Қандастар Ассамблея

Алматы облысында «STOP-Қылмыс» атты жастар акциясы өтті

15.03.2013 2570
Алматы облысында «STOP-Қылмыс» атты жастар акциясы өтті.  Талдықорған жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, облыстық жастар саясаты орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты, «Жасыл ел» облыстық филиалы мен жақында іргесі қаланған «Алматы облысының «Асар» еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігі Алматы облысы ІІД мен Талдықорған қаласы ІІБ бірлесе отырып, қала аймағында рейд жұмыстарын жүргізді. Жастар арасындағы құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастырудағы республикалық қоғамдық кампанияның тұжырымдамасын жүзеге асыру «STOP-Қылмыс» ұранымен өтті. Аталмыш рейдті ұйымдастырудағы басты мақсат – қоғамдық тәртіпті бұзушылармен кездесіп, олардың құқықтық сауатын ашу, арнайы ақпараттық буклеттерді табыстау арқылы жастар мен жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу. Іс шара барысында «Нұр Отан»ХДП Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Садық Әбдіқадіров алғы сөз айтты. Сон соң жастар саясаты орталығының директоры, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айдын Нұрмұхамбетов пен Алматы облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бәзиев сөз сөйлеп, жиналған қауымды заңға қайшы әрекеттер жасамауға шақырды.  Бес адамнан тұратын топтарға бөлінген ұйымдастырушылар мен қатысушылар қызмет көліктеріне мініп, бөлімше инспекторларымен бірге белгіленген бөлімшелерге кетті.  Акция барысында қаланың барлық аймағы толықтай қамтылып, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қала тұрғындарына арнайы буклеттер табысталды. BAQ.kz

Алматы облысында «STOP-Қылмыс» атты жастар акциясы өтті. 

Талдықорған жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, облыстық жастар саясаты орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты, «Жасыл ел» облыстық филиалы мен жақында іргесі қаланған «Алматы облысының «Асар» еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігі Алматы облысы ІІД мен Талдықорған қаласы ІІБ бірлесе отырып, қала аймағында рейд жұмыстарын жүргізді. Жастар арасындағы құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастырудағы республикалық қоғамдық кампанияның тұжырымдамасын жүзеге асыру «STOP-Қылмыс» ұранымен өтті.

Аталмыш рейдті ұйымдастырудағы басты мақсат – қоғамдық тәртіпті бұзушылармен кездесіп, олардың құқықтық сауатын ашу, арнайы ақпараттық буклеттерді табыстау арқылы жастар мен жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Іс шара барысында «Нұр Отан»ХДП Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Садық Әбдіқадіров алғы сөз айтты. Сон соң жастар саясаты орталығының директоры, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айдын Нұрмұхамбетов пен Алматы облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бәзиев сөз сөйлеп, жиналған қауымды заңға қайшы әрекеттер жасамауға шақырды. 

Бес адамнан тұратын топтарға бөлінген ұйымдастырушылар мен қатысушылар қызмет көліктеріне мініп, бөлімше инспекторларымен бірге белгіленген бөлімшелерге кетті. 
Акция барысында қаланың барлық аймағы толықтай қамтылып, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қала тұрғындарына арнайы буклеттер табысталды.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар