Қандастар Ассамблея

«Тот, майор и другие» комедиясы астаналықтарға ұсынылды (видео)

17.03.2013 2087
Астанадағы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында жаңа қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Комедия жанрындағы көрініс «Тот, майор и другие» деп аталады. Қойылым мажарлық белгілі драматург Иштван Эркеннің ғасыр тойына арналған. Бұралаңы көп өмір жолындағы сенім мен ізеттілік жайында сыр шертіліп, көрерменді қалың ойға батырады әрі күлдіреді. 2011 жылы еліміздің 20 жылдық Тәуелсіздігіне арналған мәдени шаралар шеңберінде аталмыш театр ұжымы Мажарстанда «Сұлтан Бейбарыс» қойылымын сахналаған. Мәдени танымдық шаралардың ұрпақ тәрбиесіне берері мол, дейді ұйымдастырушылар. Еркін ҚАСЕНОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: - Бүгінде сол Венгрия мен Қазақстанның мәдени байланыстарын нығайта түсу мақсатында Венгрияның белгілі драматургі, олардың театрының іргетасын қалаушы Иштван Эркеннің 100 жылдығына арнап, осы бір қойылымды Астанада, Қазақстанның көрермендеріне ұсынып отырмыз. Біздің қойылымдардың ішіндегі шоқтығы биік қойылымдардың бірі болады деп ойлаймын.

Астанадағы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында жаңа қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Комедия жанрындағы көрініс «Тот, майор и другие» деп аталады. Қойылым мажарлық белгілі драматург Иштван Эркеннің ғасыр тойына арналған. Бұралаңы көп өмір жолындағы сенім мен ізеттілік жайында сыр шертіліп, көрерменді қалың ойға батырады әрі күлдіреді. 2011 жылы еліміздің 20 жылдық Тәуелсіздігіне арналған мәдени шаралар шеңберінде аталмыш театр ұжымы Мажарстанда «Сұлтан Бейбарыс» қойылымын сахналаған. Мәдени танымдық шаралардың ұрпақ тәрбиесіне берері мол, дейді ұйымдастырушылар.

Еркін ҚАСЕНОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Бүгінде сол Венгрия мен Қазақстанның мәдени байланыстарын нығайта түсу мақсатында Венгрияның белгілі драматургі, олардың театрының іргетасын қалаушы Иштван Эркеннің 100 жылдығына арнап, осы бір қойылымды Астанада, Қазақстанның көрермендеріне ұсынып отырмыз. Біздің қойылымдардың ішіндегі шоқтығы биік қойылымдардың бірі болады деп ойлаймын.

Ұқсас материалдар