінші дәрежелі мектепте сабақ берді. Бірақ, жиырмасыншы жылдардың соңында жаппай «идеологиялық тұрғыдан жат элементтерден» тазарту кезінде, Токаревті «саудагерлер тегінен» шыққаны үшін жұмыстан қуады.   Өкінішке орай, барлық саудагерлер тарихта «жарқын» із қалдырмады. 1893 «Степной край» газетінің тілшісі, Ақмолалық саудагерлер жергілікті халықтың аңқаулығы мен сенгіштігін пайдаланып, оларды алдап, жалған ақшалар төлеген деп жазады. Дегенмен дәл осы басылымда кейіннен саудагерлер  «рухани қатынаста» дамып, әділ бизнеске өтіп қана қоймай, он тоғызыншы ғасырдың соңында сәнге айналған меценаттықпен айналысуды бастаған. Көптеген саудагерлер қоғамдық қажеттіліктерге қомақты қаржыларын жұмсаған. Мысалы, 1876 жылы құрылғаннан бастап келіншектер училищесі қала басшысының үйінде орналасады.  Саудагер В.Н.Попов Александр-Нвскидің церковін салу үшін жеті жүз мың күйдірілген кірпішін қайырымдылыққа жұмсаса, П.С.Марфутин өз қаражатына осы церковтің темір қоршауымен қоңыраулардың толық жинағын алып береді. Саудагер Путилов қалалық орман шаруашылығын дамытуға үлес қосқан. Нұрмұхаммед (Нұркей) Забиров Ақмоладағы тері базарының  6600 рубль сомасындағы үлкен корпустың иесі, мал шаруашылығымен айналысатын ірі кәсіпкер болды. Жетім балалар үйін салу бастамасын осы кісі ең алғаш болып қолға лаған. Забиров сонымен қатар, қазірде Абай мен Республика проспектілерінде орналасқан,  екінші қалалық «татар» немесе «көк» мешітті салдырды. Ал мешіттің екі атауы: біріншісі, салдырған Забироа татар болғандықтан, екіншісі, күмбезі көк түспен боял соң осылай аталып кеткен. Он тоғызыншы ғасырдың соңында ұзақ уақыт Пионерлер Сарайы қолданған ағаш мешіттің қалдықтарын бұзып, алып тастаған. Саудагер адамдар ең ірі деген құрылыс нысандарының жобалауына және Ақмоланың тұрғызылуына ат салысуға тырысты. Дереккөзі: Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған портал

Қала халықтан құралады. Халықтың қалың нөпірі болған жерде сауда-саттық, алыс-беріс болады. Ақмола қаласында саудагерлер болды. Саудагерлер қаланың бетке ұстар адамдарына айналып, үлкен қызметке дейін өсті. Бірақ, халықты алдап, пайдаланған тұстары да болды.
Саудагерлер табының маңыздылығын, Қалалық Думаның беделділері солардың ішінен сайланатын. Ең сыйлы саудагерлер қала басшылары, дәрежелі халықаралық төрешілер, тіпті, мектеп ұзтаздарының орнына тағайындалды. Осылай, тәжірибелі ұзтаз, саудагердің баласы П.В.Токарев ерлер училищесінде жұмыс істеп, революциядан кейін екінші дәрежелі мектепте сабақ берді. Бірақ, жиырмасыншы жылдардың соңында жаппай «идеологиялық тұрғыдан жат элементтерден» тазарту кезінде, Токаревті «саудагерлер тегінен» шыққаны үшін жұмыстан қуады.  
Өкінішке орай, барлық саудагерлер тарихта «жарқын» із қалдырмады. 1893 «Степной край» газетінің тілшісі, Ақмолалық саудагерлер жергілікті халықтың аңқаулығы мен сенгіштігін пайдаланып, оларды алдап, жалған ақшалар төлеген деп жазады. Дегенмен дәл осы басылымда кейіннен саудагерлер  «рухани қатынаста» дамып, әділ бизнеске өтіп қана қоймай, он тоғызыншы ғасырдың соңында сәнге айналған меценаттықпен айналысуды бастаған.
Көптеген саудагерлер қоғамдық қажеттіліктерге қомақты қаржыларын жұмсаған. Мысалы, 1876 жылы құрылғаннан бастап келіншектер училищесі қала басшысының үйінде орналасады.  Саудагер В.Н.Попов Александр-Нвскидің церковін салу үшін жеті жүз мың күйдірілген кірпішін қайырымдылыққа жұмсаса, П.С.Марфутин өз қаражатына осы церковтің темір қоршауымен қоңыраулардың толық жинағын алып береді. Саудагер Путилов қалалық орман шаруашылығын дамытуға үлес қосқан.
Нұрмұхаммед (Нұркей) Забиров Ақмоладағы тері базарының  6600 рубль сомасындағы үлкен корпустың иесі, мал шаруашылығымен айналысатын ірі кәсіпкер болды. Жетім балалар үйін салу бастамасын осы кісі ең алғаш болып қолға лаған. Забиров сонымен қатар, қазірде Абай мен Республика проспектілерінде орналасқан,  екінші қалалық «татар» немесе «көк» мешітті салдырды. Ал мешіттің екі атауы: біріншісі, салдырған Забироа татар болғандықтан, екіншісі, күмбезі көк түспен боял соң осылай аталып кеткен. Он тоғызыншы ғасырдың соңында ұзақ уақыт Пионерлер Сарайы қолданған ағаш мешіттің қалдықтарын бұзып, алып тастаған.
Саудагер адамдар ең ірі деген құрылыс нысандарының жобалауына және Ақмоланың тұрғызылуына ат салысуға тырысты.

Дереккөзі: Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған портал

Ұқсас материалдар