Қандастар Ассамблея

VI Астана экономикалық форумына 60 елден 1000-нан астам делегат қатысады

14.03.2013 1928
VI Астана экономикалық форумына 60 елден 1000-нан астам делегат қатысады. Бұл туралы BNews.kz тілшісі Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. «Жыл сайын форум қатысушыларының саны ғана емес, көтерілетін маңызды экономикалық мәселелердің де қатары артып келеді. Атап айтсақ, алғашқы АЭФ-ға небәрі 40 мемлекеттен, 4 панельдік сессияға 500 адам келген болса, V АЭФ-қа 100 елдің өкілі Астанаға табан тіреді», - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында. 22-24 мамыр күндері өтетін VI АЭФ-қа 60 елден 1000-нан астам делегат қатысады. «Нобель сыйлығының 10 лауреаты, 40-тан аса іскер корпорацияның басшысы, 11 мемлекет және үкімет басшысы, 15 министр мен Орталық банк басқарушылары, халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады», -делінген баспасөз хабарламасында. Диана Құлмағанбетова

VI Астана экономикалық форумына 60 елден 1000-нан астам делегат қатысады. Бұл туралы BNews.kz тілшісі Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Жыл сайын форум қатысушыларының саны ғана емес, көтерілетін маңызды экономикалық мәселелердің де қатары артып келеді. Атап айтсақ, алғашқы АЭФ-ға небәрі 40 мемлекеттен, 4 панельдік сессияға 500 адам келген болса, V АЭФ-қа 100 елдің өкілі Астанаға табан тіреді», - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

22-24 мамыр күндері өтетін VI АЭФ-қа 60 елден 1000-нан астам делегат қатысады. «Нобель сыйлығының 10 лауреаты, 40-тан аса іскер корпорацияның басшысы, 11 мемлекет және үкімет басшысы, 15 министр мен Орталық банк басқарушылары, халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады», -делінген баспасөз хабарламасында.

Диана Құлмағанбетова

Ұқсас материалдар