Қандастар Ассамблея

Наурыз мерекесіне арналған сурет көрмесі

17.03.2013 6301
Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыда суретші Жұмағазы Сағымбаев пен Жанар Пируджинидің көрмесі ашылды. Қылқалам шеберлері әртүрлі әдіспен салынған 70-тен аса туындыны көрермендерге ұсынған. Танымал суретші Жұмағазы Сағымбаевтың дүниетанымы кескіндеме, бейнелеу, мүсін, қолөнер жанрларында кең көрініс тапқан. Автор гратография тәсілін қолдана отырып та таңғажайып туындылар жасаған. Қылқалам шеберінің шоқтығы биік шығармаларының қатарын «Көк Тәңірі», «Көк бөрі», «Батыр», «Бақсы» тәрізді дүниелер толықтырып тұр. Ол  қазақтың этноәлеміне көбірек назар аударады. Қалам құдыреті арқылы өткен мен бүгінгі күнді бейнелеп, келешек жайлы да толғайды. Сондай-ақ көрмеде талантты суретші  Жанар Перуджинидің туындылары да көрнекті орын алған. Өнертанушылар оның шығаршылығындағы мерекелік жарқын көңіл-күй мен нәзік үйлесімді жоғары бағалайды. Суретшілер шығармаларының әрқайсысы өзіндік ерекшілігімен дараланады. Әйтсе де, суреттер көрмеде ортақ жарасымды жырлап тұр. Туындылардың барлығы қазақтың салт-дәстүрінен хабар беріп, сүйіспеншілік пен табиғат сұлулығын бейнелейді. Көңілге әдемі әсер сыйлап, сезімге қанат бітіреді. Жұмағазы САҒЫМБАЕВ, суретші: - Бұлар 1995 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі еңбегім. Жұмыстарымды сатқан жоқпын, керісінше оны жинап, көрермендерге әкеліп отырмын. Наурыз мейрамына қарсаңында жасап отырмыз. Бұл – еліміздің, жалпы түркі тілдес мұсылман халықтарының мейрамы. 24.kz

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыда суретші Жұмағазы Сағымбаев пен Жанар Пируджинидің көрмесі ашылды.

Қылқалам шеберлері әртүрлі әдіспен салынған 70-тен аса туындыны көрермендерге ұсынған. Танымал суретші Жұмағазы Сағымбаевтың дүниетанымы кескіндеме, бейнелеу, мүсін, қолөнер жанрларында кең көрініс тапқан. Автор гратография тәсілін қолдана отырып та таңғажайып туындылар жасаған.

Қылқалам шеберінің шоқтығы биік шығармаларының қатарын «Көк Тәңірі», «Көк бөрі», «Батыр», «Бақсы» тәрізді дүниелер толықтырып тұр. Ол  қазақтың этноәлеміне көбірек назар аударады. Қалам құдыреті арқылы өткен мен бүгінгі күнді бейнелеп, келешек жайлы да толғайды. Сондай-ақ көрмеде талантты суретші  Жанар Перуджинидің туындылары да көрнекті орын алған. Өнертанушылар оның шығаршылығындағы мерекелік жарқын көңіл-күй мен нәзік үйлесімді жоғары бағалайды. Суретшілер шығармаларының әрқайсысы өзіндік ерекшілігімен дараланады. Әйтсе де, суреттер көрмеде ортақ жарасымды жырлап тұр. Туындылардың барлығы қазақтың салт-дәстүрінен хабар беріп, сүйіспеншілік пен табиғат сұлулығын бейнелейді. Көңілге әдемі әсер сыйлап, сезімге қанат бітіреді.

Жұмағазы САҒЫМБАЕВ, суретші:

- Бұлар 1995 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі еңбегім. Жұмыстарымды сатқан жоқпын, керісінше оны жинап, көрермендерге әкеліп отырмын. Наурыз мейрамына қарсаңында жасап отырмыз. Бұл – еліміздің, жалпы түркі тілдес мұсылман халықтарының мейрамы.

24.kz

Ұқсас материалдар