Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы

08.11.2012 8662
Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы – Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ол 1866 ж. жиырма бесінші наурызда бұрынғы Семей облысының Қарқаралы уезіне қарасты Тоқырауын болысының жетінші ауылында туған. 1894 ж. Санкт-Петербургтегі Орман институтын бітіргеннен кейін, Омбыдағы орман шаруашылығы училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасты. 1896 – 1903 ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. 1905 ж. «Халық бостандығы» (конституциялық-демократиялық) партиясының мүшелігіне, ал 1906 ж. оның Орталық комитеті құрамына енді. 1906 ж. Бөкейханов Бірінші Мемлекеттік думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды. 1906 ж. Омбыда шығатын кадеттік «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 ж. Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. Сол жылы Самараға жер аударылып, 1909 –17 ж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1912 – 17 ж. «Қазақ» газетін ұйымдастырып, оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді. 1917 ж. жиырмасыншы наурызда Уақытша үкіметтің Торғай облысы комиссары және Түркістан комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Оның жетекшілігімен 1917 ж. шілдеде Бірінші жалпықазақ съезі өткізіліп, «Алаш» партиясы құрылды. 1917 ж. бесінші – он үшінші желтоқсан күндері Орынборда жалпы қазақ съезі болып, қазақ облыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылданды. Жиырма бес орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ казактар мен патша генералдарының жағында болды. Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешірімнен кейін ол 1920 – 27 ж. Қазақ АКСР Егіншілік халық комиссариаты коллегиясының мүшесі, ұлттар істері жөніндегі Халық комиссариаты жанындағы Орталық баспаның (Мәскеу) ғылыми қызметкері, Ресей Ғылым академиясының ғылыми қызметкері болды. 1927 жылдың бірінші қазанынан бастап Мәскеуде, ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) орындарының бақылауында болды. 1937 ж. КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесіліп, сол жылы жиырма жетінші қыркүйекте Мәскеу қаласында қаза тапты. Бөкейханов қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын жан-жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі. Ол қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін, даму заңдылықтарын терең зерттеген және халықтың ауыз әдебиеті мұраларынан үлгі алмай ұлттық әдебиеттің өркендеуі мүмкін емес деп түсінген. Ол ауыз әдебиеті туындыларын жинауға көп күш салды. Сондай-ақ Бөкейханов тұңғыш абайтанушы ретінде Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға ат салысты. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын редакциялап, жинақтың 1909 ж. Санкт-Петербургте басылып шығуына ат салысты. Бөкейхановтың кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі – көркем аударма. Ол қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. Оның қаламынан шыққан мақалалар Санкт-Петербургтің «Сибирские вопросы», «Биржевые ведомости», «Новая жизнь» секілді басылымдарынан жиі көрініп тұрған. Бөкейхановтың атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасы әлі де жан-жақты талданып, зерттелуде.

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы – Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ол 1866 ж. жиырма бесінші наурызда бұрынғы Семей облысының Қарқаралы уезіне қарасты Тоқырауын болысының жетінші ауылында туған. 1894 ж. Санкт-Петербургтегі Орман институтын бітіргеннен кейін, Омбыдағы орман шаруашылығы училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасты. 1896 – 1903 ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. 1905 ж. «Халық бостандығы» (конституциялық-демократиялық) партиясының мүшелігіне, ал 1906 ж. оның Орталық комитеті құрамына енді. 1906 ж. Бөкейханов Бірінші Мемлекеттік думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды. 1906 ж. Омбыда шығатын кадеттік «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 ж. Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. Сол жылы Самараға жер аударылып, 1909 –17 ж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1912 – 17 ж. «Қазақ» газетін ұйымдастырып, оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді. 1917 ж. жиырмасыншы наурызда Уақытша үкіметтің Торғай облысы комиссары және Түркістан комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Оның жетекшілігімен 1917 ж. шілдеде Бірінші жалпықазақ съезі өткізіліп, «Алаш» партиясы құрылды. 1917 ж. бесінші – он үшінші желтоқсан күндері Орынборда жалпы қазақ съезі болып, қазақ облыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылданды. Жиырма бес орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ казактар мен патша генералдарының жағында болды. Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешірімнен кейін ол 1920 – 27 ж. Қазақ АКСР Егіншілік халық комиссариаты коллегиясының мүшесі, ұлттар істері жөніндегі Халық комиссариаты жанындағы Орталық баспаның (Мәскеу) ғылыми қызметкері, Ресей Ғылым академиясының ғылыми қызметкері болды. 1927 жылдың бірінші қазанынан бастап Мәскеуде, ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) орындарының бақылауында болды. 1937 ж. КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесіліп, сол жылы жиырма жетінші қыркүйекте Мәскеу қаласында қаза тапты.

Бөкейханов қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын жан-жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі. Ол қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін, даму заңдылықтарын терең зерттеген және халықтың ауыз әдебиеті мұраларынан үлгі алмай ұлттық әдебиеттің өркендеуі мүмкін емес деп түсінген. Ол ауыз әдебиеті туындыларын жинауға көп күш салды. Сондай-ақ Бөкейханов тұңғыш абайтанушы ретінде Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға ат салысты. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын редакциялап, жинақтың 1909 ж. Санкт-Петербургте басылып шығуына ат салысты. Бөкейхановтың кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі – көркем аударма. Ол қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. Оның қаламынан шыққан мақалалар Санкт-Петербургтің «Сибирские вопросы», «Биржевые ведомости», «Новая жизнь» секілді басылымдарынан жиі көрініп тұрған. Бөкейхановтың атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасы әлі де жан-жақты талданып, зерттелуде.

Ұқсас материалдар