Қандастар Ассамблея

Паниннің досы Тергеу комитеті рұқсат етсе, шындықты айтамын дейді

11.03.2013 1973
Жақында көз жұмған орыс актері Андрей Паниннің өліміне байланысты әртүрлі алып-қашпа әңгімелер жүр. Оның досы Геннадий Русиннің «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында Андрей Панин көз жұмбас бұрын қатты ауырып, отбасына жұқтырып алмас үшін бөлек пәтерге шыққан екен. Андрей Паниннің өлімі туралы алғаш хабар беріп, оның өлі денесін алғаш тапқан да осы Русин. «Ол вирус жұқтырып, балаларына залалын тигізіп алмас үшін бөлек пәтерге шықты», - дейді Русин. Сондай-ақ, Русин тергеу комитеті рұқсат етсе, Паниннің өліміне байланысты барлық шындықты айтамын деп отыр. Русин Панинге қастандық жасалуы мүмкін бе деген сұраққа жауап беруден бас тартты. «Әзірге тергеу жүріп жатқанда ешнәрсе айта алмаймын. Ғаламторда әртүрлі алып-қашпа әңгімелер жүріп жатыр. Бір шындық бар, Андрей ол кезде сап-сау болған» дейді Русин. Андрей Паниннің өлі денесі Мәскеудің оңтүстік-батыс бөлігіндегі пәтерден табылды. Мәліметтерге сүйенсек, оның өлімі ешқандай қылмыстық әрекетке жатпайды. Ол құлаған кезде көп қан жоғалтқан. Қазір тергеу комитеті қылмыстық іс қозғап, оның өліміне байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жақында көз жұмған орыс актері Андрей Паниннің өліміне байланысты әртүрлі алып-қашпа әңгімелер жүр. Оның досы Геннадий Русиннің «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында Андрей Панин көз жұмбас бұрын қатты ауырып, отбасына жұқтырып алмас үшін бөлек пәтерге шыққан екен. Андрей Паниннің өлімі туралы алғаш хабар беріп, оның өлі денесін алғаш тапқан да осы Русин.
«Ол вирус жұқтырып, балаларына залалын тигізіп алмас үшін бөлек пәтерге шықты», - дейді Русин. Сондай-ақ, Русин тергеу комитеті рұқсат етсе, Паниннің өліміне байланысты барлық шындықты айтамын деп отыр.
Русин Панинге қастандық жасалуы мүмкін бе деген сұраққа жауап беруден бас тартты.
«Әзірге тергеу жүріп жатқанда ешнәрсе айта алмаймын. Ғаламторда әртүрлі алып-қашпа әңгімелер жүріп жатыр. Бір шындық бар, Андрей ол кезде сап-сау болған» дейді Русин.
Андрей Паниннің өлі денесі Мәскеудің оңтүстік-батыс бөлігіндегі пәтерден табылды. Мәліметтерге сүйенсек, оның өлімі ешқандай қылмыстық әрекетке жатпайды. Ол құлаған кезде көп қан жоғалтқан. Қазір тергеу комитеті қылмыстық іс қозғап, оның өліміне байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұқсас материалдар