Қандастар Ассамблея

2013 – Мұқан Төлебаев жылы

14.03.2013 2458
Қазақтың ұлы композиторларының бірі Мұқан Төлебаев 1913 жылы Алматы облысының Бөрлітөбе ауданындағы Қарашыған ауылында дүниеге келген. Ол осындағы орта мектепті бітіргенен кейін, Алматы педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Алайда оқу орынындағы алғашқы күнен бастап ол мұғалімдіктен гөрі, өнерге жаралған жан екендігін дәлелдейді. Мұқан Төлебаев студенттік кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады. Кейін Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1- слетіне қатысып, әншілігімен танылады. Бұл оның Мәскеу консерваториясы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түсіп, музыкалық білімін жетілдіруге мүмкіндік береді. Нұрғиян КЕТЕГЕНОВА, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры: - Мұқан Төлебаев – үлкен дарын иесі. Ол кісінің қандай шығармасын алып қарасақ та, қазақтың ұлттық ән өрнегінің нақышы байқалады. Мұқан Төлебаев өзінен кейінгі композиторлардың бәріне ұстаз болған адам. Мұқан Төлебаевтың қазақтың ән өнеріне қосқан үлесі ерекше. Аз ғана ғұмырында 100-ден аса өнер туындысын қалдырды. Сазгер халық әндерін өңдеп, олардың ел арасында танылуына өз үлесін қосты. Сондай-ақ қазақтың ұлттық шығармаларын опералық туындыға айналдырды. Бұл ретте Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсын айтуға болады. Карима САХАРБАЕВА, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері: - Консерватория мұндай ұлы тұлғаларды ұлықтауға, жастарға үлгі етуде жұмыс жасауда. Сондықтан бұл мерейтой да жақсы өтеді деп ойлаймын. Мұқан Төлебаев көптеген жыл басшылық қызмет атқарған. Ол 1955-1956 жылдары Абай атындағы академиялық опера және балет театрының директоры, 1959-60 жылдары Қазақстан Композиторлары одағының төрағасы болды. Роза ЖАМАНОВА, КСРО халық әртісі: - Мұқан Төлебаев туралы айтуға сөз жетпейді. Өйткені біздің жерімізде сондай ұлы адамның туғанына, оның адамгершілік қасиеттері, музыка саласында қалдырған мұрасы ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде қазақтың талантты композиторы Мұқан Төлебаевтың ғасырлық мерейтойы тек елімізде ғана емес, сонымен қатар түркі елдерінде де кең ауқыммен тойланғалы отыр. Оның 100 жылдығына орай «Түрксой» халықаралық ұйымы «2013 – Мұқан Төлебаев жылы» деп ресми түрде жариялады. Бұл хас дарын иесінің шығармаларын бауырлас елдерге таныстыруға, насихаттауға мол мүмкіндік. Авторлар: Ғайни Дәулетбаққызы, Сержан Жұмабаев  

Қазақтың ұлы композиторларының бірі Мұқан Төлебаев 1913 жылы Алматы облысының Бөрлітөбе ауданындағы Қарашыған ауылында дүниеге келген.

Ол осындағы орта мектепті бітіргенен кейін, Алматы педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Алайда оқу орынындағы алғашқы күнен бастап ол мұғалімдіктен гөрі, өнерге жаралған жан екендігін дәлелдейді. Мұқан Төлебаев студенттік кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады. Кейін Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1- слетіне қатысып, әншілігімен танылады. Бұл оның Мәскеу консерваториясы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түсіп, музыкалық білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Нұрғиян КЕТЕГЕНОВА, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры:

- Мұқан Төлебаев – үлкен дарын иесі. Ол кісінің қандай шығармасын алып қарасақ та, қазақтың ұлттық ән өрнегінің нақышы байқалады. Мұқан Төлебаев өзінен кейінгі композиторлардың бәріне ұстаз болған адам.

Мұқан Төлебаевтың қазақтың ән өнеріне қосқан үлесі ерекше. Аз ғана ғұмырында 100-ден аса өнер туындысын қалдырды. Сазгер халық әндерін өңдеп, олардың ел арасында танылуына өз үлесін қосты. Сондай-ақ қазақтың ұлттық шығармаларын опералық туындыға айналдырды. Бұл ретте Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсын айтуға болады.

Карима САХАРБАЕВА, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Консерватория мұндай ұлы тұлғаларды ұлықтауға, жастарға үлгі етуде жұмыс жасауда. Сондықтан бұл мерейтой да жақсы өтеді деп ойлаймын.

Мұқан Төлебаев көптеген жыл басшылық қызмет атқарған. Ол 1955-1956 жылдары Абай атындағы академиялық опера және балет театрының директоры, 1959-60 жылдары Қазақстан Композиторлары одағының төрағасы болды.

Роза ЖАМАНОВА, КСРО халық әртісі:

- Мұқан Төлебаев туралы айтуға сөз жетпейді. Өйткені біздің жерімізде сондай ұлы адамның туғанына, оның адамгершілік қасиеттері, музыка саласында қалдырған мұрасы ешқашан ұмытылмайды.

Бүгінде қазақтың талантты композиторы Мұқан Төлебаевтың ғасырлық мерейтойы тек елімізде ғана емес, сонымен қатар түркі елдерінде де кең ауқыммен тойланғалы отыр. Оның 100 жылдығына орай «Түрксой» халықаралық ұйымы «2013 – Мұқан Төлебаев жылы» деп ресми түрде жариялады. Бұл хас дарын иесінің шығармаларын бауырлас елдерге таныстыруға, насихаттауға мол мүмкіндік.

Авторлар: Ғайни Дәулетбаққызы, Сержан Жұмабаев

 

Ұқсас материалдар