Қандастар Ассамблея

Қанат Ислам кезекті кездесуін сәуір айында өткізеді

11.03.2013 2336
Қазақ боксшысы Қанат Ислам Флорида қаласына жетіп, жаттығу жұмыстарына қайта кірісті. Бұл туралы Қанаттың қазіргі менеджері Нелсон Мендес мәлімдеген.  Қанат қазір толық жаттығу бағдарламасына кірісті. Шаршы алаңға сәуір айында шығуы тиіс. Яғни, бір ай өз формасына келген соң боксшы WBC FedeCaribe атағын қорғау үшін кезекті кездесуін өткізеді. Қанаттың кезекті қарсыласы Панама немесе АҚШ елінің боксшысы болуы мүмкін. Қазір бірнеше боксшыға ұсыныс тастадық. Кей боксшылар бізге ұсынысын жіберді. Алдағы уақытта шешім шығарып, қарсыласымызды анықтаймыз. Сәуір айынан кейін мамырда да бірнеше кездесу өткізу жоспарда бар, – деді Мендес BAQ.kz

Қазақ боксшысы Қанат Ислам Флорида қаласына жетіп, жаттығу жұмыстарына қайта кірісті. Бұл туралы Қанаттың қазіргі менеджері Нелсон Мендес мәлімдеген. 

Қанат қазір толық жаттығу бағдарламасына кірісті. Шаршы алаңға сәуір айында шығуы тиіс. Яғни, бір ай өз формасына келген соң боксшы WBC FedeCaribe атағын қорғау үшін кезекті кездесуін өткізеді. Қанаттың кезекті қарсыласы Панама немесе АҚШ елінің боксшысы болуы мүмкін. Қазір бірнеше боксшыға ұсыныс тастадық. Кей боксшылар бізге ұсынысын жіберді. Алдағы уақытта шешім шығарып, қарсыласымызды анықтаймыз. Сәуір айынан кейін мамырда да бірнеше кездесу өткізу жоспарда бар, – деді Мендес

BAQ.kz

Ұқсас материалдар