Қандастар Ассамблея

Владимир Кличко Киевтің мэрі орынтағы үшін таласуы мүмкін

13.03.2013 2577
Украинаның «УДАР» партиясының лидері, кәсіпқой боксшы Владимир Кличкоға өзінің бауыры Владимир Кличкоға Киев қаласының мэрі орынтағына үміткер ретінде тіркелуді ұсынды. Бұл туралы Радикалдық партияның лидері, халық депутаты Олег Ляшконың сөзіне сүйенген korrespondent.net  хабарлады. «Украинаның саясатында әлі кландық жүйе кең етек алып тұр. Менің ақпаратым бойынша, «УДАР» партиясының көшбасшысы Виталий Кличко өзінің бауыры Владимирді өз партиясы атынан Киевтің мэрі қызметіне ұсынғалы жатқан көрінеді. Ал Виталийдың түпкі ойы президенттік болғандықтан, ол бұған өзі бара қоймайды. Бірақ астананы өзінің меншігіндегі қала санайды. Сол себепті де інісін осы қаланы басқаруға жібермекші болып отыр. Өйткені, бұл саяси күште өз фамилиясының рөл ойнап кететініне сенімді», - деді Ляшко (суретте) осыған орай. Бұдан басқа, саясаткер оппозиционердің мұндай шешімін қатты сынға алды. «Бұлай бола берген күнде, қазір Виктор Януковичтің баласы Киевті басқаруы керек пе?», - деді ол. «Менің Виталий Кличкодан оның неге отандық саясатты кландық жүйеге айналдыруға құштар екенін сұрағым келеді. Енді Кличконың қисыны бойынша келсек, Януковичтің баласы президент болуы керек болып шығады ғой», - деп түйіндеді халық депутаты сөзін. Егемен Қазақстан

Украинаның «УДАР» партиясының лидері, кәсіпқой боксшы Владимир Кличкоға өзінің бауыры Владимир Кличкоға Киев қаласының мэрі орынтағына үміткер ретінде тіркелуді ұсынды. Бұл туралы Радикалдық партияның лидері, халық депутаты Олег Ляшконың сөзіне сүйенген korrespondent.net  хабарлады.

«Украинаның саясатында әлі кландық жүйе кең етек алып тұр. Менің ақпаратым бойынша, «УДАР» партиясының көшбасшысы Виталий Кличко өзінің бауыры Владимирді өз партиясы атынан Киевтің мэрі қызметіне ұсынғалы жатқан көрінеді. Ал Виталийдың түпкі ойы президенттік болғандықтан, ол бұған өзі бара қоймайды. Бірақ астананы өзінің меншігіндегі қала санайды. Сол себепті де інісін осы қаланы басқаруға жібермекші болып отыр. Өйткені, бұл саяси күште өз фамилиясының рөл ойнап кететініне сенімді», - деді Ляшко (суретте) осыған орай.
Бұдан басқа, саясаткер оппозиционердің мұндай шешімін қатты сынға алды. «Бұлай бола берген күнде, қазір Виктор Януковичтің баласы Киевті басқаруы керек пе?», - деді ол. «Менің Виталий Кличкодан оның неге отандық саясатты кландық жүйеге айналдыруға құштар екенін сұрағым келеді. Енді Кличконың қисыны бойынша келсек, Януковичтің баласы президент болуы керек болып шығады ғой», - деп түйіндеді халық депутаты сөзін.

Егемен Қазақстан

Ұқсас материалдар