Қандастар Ассамблея

Шафердің музей-үйі

15.03.2013 2683
Музей 2001 жылы профессор, музыкатанушы, композитор Наум Григорьевич Шафердің жеке күйтабақтар коллекциясының негізінде ашылды. 27000 күйтабақ (оның ішінен 2000 ауысымдық қордыкі) – бұл нағыз «тарихтың дауысты шежіресі». Онда IX мен XX ғасырдың аяғындағы музыкалық шығармалардың жазбалары, саяси қайраткерлердің, белгілі танымал әртістер мен ақындардың дауыстары, көптеген халықтың музыкасы бар. Коллекцияның ең бір нағыз қазынасы 14000 граммофондық және патефондық куйтабақтар/пластинкалар, ал олардың кейбіреуі бір-бір данадан ғана. Фонотекада граммофон, патефон және винил күйтабақтары көрсетіліп ұсынылған. Ең алғашқы граммофон күйтабақтарының жазылуы 1898 жылмен белгіленіп, олар «Пате» фирмасында жасалынған. Онда ескі орыс әндері, шіркеулік хор өлеңдері мен сол кездегі белгілі жетекші опера әншілері Шаляпиннің, Собиновтың, Нежданованың және тағы да басқалардың дауыстары бар. Коллекцияда жиырмасыншы ғасырдың басындағы патефон күйтабақтары - әлемдік классиканың ең бірінші жазбалары Глинка, Чайковский, Рахманинов, Бах, Моцарт, Гендель, Шопен, Верди, Мендельсонның шығармалары ұсынылған. Күйтабақтарда барлық «ғасырдың жылдамдықтары» ұсынылған. Олар сондай нәзік (сынып қалатын) жылдамдықтары минутына 33, 45, 78 айналыммен, тіпті кейбірі 90 айналыммен айналатын дыбыс жазатын «Граммофон», «Сирена Рекордз», «Парлафон», «Colambia», «Zonophon», «His master s voice», «Мелодия» және басқа да фирмалардың патефон және винил күйтабақтарында сақталған. Патефон күйтабақтарында қазақ халық әуендері, Ш.Қалдаяқов әндерінің, Е.Брусиловский мен А.Жұбановтың музыкасына жазылған алғашқы қазақ операларының жазбалары бар. Қазақ музыка бөлімінде ҚазССР халық артисі, қазақ операсының ең бірінші орындаушысы Күләш Байсейітованың орындауынды барлық әндердің жазбалары, сондай-ақ Жамал Омарова мен Роза Бағланованың орындауындағы ертеркетегі жазбалары бар. Қаламбаев пен Мұхитовтың орындауындағы «Кеңес» пен «Балбырауын» күйлері жазылған 1935 жылы шыққан күйтабақ қазақ бөлімінің бірегейлілігін белгісі. Қазақ музыкасы мен орындаушылар бөлімінде барлығы 500 күйтабақ бар . Олардың арасында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтің өлеңіне жазылған ән опералық әнші С.Лемешевтің орындауында да, қазіргі заманғы эстрадалық орындаушылардың орындауында бар. Күйтабақтар коллекциясында опералық әншілер Сергей Лемешевтің,Федор Шаляпиннің, эстрадалық әншілер Марк Бернес пен Клавдия Шульженконың, бард Булат Окуджаваның және тағы басқалардың орындауындағы жазбалар бар. Ерекше талғампаз есту қабылеті барларға нағыз тоба мен монғолдың кеңірдек өлеңін естуге болады. Күйтабақтарда спектакльдердің әдеби-драмалық дыбыс жазбалары, саяси қайраткерлердің, Гагарин мен Левитанның дауыстары бар. Жазбалардың дыбыс жолдарында құстардың сайрағаны, қоңыраудың даусын және де Құран сүрелерін естуге болады. Леонид Утёсов, Любовь Орлова, Евгений Евтушенко, Айман Мұсаходжаева, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, т.б. қолтаңбалары жазылған күйтабақтар жинақтамада ерекше орын алады. Музейдің 10 жылғы жұмысында 6 мың шығарма цифрленген. Фонотека материалдары бойынша 19 музейлік жоба дайындалған. Олар – Күләш Байсейітова мен Жамал Омарованың орындауындағы ең алғашқы жазбалар, бірінші қазақстандық бард Виктор Мильтоның орындауындағы павлодарлық ақындар Павел Васильев пен Нұтфолла Шәкеновтің өлеңдеріне жазылған әндер, Роберт Рождественскийдің өлеңдеріне жазылған әндер. «Шафердің музей-үйі» Ертістің Павлодар өңірінің тұрғындары, жастары мен аймақтың қонақтары үшін үлкен мәдени-ағартушылық жұмыс жүргізеді. Апта сайын, жұма күндері сағат 18.00-де музейдің концерт залында әдеби-музыкалық кештер, кездесулер ұйымдастырылып, тек қана «Шафердің музей-үйінің» қорында сақталған мүлдем ұмытылып кеткен сирек кездесетін музыканы тыңдайды. Кереғар пікірлерге қарамастан граммофондық жазбалар XXI ғасырда да музыкалық нарықтан кетпек емес. «Грампластинка – бұл ғажайып музыкалық музей. Музей қоры сарқылмас мол қазына». Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Музей 2001 жылы профессор, музыкатанушы, композитор Наум Григорьевич Шафердің жеке күйтабақтар коллекциясының негізінде ашылды. 27000 күйтабақ (оның ішінен 2000 ауысымдық қордыкі) – бұл нағыз «тарихтың дауысты шежіресі». Онда IX мен XX ғасырдың аяғындағы музыкалық шығармалардың жазбалары, саяси қайраткерлердің, белгілі танымал әртістер мен ақындардың дауыстары, көптеген халықтың музыкасы бар. Коллекцияның ең бір нағыз қазынасы 14000 граммофондық және патефондық куйтабақтар/пластинкалар, ал олардың кейбіреуі бір-бір данадан ғана.

Фонотекада граммофон, патефон және винил күйтабақтары көрсетіліп ұсынылған. Ең алғашқы граммофон күйтабақтарының жазылуы 1898 жылмен белгіленіп, олар «Пате» фирмасында жасалынған. Онда ескі орыс әндері, шіркеулік хор өлеңдері мен сол кездегі белгілі жетекші опера әншілері Шаляпиннің, Собиновтың, Нежданованың және тағы да басқалардың дауыстары бар.

Коллекцияда жиырмасыншы ғасырдың басындағы патефон күйтабақтары - әлемдік классиканың ең бірінші жазбалары Глинка, Чайковский, Рахманинов, Бах, Моцарт, Гендель, Шопен, Верди, Мендельсонның шығармалары ұсынылған.

Күйтабақтарда барлық «ғасырдың жылдамдықтары» ұсынылған. Олар сондай нәзік (сынып қалатын) жылдамдықтары минутына 33, 45, 78 айналыммен, тіпті кейбірі 90 айналыммен айналатын дыбыс жазатын «Граммофон», «Сирена Рекордз», «Парлафон», «Colambia», «Zonophon», «His master s voice», «Мелодия» және басқа да фирмалардың патефон және винил күйтабақтарында сақталған.

Патефон күйтабақтарында қазақ халық әуендері, Ш.Қалдаяқов әндерінің, Е.Брусиловский мен А.Жұбановтың музыкасына жазылған алғашқы қазақ операларының жазбалары бар. Қазақ музыка бөлімінде ҚазССР халық артисі, қазақ операсының ең бірінші орындаушысы Күләш Байсейітованың орындауынды барлық әндердің жазбалары, сондай-ақ Жамал Омарова мен Роза Бағланованың орындауындағы ертеркетегі жазбалары бар.

Қаламбаев пен Мұхитовтың орындауындағы «Кеңес» пен «Балбырауын» күйлері жазылған 1935 жылы шыққан күйтабақ қазақ бөлімінің бірегейлілігін белгісі.

Қазақ музыкасы мен орындаушылар бөлімінде барлығы 500 күйтабақ бар .

Олардың арасында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтің өлеңіне жазылған ән опералық әнші С.Лемешевтің орындауында да, қазіргі заманғы эстрадалық орындаушылардың орындауында бар. Күйтабақтар коллекциясында опералық әншілер Сергей Лемешевтің,Федор Шаляпиннің, эстрадалық әншілер Марк Бернес пен Клавдия Шульженконың, бард Булат Окуджаваның және тағы басқалардың орындауындағы жазбалар бар.

Ерекше талғампаз есту қабылеті барларға нағыз тоба мен монғолдың кеңірдек өлеңін естуге болады. Күйтабақтарда спектакльдердің әдеби-драмалық дыбыс жазбалары, саяси қайраткерлердің, Гагарин мен Левитанның дауыстары бар. Жазбалардың дыбыс жолдарында құстардың сайрағаны, қоңыраудың даусын және де Құран сүрелерін естуге болады. Леонид Утёсов, Любовь Орлова, Евгений Евтушенко, Айман Мұсаходжаева, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, т.б. қолтаңбалары жазылған күйтабақтар жинақтамада ерекше орын алады.

Музейдің 10 жылғы жұмысында 6 мың шығарма цифрленген. Фонотека материалдары бойынша 19 музейлік жоба дайындалған. Олар – Күләш Байсейітова мен Жамал Омарованың орындауындағы ең алғашқы жазбалар, бірінші қазақстандық бард Виктор Мильтоның орындауындағы павлодарлық ақындар Павел Васильев пен Нұтфолла Шәкеновтің өлеңдеріне жазылған әндер, Роберт Рождественскийдің өлеңдеріне жазылған әндер.

«Шафердің музей-үйі» Ертістің Павлодар өңірінің тұрғындары, жастары мен аймақтың қонақтары үшін үлкен мәдени-ағартушылық жұмыс жүргізеді.

Апта сайын, жұма күндері сағат 18.00-де музейдің концерт залында әдеби-музыкалық кештер, кездесулер ұйымдастырылып, тек қана «Шафердің музей-үйінің» қорында сақталған мүлдем ұмытылып кеткен сирек кездесетін музыканы тыңдайды. Кереғар пікірлерге қарамастан граммофондық жазбалар XXI ғасырда да музыкалық нарықтан кетпек емес. «Грампластинка – бұл ғажайып музыкалық музей. Музей қоры сарқылмас мол қазына».

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Ұқсас материалдар