Қандастар Ассамблея

Республикалық IV олимпиада басталды (видео)

14.03.2013 2612
«Білімді ұрпақ – ұлт болашағы». Талдықорғанда мектеп оқушыларының республикалық IV олимпиадасы басталды. Биыл пәндік олимпиада республиканың екі қаласында өтеді. Біріншісі – жаратылыстану мен математика пәндері бойынша Талдықорғанда ұйымдастырылса, ал екіншісі – гуманитарлық пәндер бойынша Тараз қаласында өтеді. Талдықорғандағы олимпиадаға республиканың әр аймағынан 661 оқушы қатысып, білімдерін сынап жатыр. Республикалық сайысқа бұған дейін аудандық, облыстық байқауларда топ жарған оқушылар қатысуда. Жеңімпаздар наурыздың 18-інде анықталады. Шолпан ҚИРАБАЕВ, Республикалық «Дарын» орталығының директоры: - Олимпиада ерекше жүйеде өтуде. Бірінші рет Назарбаев зияткерлік мектебі базасында өткізіледі. Эксперимент базасын, лабораториясын тексердік, барлығы өте жақсы. Жеңімпаздар 1, 2, 3-дәрежелі диплом алған оқушылар білім беру грантын алуда жеңілдіктер қарастырылады. Алтынжан СӘДУАҚАСОВА, «Дарын» ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі (ШҚО): - Біз биылды жеңістермен бастап келе жатырмыз. Оның ішінде 1-7 сыныптар арасында «Зерде» ғылыми жобалар сайсының қорытындысы бойынша  облысымыз 1-орынға ие болған. Жылымыздың жақсы басталғандықтан, осы олимпиададан жеңіспен ораламыз деп үметтенеміз.

«Білімді ұрпақ – ұлт болашағы». Талдықорғанда мектеп оқушыларының республикалық IV олимпиадасы басталды.

Биыл пәндік олимпиада республиканың екі қаласында өтеді. Біріншісі – жаратылыстану мен математика пәндері бойынша Талдықорғанда ұйымдастырылса, ал екіншісі – гуманитарлық пәндер бойынша Тараз қаласында өтеді. Талдықорғандағы олимпиадаға республиканың әр аймағынан 661 оқушы қатысып, білімдерін сынап жатыр. Республикалық сайысқа бұған дейін аудандық, облыстық байқауларда топ жарған оқушылар қатысуда. Жеңімпаздар наурыздың 18-інде анықталады.

Шолпан ҚИРАБАЕВ, Республикалық «Дарын» орталығының директоры:

- Олимпиада ерекше жүйеде өтуде. Бірінші рет Назарбаев зияткерлік мектебі базасында өткізіледі. Эксперимент базасын, лабораториясын тексердік, барлығы өте жақсы. Жеңімпаздар 1, 2, 3-дәрежелі диплом алған оқушылар білім беру грантын алуда жеңілдіктер қарастырылады.

Алтынжан СӘДУАҚАСОВА, «Дарын» ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі (ШҚО):

- Біз биылды жеңістермен бастап келе жатырмыз. Оның ішінде 1-7 сыныптар арасында «Зерде» ғылыми жобалар сайсының қорытындысы бойынша  облысымыз 1-орынға ие болған. Жылымыздың жақсы басталғандықтан, осы олимпиададан жеңіспен ораламыз деп үметтенеміз.

Ұқсас материалдар