Қандастар Ассамблея

Өнертапқыштар өз ойларын толық жүзеге асыра алады

12.03.2013 2385
«Астана Innovations» АҚ Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өнертапқыштар арасында индустриалды-инновациялық жобаларды техникалық бизнес-инкубациялау байқауын жариялады. Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында өткізілген баспасөз мәслихатында «Астана Innovations» акционерлік қоғамының атқарушы директоры мәлім етті. «Жоба – жұмысын жаңа бастаған фирмаларға, олардың дамуының ерте кезеңінде қалыптасуына қолғабыс жасап, жобаны іске асыруға бағытталған іс-шараларға қаражат бөлу жолымен өнертапқыштарға инновациялық идеяларын іске асыруға қолдау көрсету», - дейді «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы» ММ бөлім бастығы Әсем Құсайынова. Жоба 2011 жылы республикалық деңгейде іске қосылды. Қазіргі кезде сәтті жүзеге асырылып келе жатқан жобаны өңірлерде кәдеге асыруды жоспарланып отыр. 2011 жылдан бері «Астана Innovations» акционерлік қоғамына 90 өтінім келіп түсіп, 90-ға тарта жоба жиналыпты. Олардың 13-ін сараптама кеңесі технологиялық бизнес-инкубациялауға ұсынылған. «Бұл жобалар экономика, ТКШ, медицина, энергетика, ауыл шаруашылығы және IT-технологиялар саласына қатысты», - деді «Астана Innovations» АҚ атқарушы директоры Есбай Нығмет. Жобаларды инкубациялау және басқару дивизионының бас менеджері Батырбек Дәуітбаевтың айтуынша, бизнес-инкубациялау екі кезеңнен тұрады: «Бірінші кезеңде индустриалды-инновациялық жобалар жиналып сараптама комиссиясының қарауына жіберіледі. Жиналған жобаларға осы салада тәжірибесі бар ірі компаниялар тәуелсіз сараптама жүргізеді. Сараптама кеңесі жобаның тиімділігін сараптай келе, оны қаржыландыру қажеттілігі туралы шешім шығарады. Бір айта кетер жағдай, Астана қаласымен қатар, республика бойынша барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар жобаларын ұсына алады. Бір ғана шарт, жоба Астана қаласының аумағында жүзеге асырылуы  тиіс. Екінші кезеңде жобаны іске асыруға бухгалтерлік, құқықтық, инфрақұрылымдық және жоба менеджерінің көмегі ұсынылады. «Астана Innovations» АҚ базасында жас старт-ап фирмалар өз жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін, аумағы 150 шаршы метр бизнес-инкубатор жұмыс істейді. Компьютерлік техника, интернет және басқа да қажетті техникамен жабдықталған инкубаторда өнертапқыш өз идеяларын жүзеге асыра алады», - дейді Батырбек Дәуітбаев. «Астана Innovations» АҚ базасында осы бизнес-инкубаторда отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен инновациялық менеджмент және жобаларды басқару негіздері жөнінде тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, тренингтер және дәрістер өткізіліп тұрады екен. Бұл шараларды өткізудегі мақсат – дарынды да жалынды жастарды өз идеяларын ортаға салып, оны коммерциаландыруға тарту болып табылады. Еске саламыз, өткен жылы осы жоба аясында Астана қаласындағы Назарбаев университетінің студенттері шыбын дернәсілдерінен құс азығын дайындайтын «Fly Farm» жобасын ұсынып, бірінші орынды жеңіп алған болатын. Қазіргі уақытта жоба авторлары Астана аумағында өз өндірісін ашып, жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Мекемеде өндірілетін құс азығына Қазақстанның әр өңірінен тапсырыстар түседі. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

«Астана Innovations» АҚ Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өнертапқыштар арасында индустриалды-инновациялық жобаларды техникалық бизнес-инкубациялау байқауын жариялады. Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында өткізілген баспасөз мәслихатында «Астана Innovations» акционерлік қоғамының атқарушы директоры мәлім етті.

«Жоба – жұмысын жаңа бастаған фирмаларға, олардың дамуының ерте кезеңінде қалыптасуына қолғабыс жасап, жобаны іске асыруға бағытталған іс-шараларға қаражат бөлу жолымен өнертапқыштарға инновациялық идеяларын іске асыруға қолдау көрсету», - дейді «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы» ММ бөлім бастығы Әсем Құсайынова.

Жоба 2011 жылы республикалық деңгейде іске қосылды. Қазіргі кезде сәтті жүзеге асырылып келе жатқан жобаны өңірлерде кәдеге асыруды жоспарланып отыр. 2011 жылдан бері «Астана Innovations» акционерлік қоғамына 90 өтінім келіп түсіп, 90-ға тарта жоба жиналыпты. Олардың 13-ін сараптама кеңесі технологиялық бизнес-инкубациялауға ұсынылған.

«Бұл жобалар экономика, ТКШ, медицина, энергетика, ауыл шаруашылығы және IT-технологиялар саласына қатысты», - деді «Астана Innovations» АҚ атқарушы директоры Есбай Нығмет.

Жобаларды инкубациялау және басқару дивизионының бас менеджері Батырбек Дәуітбаевтың айтуынша, бизнес-инкубациялау екі кезеңнен тұрады:

«Бірінші кезеңде индустриалды-инновациялық жобалар жиналып сараптама комиссиясының қарауына жіберіледі. Жиналған жобаларға осы салада тәжірибесі бар ірі компаниялар тәуелсіз сараптама жүргізеді. Сараптама кеңесі жобаның тиімділігін сараптай келе, оны қаржыландыру қажеттілігі туралы шешім шығарады. Бір айта кетер жағдай, Астана қаласымен қатар, республика бойынша барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар жобаларын ұсына алады. Бір ғана шарт, жоба Астана қаласының аумағында жүзеге асырылуы  тиіс.

Екінші кезеңде жобаны іске асыруға бухгалтерлік, құқықтық, инфрақұрылымдық және жоба менеджерінің көмегі ұсынылады. «Астана Innovations» АҚ базасында жас старт-ап фирмалар өз жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін, аумағы 150 шаршы метр бизнес-инкубатор жұмыс істейді. Компьютерлік техника, интернет және басқа да қажетті техникамен жабдықталған инкубаторда өнертапқыш өз идеяларын жүзеге асыра алады», - дейді Батырбек Дәуітбаев.

«Астана Innovations» АҚ базасында осы бизнес-инкубаторда отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен инновациялық менеджмент және жобаларды басқару негіздері жөнінде тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, тренингтер және дәрістер өткізіліп тұрады екен. Бұл шараларды өткізудегі мақсат – дарынды да жалынды жастарды өз идеяларын ортаға салып, оны коммерциаландыруға тарту болып табылады.

Еске саламыз, өткен жылы осы жоба аясында Астана қаласындағы Назарбаев университетінің студенттері шыбын дернәсілдерінен құс азығын дайындайтын «Fly Farm» жобасын ұсынып, бірінші орынды жеңіп алған болатын. Қазіргі уақытта жоба авторлары Астана аумағында өз өндірісін ашып, жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Мекемеде өндірілетін құс азығына Қазақстанның әр өңірінен тапсырыстар түседі.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар