Қандастар Ассамблея

Финляндияда Қазақстан елшілігі ашылады (видео)

15.03.2013 2311
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Финляндияда Қазақстанның елшілігі ашылады. Дипломатиялық ресми өкілдіктің салтанатты ашылуына ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Жанболат Үсенов мәлімдеді. Хельсинкиде Ерлан Ыдырысов әріптесі Эркки Туомиоя, ел Президенті Саули Нийнистё мен Еуропалық одақ істері және сыртқы сауда министрі Александр Ступпен кездеседі. Тараптар сауда және экономика мәселесін талқылайды. Ерлан Ыдырысов Швеция корольдігіне де іссапармен барады. Стокгольмде министр Карл Бильдтпен келіссөздер жүргізеді. Мақсат – Қазақстанға швециялық инвестициялар мен компанияларды тарту. Одан соң, министр Норвегия сыртқы істер министрімен кездеседі.   Жанболат ҮСЕНОВ, ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары: - Екі елдіңсыртқы саяси ведомство басшыларының кездесуі аясында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде ядролық қаруды таратпау мен қарусыздану, Ауғанстан мен Сириядағы ахуал талқыға салынбақ. Бұл кездесудің басты мақсаты – Қазақстанмен Норвегияның үкіметаралық комиссиясын іске қосуды көздейтін екі жақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Финляндияда Қазақстанның елшілігі ашылады.

Дипломатиялық ресми өкілдіктің салтанатты ашылуына ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Жанболат Үсенов мәлімдеді. Хельсинкиде Ерлан Ыдырысов әріптесі Эркки Туомиоя, ел Президенті Саули Нийнистё мен Еуропалық одақ істері және сыртқы сауда министрі Александр Ступпен кездеседі. Тараптар сауда және экономика мәселесін талқылайды. Ерлан Ыдырысов Швеция корольдігіне де іссапармен барады. Стокгольмде министр Карл Бильдтпен келіссөздер жүргізеді. Мақсат – Қазақстанға швециялық инвестициялар мен компанияларды тарту. Одан соң, министр Норвегия сыртқы істер министрімен кездеседі.  

Жанболат ҮСЕНОВ, ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары:

- Екі елдіңсыртқы саяси ведомство басшыларының кездесуі аясында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде ядролық қаруды таратпау мен қарусыздану, Ауғанстан мен Сириядағы ахуал талқыға салынбақ. Бұл кездесудің басты мақсаты – Қазақстанмен Норвегияның үкіметаралық комиссиясын іске қосуды көздейтін екі жақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою.

Ұқсас материалдар