Қандастар Ассамблея

Табиғи байлығы мен жануарлар әлемі

14.03.2013 7252
Өңірдің басты табиғи байлығы — қарашірік. Бұл топырақтың физико-химиялық қасиеті, сондай-ақ онда органикалық және минералдық заттардың мол болуы облыс жерін Қазақстандағы таңдаулы ауылшаруашылығы жеріне жатқызуға мүмкіндік беріп отыр. Кең жазық жерде қарашіріктің мол болуы тың игеру кезінде оның көбін облыс аумағында жүргізуді айқындады. Облыс алуан түрлі өсімдіктерге бай. Гиоботаникте өңірімізде өсімдіктердің 700-дей түрін атап көрсетті. Сондай-ақ өсімдіктердің мыңнан астам түрі бар екендігі бұрыннан белгілі. Өлкеде күрделі гүлділердің 100-ден астам түрі және дәнді бұршақты, қалампыр өсімдіктерінің 30-дан 60-қа дейінгі түрі өседі. Қалға тұқымдастарда 10-20 түрлі өсімдік бар. Ақ қайыңды облыстың бетбейнесі деп атауға болады. Олардың биіктігі 10 -15 метрге жетеді. Ормандардың ара-арасында қайыңдар, көктеректер, тал, сондай-ақ шие мен итмұрын өседі. Оңтүстіктегі аласа тау бөктерлерінде және ұсақ шоқыларда қарағайлы ормандар көсіліп жатыр. Тау бөктеріндегі қарағай қайыңмен және көктерекпен араласып өседі. Аралдардағы тоғайлардың шөбі қалың, шоқылар мен ұсақ шоқыларда ақ селеу өседі. Жемазықтық құндылығы басым жоңышқа, беде және эспарцет сияқты шөп түрлері бар. Емдік өсімдіктер – қалақай, мыңжапырақ, бақбақ, төскейшөп, бүршікгүл, т.б толып жатыр. Қазіргі уақытта ерекше назар аударуды талап ететін саны аз, сирек кездесетін және құрып бара жатқан жүзге жуық өсімдік бар. Сирек ұшырасатындарының тізімінде шолпанкебіс пен дөңгелек жапырақты шықшөп бар. Бұларға қоса бұйра лалагүл, қызғылт боз, орман желайдары, үш жапырақты субеде, орыс секпілгүлі, Альпі қашқаргүлі, Сібір құртқашашы, қара бүлдірген, мойыл және басқалары қорғауды қажетсінеді. Облыстық әкімдіктегілердің айтуынша ботаникалық қорықтар мен табиғат ескерткіштерінің кеңейтілген желісі сирек өсімдіктерді сақтау мәселесін шеше алады. Өңірдің жануарлар әлемі барынша бай, омыртқалы жануардың 300-дей түрі мекендейді. Оның 40 түрі — сүт қоректілер, 210 түрі — құстар, 3 түрі бауырымен жорғалаушылар, 5 түрі — қосмекенділер, 30-дан астам түрі — құстар. Облыс аумағына келетін құстар мен аңдарды үш топқа біріктіруге болады. Біріншісі — тұрақты мекендейтін түрлері: бұлан, елік, борсық, түлкі, ұзақ, сауысқан, торғай, т.б. Екіншісі – ұя салуға ұшып келетін құстар. Әңгіме тырна, аққу, қаз, уйрек, шағала туралы болып отыр. Торғайлар сондай-ақ, тайга мен тундрада ұя салатын ақ тырна, қара ләйлек, ақ бас қаз, казарка осы топқа жатады. Облыс аумағының солтүстігіне немесе оңтүстігінен сая табатьш аңдар мен құстар тағы бір топты құрайды. Олардың біріншісі — сілеусін, поляр үкісі. суықторғай, екіншілері — сайғақ, көкқұтан, тырна және қызылтұмсық үйрек. Тың жердің жыртылуы қарсақ, суыр, сарышұнақ бөдене, қараторғай сияқты аң-құстардың санын азайтты. Тойымсыз аңшылық үйрек, құр сияқты құстарды күрт кемітті. Тіпті қасқырдың өзі сирек ұшырасады. Олар құрып кетпейді. Дегенмен биологиялық әр алуандылықгы сақтау қажетті табиғат қорғау шараларын жүргізуге тікелей байланысты. Бірқатар себептерге байланысты құрып кеткен құстар бар. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген аң-құстардың саны жиырманың үстіне шығып кетті. Олар: оңтүстік Орал сусары, ақку, ақ тырна, сұр тырна, тұрпан, тағы басқалары. Аң-құстардың жекелеген түрлері азайып немесе құрып бара жатса, Еуропаның бұғыларының, ондатрлардың, тиіндердің есебінен жануарлар көбейе түсті. Қазір жергілікгі жерлерде қабандар көп. Құндыз, енот иті, Еуропа қара күзені сияқты аңдар пайда бола бастады. Алайда мұның бәрі өңірдің биологиялық әр алуандығын сақтау жолындағы күрестен ешкімді де босатпайды.

Өңірдің басты табиғи байлығы — қарашірік. Бұл топырақтың физико-химиялық қасиеті, сондай-ақ онда органикалық және минералдық заттардың мол болуы облыс жерін Қазақстандағы таңдаулы ауылшаруашылығы жеріне жатқызуға мүмкіндік беріп отыр. Кең жазық жерде қарашіріктің мол болуы тың игеру кезінде оның көбін облыс аумағында жүргізуді айқындады.

Облыс алуан түрлі өсімдіктерге бай. Гиоботаникте өңірімізде өсімдіктердің 700-дей түрін атап көрсетті. Сондай-ақ өсімдіктердің мыңнан астам түрі бар екендігі бұрыннан белгілі. Өлкеде күрделі гүлділердің 100-ден астам түрі және дәнді бұршақты, қалампыр өсімдіктерінің 30-дан 60-қа дейінгі түрі өседі. Қалға тұқымдастарда 10-20 түрлі өсімдік бар.

Ақ қайыңды облыстың бетбейнесі деп атауға болады. Олардың биіктігі 10 -15 метрге жетеді. Ормандардың ара-арасында қайыңдар, көктеректер, тал, сондай-ақ шие мен итмұрын өседі. Оңтүстіктегі аласа тау бөктерлерінде және ұсақ шоқыларда қарағайлы ормандар көсіліп жатыр. Тау бөктеріндегі қарағай қайыңмен және көктерекпен араласып өседі. Аралдардағы тоғайлардың шөбі қалың, шоқылар мен ұсақ шоқыларда ақ селеу өседі.

Жемазықтық құндылығы басым жоңышқа, беде және эспарцет сияқты шөп түрлері бар. Емдік өсімдіктер – қалақай, мыңжапырақ, бақбақ, төскейшөп, бүршікгүл, т.б толып жатыр.

Қазіргі уақытта ерекше назар аударуды талап ететін саны аз, сирек кездесетін және құрып бара жатқан жүзге жуық өсімдік бар. Сирек ұшырасатындарының тізімінде шолпанкебіс пен дөңгелек жапырақты шықшөп бар. Бұларға қоса бұйра лалагүл, қызғылт боз, орман желайдары, үш жапырақты субеде, орыс секпілгүлі, Альпі қашқаргүлі, Сібір құртқашашы, қара бүлдірген, мойыл және басқалары қорғауды қажетсінеді. Облыстық әкімдіктегілердің айтуынша ботаникалық қорықтар мен табиғат ескерткіштерінің кеңейтілген желісі сирек өсімдіктерді сақтау мәселесін шеше алады.

Өңірдің жануарлар әлемі барынша бай, омыртқалы жануардың 300-дей түрі мекендейді. Оның 40 түрі — сүт қоректілер, 210 түрі — құстар, 3 түрі бауырымен жорғалаушылар, 5 түрі — қосмекенділер, 30-дан астам түрі — құстар.

Облыс аумағына келетін құстар мен аңдарды үш топқа біріктіруге болады. Біріншісі — тұрақты мекендейтін түрлері: бұлан, елік, борсық, түлкі, ұзақ, сауысқан, торғай, т.б. Екіншісі – ұя салуға ұшып келетін құстар. Әңгіме тырна, аққу, қаз, уйрек, шағала туралы болып отыр. Торғайлар сондай-ақ, тайга мен тундрада ұя салатын ақ тырна, қара ләйлек, ақ бас қаз, казарка осы топқа жатады. Облыс аумағының солтүстігіне немесе оңтүстігінен сая табатьш аңдар мен құстар тағы бір топты құрайды. Олардың біріншісі — сілеусін, поляр үкісі. суықторғай, екіншілері — сайғақ, көкқұтан, тырна және қызылтұмсық үйрек.

Тың жердің жыртылуы қарсақ, суыр, сарышұнақ бөдене, қараторғай сияқты аң-құстардың санын азайтты. Тойымсыз аңшылық үйрек, құр сияқты құстарды күрт кемітті.

Тіпті қасқырдың өзі сирек ұшырасады. Олар құрып кетпейді. Дегенмен биологиялық әр алуандылықгы сақтау қажетті табиғат қорғау шараларын жүргізуге тікелей байланысты. Бірқатар себептерге байланысты құрып кеткен құстар бар. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген аң-құстардың саны жиырманың үстіне шығып кетті. Олар: оңтүстік Орал сусары, ақку, ақ тырна, сұр тырна, тұрпан, тағы басқалары.

Аң-құстардың жекелеген түрлері азайып немесе құрып бара жатса, Еуропаның бұғыларының, ондатрлардың, тиіндердің есебінен жануарлар көбейе түсті. Қазір жергілікгі жерлерде қабандар көп. Құндыз, енот иті, Еуропа қара күзені сияқты аңдар пайда бола бастады.

Алайда мұның бәрі өңірдің биологиялық әр алуандығын сақтау жолындағы күрестен ешкімді де босатпайды.

Ұқсас материалдар