Қандастар Ассамблея

«Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпо

15.03.2013 8852
Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің негізі 1990 жылдың 1 ақпанында қаланып, 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылды. Музей экспозициясы 7 (жеті) залда орналасқан: халық ауыз әдебиеті залы, көне түркі жазбалар ескерткіші залы, Бұқар жырау залы, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, әдебиеттер достастығы залы, қазіргі заман әдебиеті залы, өнер залы. Қазіргі кезде музейде 47 мыңнан астам экспонат бар. Оның ішінде 13 071 жуығы түпнүсқа. Жыл сайын музейді 32 мың келуші тамашаласа, 110 астам бұқаралық іс-шара, 260 тақырыптық дәріс, 320 музейге шолу дәрісі мен 100 көрме өткізіледі. Мектеп оқушылары мен студенттерге Павлодар өңірінің ақын-жазушылары шығармашылығына арналған мектеп бағдарламасымен сәйкестендірілген 50 астам тақырыптық дәрістер жүргізіледі. Музей қорына көптеген бағалы жәдігерлер жинақталған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Всеволод Иванов, Антон Сорокин, Қошке Кемеңгеров, Қадыр Тайшықов, Дихан Әбілев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Зейін Шашкин, Қалижан Бекхожин, Әлкей Марғұлан, Рамазан Тоқтаров, Аманжол Шәмкенов, Қалмұқан Исабаев, Мүбәрак Жаманбалинов, Сәбит Дөнентаев т.б. ақын-жазушылардың, Жаяу Мұса, Естай Беркімбаев, Майра Шамсутдинова, Жұмат Шанин, Қамар Қасымов, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Қуат Әбусейітов, Суат Әбусейітов, Қали Байжанов т.б. өнер майталмандарының жеке заттары, жәдігерлері мен қолжазбалары, өздері жасаған заттары музейдің баға жетпес құнды қазыналары болып табылады. Экспонаты мол әрі әсерлі бұрыштардың бірі Всеволод Ивановтың кабинеті. Мұнда жазушының жеке заттары, кітап шкафы, жазу үстелі, орындығы мен бес үзбелі қоршау-шымылдығы т.б. бар. Шәкен Аймановтың апатқа ұшырағанда үстінде болған тоны, Иса Байзақовтың ауруханада жатқанда ұстаған шәйнегі, Жүсіпбек Аймауытовтың өз қолымен жасаған қағаз кесетін ағаш пышағы т.б. заттары, Қамар Қасымовтың Нұтфолла Шәкеновке жасап берген домбырасы, белгілі аспапкер Тоқбай Жұмағұловтың балалайкасы музейге келушілердің көзіне ыстық көрінетін, жүрекке ерекше әсер ететін мейлінше құнды жәдігерлер. Өз экспонаттары негізінде музей Баянауыл ауданында Жұмат Шаниннің, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Жаяу Мұса Байжановтың, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұражайларын, Ақтоғай ауданында Естай Беркімбаевтің, Шарбақты ауданында Мұзафар Әлімбаевтың, Ертіс ауданында Иса Байзақовтың мұражайларын ашты. Музей қызметкерлерінің күшімен М.Ж. Көпеев атындағы орталық мешіт пен қаланың орта мектептерінде (№ 7, 4, 41, 42 ОМ) ислам діні тарихы мұражайы ашылды. Жерлес ақын-жазушылардың, композиторлар мен мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығын таныту және насихаттау мақсатында музейде кездесу, шығармашылық және демалыс кештері, өлең оқушылар мен ән орындаушылардың облыстық және республикалық деңгейдегі байқаулары өткізіліп тұрады. Атап айтқанда, қалалық «Махаббат жыры» поэтикалық және прозалық шеберлік байқауы, Естай Ерботинді еске алуға арналған қалалық байқауын өткізу дәстүрге айналған. Музейде «Балалар үйі», «Музей күні» бағдарламалары сәтті жұмыс істеп, «Жауқазын», «Атамекен», «Таным» қазақ халқы салт-дәстүрлерін насихаттау жөніндегі дәрістер өткізіледі. Музейдің орналасқан үйі ескі сәулет бойынша 1897 жылы салынған, айшықты оюлармен көмкерілген мейлінше көрікті ағаш үй. Ресми делегациялар, қала мен облыс қонақтары музейге жиі келеді. Франция, Индия, Венгрия, Польша мемлекеттерінің елшілері, Жапония елшілігінің атташесі, Австрия, АҚШ, Қытай, Германия мен Польша елдерінен келген бизнесмендер музейді көріп, таң-тамаша болды. Музей қызметкерлері насихат жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді. Барлық ғылыми қызметкерлер екі тілде бірдей дәріс оқып, экскурсияларды да екі тілде қатар өткізуде. Сонымен қатар дарынды ақын-жазушыларды, өнер қайраткерлерін бұқара халыққа кеңінен насихаттау мақсатымен олар туралы мерзімді баспасөзде танымдық мақалалар жазып, теле-радиохабарлар беріп келеді. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің негізі 1990 жылдың 1 ақпанында қаланып, 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылды.

Музей экспозициясы 7 (жеті) залда орналасқан: халық ауыз әдебиеті залы, көне түркі жазбалар ескерткіші залы, Бұқар жырау залы, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, әдебиеттер достастығы залы, қазіргі заман әдебиеті залы, өнер залы.

Қазіргі кезде музейде 47 мыңнан астам экспонат бар. Оның ішінде 13 071 жуығы түпнүсқа. Жыл сайын музейді 32 мың келуші тамашаласа, 110 астам бұқаралық іс-шара, 260 тақырыптық дәріс, 320 музейге шолу дәрісі мен 100 көрме өткізіледі. Мектеп оқушылары мен студенттерге Павлодар өңірінің ақын-жазушылары шығармашылығына арналған мектеп бағдарламасымен сәйкестендірілген 50 астам тақырыптық дәрістер жүргізіледі.

Музей қорына көптеген бағалы жәдігерлер жинақталған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Всеволод Иванов, Антон Сорокин, Қошке Кемеңгеров, Қадыр Тайшықов, Дихан Әбілев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Зейін Шашкин, Қалижан Бекхожин, Әлкей Марғұлан, Рамазан Тоқтаров, Аманжол Шәмкенов, Қалмұқан Исабаев, Мүбәрак Жаманбалинов, Сәбит Дөнентаев т.б. ақын-жазушылардың, Жаяу Мұса, Естай Беркімбаев, Майра Шамсутдинова, Жұмат Шанин, Қамар Қасымов, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Қуат Әбусейітов, Суат Әбусейітов, Қали Байжанов т.б. өнер майталмандарының жеке заттары, жәдігерлері мен қолжазбалары, өздері жасаған заттары музейдің баға жетпес құнды қазыналары болып табылады.

Экспонаты мол әрі әсерлі бұрыштардың бірі Всеволод Ивановтың кабинеті. Мұнда жазушының жеке заттары, кітап шкафы, жазу үстелі, орындығы мен бес үзбелі қоршау-шымылдығы т.б. бар.

Шәкен Аймановтың апатқа ұшырағанда үстінде болған тоны, Иса Байзақовтың ауруханада жатқанда ұстаған шәйнегі, Жүсіпбек Аймауытовтың өз қолымен жасаған қағаз кесетін ағаш пышағы т.б. заттары, Қамар Қасымовтың Нұтфолла Шәкеновке жасап берген домбырасы, белгілі аспапкер Тоқбай Жұмағұловтың балалайкасы музейге келушілердің көзіне ыстық көрінетін, жүрекке ерекше әсер ететін мейлінше құнды жәдігерлер.

Өз экспонаттары негізінде музей Баянауыл ауданында Жұмат Шаниннің, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Жаяу Мұса Байжановтың, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұражайларын, Ақтоғай ауданында Естай Беркімбаевтің, Шарбақты ауданында Мұзафар Әлімбаевтың, Ертіс ауданында Иса Байзақовтың мұражайларын ашты. Музей қызметкерлерінің күшімен М.Ж. Көпеев атындағы орталық мешіт пен қаланың орта мектептерінде (№ 7, 4, 41, 42 ОМ) ислам діні тарихы мұражайы ашылды.

Жерлес ақын-жазушылардың, композиторлар мен мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығын таныту және насихаттау мақсатында музейде кездесу, шығармашылық және демалыс кештері, өлең оқушылар мен ән орындаушылардың облыстық және республикалық деңгейдегі байқаулары өткізіліп тұрады. Атап айтқанда, қалалық «Махаббат жыры» поэтикалық және прозалық шеберлік байқауы, Естай Ерботинді еске алуға арналған қалалық байқауын өткізу дәстүрге айналған. Музейде «Балалар үйі», «Музей күні» бағдарламалары сәтті жұмыс істеп, «Жауқазын», «Атамекен», «Таным» қазақ халқы салт-дәстүрлерін насихаттау жөніндегі дәрістер өткізіледі.

Музейдің орналасқан үйі ескі сәулет бойынша 1897 жылы салынған, айшықты оюлармен көмкерілген мейлінше көрікті ағаш үй. Ресми делегациялар, қала мен облыс қонақтары музейге жиі келеді. Франция, Индия, Венгрия, Польша мемлекеттерінің елшілері, Жапония елшілігінің атташесі, Австрия, АҚШ, Қытай, Германия мен Польша елдерінен келген бизнесмендер музейді көріп, таң-тамаша болды.

Музей қызметкерлері насихат жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді. Барлық ғылыми қызметкерлер екі тілде бірдей дәріс оқып, экскурсияларды да екі тілде қатар өткізуде. Сонымен қатар дарынды ақын-жазушыларды, өнер қайраткерлерін бұқара халыққа кеңінен насихаттау мақсатымен олар туралы мерзімді баспасөзде танымдық мақалалар жазып, теле-радиохабарлар беріп келеді.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Ұқсас материалдар