Қандастар Ассамблея

Тарихи кітап жарық көрді (видео)

13.03.2013 2973
Өскемен қаласының тарихы жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Онда  шаһардың 1654 жылдан бастап 1918 жылға дейінгі тыныс-тіршілігі жайлы ақпараттар топтастырылған.  Шығармашылық топ 400 беттен тұратын кітапты шығаруға 5 жыл бойы дайындалған екен. Кітап авторлары «бұрын еш жерде жарық көрмеген қаланың оқиғалары жайлы көп ақпараттар жинадық»  дейді. Тағы бір айта кететін жайт, кітапта ескі құжаттар көп. Кітапты құрастырушылар әрбір көне фотосуретті өңдеуге аса қатты мән берген.  Кітап беттерінен Өскемен қаласының көне келбетін, ондағы тарихи,мәдени жерлерді көруге болады. Сонымен қатар 264 жыл ішінде қаланы қандай адамдардың басқарғаны, олардың енгізген тәртіптері мен жазбалары, халық саны, қай кәсіптің дамығаны туралы да мәліметтер бар. Әзірге аталған кітап 1000 дана болып шықты. Александр ХАРЛАМОВ, кітаптың бас редакторы: - Бұл кітап нағыз үй мұражайы деуге болады. Бұрын-соңды кездеспеген ақпараттарды оқисыз. Оның әр беті жаңалыққа толы. Сондықтан алдағы уақытта біз бұл кітапты ары қарай жалғастырамыз ба деген ойдамыз.

Өскемен қаласының тарихы жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Онда  шаһардың 1654 жылдан бастап 1918 жылға дейінгі тыныс-тіршілігі жайлы ақпараттар топтастырылған. 

Шығармашылық топ 400 беттен тұратын кітапты шығаруға 5 жыл бойы дайындалған екен.

Кітап авторлары «бұрын еш жерде жарық көрмеген қаланың оқиғалары жайлы көп ақпараттар жинадық»  дейді. Тағы бір айта кететін жайт, кітапта ескі құжаттар көп. Кітапты құрастырушылар әрбір көне фотосуретті өңдеуге аса қатты мән берген.  Кітап беттерінен Өскемен қаласының көне келбетін, ондағы тарихи,мәдени жерлерді көруге болады. Сонымен қатар 264 жыл ішінде қаланы қандай адамдардың басқарғаны, олардың енгізген тәртіптері мен жазбалары, халық саны, қай кәсіптің дамығаны туралы да мәліметтер бар. Әзірге аталған кітап 1000 дана болып шықты.

Александр ХАРЛАМОВкітаптың бас редакторы:

- Бұл кітап нағыз үй мұражайы деуге болады. Бұрын-соңды кездеспеген ақпараттарды оқисыз. Оның әр беті жаңалыққа толы. Сондықтан алдағы уақытта біз бұл кітапты ары қарай жалғастырамыз ба деген ойдамыз.

Ұқсас материалдар