Қандастар Ассамблея

Павлодар облыстық көркемсурет музейі

15.03.2013 3568
Павлодар облдыстық көркемсурет музейі 1964 жылы құрылды. Бұл Қазақстанда құрылған екінші көркемсурет музейі болды. Бұған дейін тек Алматыдағы Т. Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы ғана болды. 1965 жылдың 18 желтоқсанында музей келем деушілерге өз есігін айқара ашты. 40 жылғы жұмысында музейде кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының қайталанбас жинағы қалыптасты. Музей қорында 5500-ден астам экспонат бар. Жинақтаманың ең маңызды бөлігі – Республиканың кәсіби өнерінің қалыптасуы, дамуын түпкілікті бейнелейтін Қазақстан суретшілерінің еңбектері (ХХ ғасырдың басында салынған Н.Г. Хлудовтың пейзаждары, оның шәкірттері А. Бортниковтың, Н. Соловьевтың, Қазақстанның тұңғыш халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы). Сонымен қатар музей жинағында 1930-шы – 40-шы жылдары Қазақстанда жұмыс істеген көрнекті шеберлердің шығармалары өз орнын тапқан (А. Черкасский, В. Эйферт, Л. Леонтьев, П. Зальцман, С. Калмыков және т. б.). 1960-70-ші жылдар – Қазақстанда мықты ұлттық мектептің қалыптасқан уақыты. Осы кезде А. Ғалымбаеваның, Қ. Телжановтың, А. Степановтың, С. Айтбаевтың, Г. Исмаилованың, Е. Сидоркиннің, Ж. Шарденовтың және т. б. суреттері жазылды. 1980-90-шы жылдарда белсенді жұмыс істеген суретшілердің (Е. Төлепбаев, К. Моллашев, А. Карпыков, Р. Хальфин және т.б.) шығармалары да қызықты. Музей қорында Павлодардың алдыңғы қатарлы кәсіби суретшілері – Қ. Баймолдиннің, М. Колмогоровтың, Ғ. Қаржасовтың, П. Лысенконың, В. Мартынцевтың, А. Бибиннің, А. Гулиннің, Ө. Шурановтың, Ә. Игембаевтың және тағы басқаларының жұмыстары жинақталған. Павлодарда 1919 жылдан 1929 жылға дейін тұрған белгілі орыс суретшісі В. П. Батуриннің (1863-1938) картиналары жинақтаманың мақтанышы болып табылады. 1990-шы – 2000-шы жылдарың басында Қазақстанның көркем өмірінің қазіргі үрдістерін бейнелей отырып, Павлодар облыстық көркемсурет музейі коллекциясын кеңейтіп, өз дамуын жалғастырып келеді. Жыл сайын музей 15-тен астам экспозиция ұсынады. Бұл - музей қорларынан алынған дәстүрлі тақырыптық іріктемелері, павлодарлық суретшілердің есептік және жеке көрмелері, фотокөрмелер, «М*АРТ» жастар жобасының көрмелері, балалар суреттерінің көрмесі, алдыңғы қатарлы музейлердің жинақтарынан алынған көшпелі көрмелер. Музейде өткізілетін суретшілермен кездесулер, шеберлік сағаттаря, экскурсиялар, көркем-әдеби және музыкалық кештер, тұсаукесерлер мен бейнелеу өнері тарихы бойынша бейнефильм көрсетілімдері ерекше қызығушылық тудырады. Музей кеңес беру-сараптау қызметтерін де көрсетеді, қала және облыстың оқу орындары үшін білім беру бағдарламаларына белсенді ат салысады. Музей әріптестерінің ішінде тек Қазақстан музейлері мен галереялары ғана емес, сонымен қатар Омбы мен Новосібір музейлері, Британ Кеңесі, Гете Институты, Сорос-Алматы қазіргі заман өнер орталығы, Халықаралық «Ашық музей» қауымдастығы (ХАА), Ресей музейлерінің қауымдастығы (РМА) бар. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облдыстық көркемсурет музейі 1964 жылы құрылды. Бұл Қазақстанда құрылған екінші көркемсурет музейі болды. Бұған дейін тек Алматыдағы Т. Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы ғана болды. 1965 жылдың 18 желтоқсанында музей келем деушілерге өз есігін айқара ашты.

40 жылғы жұмысында музейде кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының қайталанбас жинағы қалыптасты. Музей қорында 5500-ден астам экспонат бар. Жинақтаманың ең маңызды бөлігі – Республиканың кәсіби өнерінің қалыптасуы, дамуын түпкілікті бейнелейтін Қазақстан суретшілерінің еңбектері (ХХ ғасырдың басында салынған Н.Г. Хлудовтың пейзаждары, оның шәкірттері А. Бортниковтың, Н. Соловьевтың, Қазақстанның тұңғыш халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы). Сонымен қатар музей жинағында 1930-шы – 40-шы жылдары Қазақстанда жұмыс істеген көрнекті шеберлердің шығармалары өз орнын тапқан (А. Черкасский, В. Эйферт, Л. Леонтьев, П. Зальцман, С. Калмыков және т. б.). 1960-70-ші жылдар – Қазақстанда мықты ұлттық мектептің қалыптасқан уақыты. Осы кезде А. Ғалымбаеваның, Қ. Телжановтың, А. Степановтың, С. Айтбаевтың, Г. Исмаилованың, Е. Сидоркиннің, Ж. Шарденовтың және т. б. суреттері жазылды. 1980-90-шы жылдарда белсенді жұмыс істеген суретшілердің (Е. Төлепбаев, К. Моллашев, А. Карпыков, Р. Хальфин және т.б.) шығармалары да қызықты. Музей қорында Павлодардың алдыңғы қатарлы кәсіби суретшілері – Қ. Баймолдиннің, М. Колмогоровтың, Ғ. Қаржасовтың, П. Лысенконың, В. Мартынцевтың, А. Бибиннің, А. Гулиннің, Ө. Шурановтың, Ә. Игембаевтың және тағы басқаларының жұмыстары жинақталған. Павлодарда 1919 жылдан 1929 жылға дейін тұрған белгілі орыс суретшісі В. П. Батуриннің (1863-1938) картиналары жинақтаманың мақтанышы болып табылады.

1990-шы – 2000-шы жылдарың басында Қазақстанның көркем өмірінің қазіргі үрдістерін бейнелей отырып, Павлодар облыстық көркемсурет музейі коллекциясын кеңейтіп, өз дамуын жалғастырып келеді.

Жыл сайын музей 15-тен астам экспозиция ұсынады. Бұл - музей қорларынан алынған дәстүрлі тақырыптық іріктемелері, павлодарлық суретшілердің есептік және жеке көрмелері, фотокөрмелер, «М*АРТ» жастар жобасының көрмелері, балалар суреттерінің көрмесі, алдыңғы қатарлы музейлердің жинақтарынан алынған көшпелі көрмелер.

Музейде өткізілетін суретшілермен кездесулер, шеберлік сағаттаря, экскурсиялар, көркем-әдеби және музыкалық кештер, тұсаукесерлер мен бейнелеу өнері тарихы бойынша бейнефильм көрсетілімдері ерекше қызығушылық тудырады. Музей кеңес беру-сараптау қызметтерін де көрсетеді, қала және облыстың оқу орындары үшін білім беру бағдарламаларына белсенді ат салысады. Музей әріптестерінің ішінде тек Қазақстан музейлері мен галереялары ғана емес, сонымен қатар Омбы мен Новосібір музейлері, Британ Кеңесі, Гете Институты, Сорос-Алматы қазіргі заман өнер орталығы, Халықаралық «Ашық музей» қауымдастығы (ХАА), Ресей музейлерінің қауымдастығы (РМА) бар.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Ұқсас материалдар