Қандастар Ассамблея

Қарағандының тәртіп сақшылары мен студенттері бірлесіп «Есірткісіз өмір» акциясын өткізд

14.03.2013 2420
Қарағанды облысы ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері мен Қарағанды медицина академиясының студенттері жиналып, «Есірткісіз өмір» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз-қызметі мәлімдеді.   Іс шара Қарағанды облысы ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастамасымен, ЖОО ректораты мен жоғарғы курс студенттерінің қолдауымен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында болашақ нарколог, токсиколог мамандар есірткіге тәуелді азаматтарды емдеуге қатысты мәселелерді қызу талқыға салды. «Әлемде бұл індетпен күресудің жаңа әдістері мен тәсілдері іздестірілуде. Қарағанды студенттері бұл әдіс-тәсілдерді егжей-тегжейлі зерттеп, бұдан да тиімдісін табуды мақсат етіп отыр. Есірткіге тәуелді азаматтарды емдеуде жаңа инновациялық тәсілдерді қолдану қажеттігі де сөз болды»,-деді баспасөз-қызметінде.   Сондай-ақ, нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Нашақорлық. Қысқа ғұмырдың ұзақ өлімі» атты деректі фильм көрсетілді. Фильмді жиналған студенттер мен оқытушылар қауымы тамашалап, көрсетілім соңы пікір-таласқа ұласты. Іс шара соңында Қарағанды медицина академиясының студенттері «Есірткіге жоқ деп айт» логотипі бар жейделер киіп, қала көшелеріне шықты. Нашақорлықтың зияны жайлы баяндап, өтіп бара жатқан адамдарға арнайы буклеттер мен ескертпе кітапшалар табыстады. BAQ.kz

Қарағанды облысы ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері мен Қарағанды медицина академиясының студенттері жиналып, «Есірткісіз өмір» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз-қызметі мәлімдеді.  

Іс шара Қарағанды облысы ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастамасымен, ЖОО ректораты мен жоғарғы курс студенттерінің қолдауымен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында болашақ нарколог, токсиколог мамандар есірткіге тәуелді азаматтарды емдеуге қатысты мәселелерді қызу талқыға салды.

«Әлемде бұл індетпен күресудің жаңа әдістері мен тәсілдері іздестірілуде. Қарағанды студенттері бұл әдіс-тәсілдерді егжей-тегжейлі зерттеп, бұдан да тиімдісін табуды мақсат етіп отыр. Есірткіге тәуелді азаматтарды емдеуде жаңа инновациялық тәсілдерді қолдану қажеттігі де сөз болды»,-деді баспасөз-қызметінде.
 

Сондай-ақ, нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Нашақорлық. Қысқа ғұмырдың ұзақ өлімі» атты деректі фильм көрсетілді. Фильмді жиналған студенттер мен оқытушылар қауымы тамашалап, көрсетілім соңы пікір-таласқа ұласты.

Іс шара соңында Қарағанды медицина академиясының студенттері «Есірткіге жоқ деп айт» логотипі бар жейделер киіп, қала көшелеріне шықты. Нашақорлықтың зияны жайлы баяндап, өтіп бара жатқан адамдарға арнайы буклеттер мен ескертпе кітапшалар табыстады.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар