Қандастар Ассамблея

Астаналық параспортсмен жүзуден Әлем чемпионатында

15.03.2013 1772
Қазақстандықтар 8-10 наурызда Эсбьерг қаласында өткен Danish Open-2013 халықаралық турнирінде мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жоғары шеберліктерін көрсетті. Осы жылдың тамыз айында Канада мемлекетінде өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып табылатын турнирге он елден ең мықты спортшылар қатысты. Қазақстандық командада алты атлет, болса, олардың үшеуі елордалық «Қайсар» клубының тәрбиеленушілері. Балалар барлығы 23 медальге ие болды. Олардың 9-ы алтын, 11-і күміс, 3-еуі қола медаль. Сонымен қатар, іріктеу кезеңінің барлық нормативтерін орындаған астаналық Әнуар Ахметов пен Жамбыл облысының өкілі Зульфия Ғабидуллина  әлем чемпионатына жолдама  алды. Көзінен мүгедек 20 жасар Әнуар Ахметов бірнеше жыл қатарынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Бұл жолы ол 50 және 100 м қашықтыққа  жүгіріп, топ жарды. S-12 еркін класында 50 м арқасымен жылжып, 200 метрді бағындырды. Ол осы жерден төрт алтын алған болатын. Сонымен қоса оның қоржынында үш күміс медаль бар екендігін де айтқан жөн.    «Қайсар» клубының тағы бір өкілі Михаил Еременко S-6 класында (СПОДА) арқасымен жылжуда 100 метрлік қашықтықта екі рет екінші болып келді.  Осы санатта өнер көрсететін Сиязбек Дәлиев Даниядан қола жүлде алып келді.  Астана қаласындағы «Қайсар» спорт клубының аға жаттықтырушысы, жүзуден ҚР Еңбек сіңірген шебері Владимир Загороднийдің айтуынша,  турнирде бәсекелестік өте үлкен болған. Сондықтан бұл медальдерге біздің спортшылар бар күші мен ынта-жігерлерін сарқа қол жеткізген. «Бәсекелестердің барлығы Параолимпиада ойындарының жүлдегерлері болды. Соған қарамастан біздің спортшылар жоғары шеберлік көрсетіп, алға шықты», - дейді Владимир Кириллович.    Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Қазақстандықтар 8-10 наурызда Эсбьерг қаласында өткен Danish Open-2013 халықаралық турнирінде мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жоғары шеберліктерін көрсетті. Осы жылдың тамыз айында Канада мемлекетінде өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып табылатын турнирге он елден ең мықты спортшылар қатысты. Қазақстандық командада алты атлет, болса, олардың үшеуі елордалық «Қайсар» клубының тәрбиеленушілері. Балалар барлығы 23 медальге ие болды. Олардың 9-ы алтын, 11-і күміс, 3-еуі қола медаль.

Сонымен қатар, іріктеу кезеңінің барлық нормативтерін орындаған астаналық Әнуар Ахметов пен Жамбыл облысының өкілі Зульфия Ғабидуллина  әлем чемпионатына жолдама  алды.

Көзінен мүгедек 20 жасар Әнуар Ахметов бірнеше жыл қатарынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Бұл жолы ол 50 және 100 м қашықтыққа  жүгіріп, топ жарды. S-12 еркін класында 50 м арқасымен жылжып, 200 метрді бағындырды. Ол осы жерден төрт алтын алған болатын. Сонымен қоса оның қоржынында үш күміс медаль бар екендігін де айтқан жөн.   

«Қайсар» клубының тағы бір өкілі Михаил Еременко S-6 класында (СПОДА) арқасымен жылжуда 100 метрлік қашықтықта екі рет екінші болып келді.  Осы санатта өнер көрсететін Сиязбек Дәлиев Даниядан қола жүлде алып келді. 

Астана қаласындағы «Қайсар» спорт клубының аға жаттықтырушысы, жүзуден ҚР Еңбек сіңірген шебері Владимир Загороднийдің айтуынша,  турнирде бәсекелестік өте үлкен болған. Сондықтан бұл медальдерге біздің спортшылар бар күші мен ынта-жігерлерін сарқа қол жеткізген. «Бәсекелестердің барлығы Параолимпиада ойындарының жүлдегерлері болды. Соған қарамастан біздің спортшылар жоғары шеберлік көрсетіп, алға шықты», - дейді Владимир Кириллович.   

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар